«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет7/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Ғылыми жұмыстың стилі мен тілі.

Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде стильдің 5 түрі:


o Ауызекі
o Публистикалық
o Әдеби
o Ғылыми
o Ресми іс-қағаздар.
Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі. Ғылыми стильдің өзіне тән түрлері де болады, олар: ▪ таза ғылыми стиль ▪ ғылыми-оқулық стилі ▪ ғылыми көпшілік стиль. Сонымен қатар, пәнді оқу арқылы өзін-өзі басқару, жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза блу , соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету сияқты дағдыларды қалыптастыруға болады
Сонымен ғылыми стиль: жазба стилінің бір түрі, логикалық оймен жазылуы тиіс, терминдер қолданылады. Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Өзге стильдермен ерекшелейтін қасиеттері: ✓ нақтылық ✓ обьективтілік ✓ қисындылық.


  1. Диссертациялық жұмысты алдын ала қорғау бойынша баяндамаға қойылатын талаптар мен ұсыныстар.


Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну
4.1. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау МАК-ның жұмыс басталуынан бір ай бұрын өтеді. Ол студенттің өзі және міндетті түрде ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедраның ашық отырысында өткізіледі.
4.2. Дипломдық жұмыс алдын ала қорғаудан сәтті өткеннен кейін ғылыми жетекшіге жіберіледі, ғылыми жетекші оған пікір жазып, кафедра меңгерушісіне ұсынады. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыс бойынша қорытынды шешім қабылдап, сыртқы парақта соған сәйкес жазба қалдырады. 4.3. Жазбаша пікірде ғылыми жетекші тақырыптың өзектілігі, жұмысты жазу барысындағы студенттің дербестігін, қарастырылған сұрақтардың логикалық тізбегін, нәтижелер мен ұсыныстардың айғақтылық және нақтылыған, жұмыстың оң және теріс жақтарын, көрсетілген талпатарға сәйкестігін (сәйкес еместігін), мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында қорғауға жіберілу (жіберілмей) жөнінде ескертулер қалдыруы қажет. Жазбаша пікір қолжазба немесе машиналы түрде 1-2 бет көлемінде жазылуы тиіс. Пікір жазу үлгісі 7 қосымшада берілген.
4.4. Дипломдық жұмыс талапқа сай орындалмаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты қорғауға жібермеу шешімін түсіндіретін жазбаша нұсқау береді. Ғылыми жетекшінің теріс пікіріне сүйеніп, кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыс бойынша қорытынды шешім қабылдап, сыртқы парақта соған сәйкес жазба қалдырады. Кафедра меңгерушісінің дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мүмкін емес деп шешсе, бұл мәселе студент пен ғылыми жетекшісінің қатысуымен өткізілетін кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы ЖООның ректорына бекітуге ұсынылады.
4.5. Дипломдық жұмыс алдын ала қорғаудан өткеннен соң, декан оны рецензиялау рәсіміне жібереді.
4.6. Рецензия пікірге қарағанда тәуелсіз маманның дипломдық жұмыс мазмұнының сапасына берген бағасы болып табылады. Рецензия үлгісі 8 қосымшада берілген.
4.7. Рецензент дипломдық жұмыстың мазмұнын тиянақты зерттеп, 1-2 беттен тұратын рецензия жазады. Рецензияда ол келесілерді атап өтеді: - тақырып өзектілігі; - жұмыстың жаңалығы пен практикалық маңызы; - зерттеу жұмысы тақырыбының ашылу толықтығы; - мазмұнының талаптарға және дипломдық жұмыс тапсырмасына сәйкестігі; - әдеби қайнар көздерді пайдаланудың жеткілікті (жеткіліксіз) екендігі; - дипломдық жұмыстың (жобаның) оң және теріс жақтары; - қисынды ескертулер және кемшiлiктер; - мәселенiң шешiлуінің дәрежесі және зерттеудiң аяқталғандығы; - дәстүрлі баға мен оның баллды-рейтингтік әріп баламасы; - түлекке тиісті академиялық дәрежені беру мүмкіндігі. Рецензия үлгісі 8 қосымшада берілген.
4.8. Рецензенттер кафедра меңгерушісі ұсынысы бойынша өндірістің тәжітибелі мамандары, профессорлар, доценттер, басқа ЖОО-ның тәжірибелі оқытушылар қатарынан тағайындалып ректордың бұйрығымен бекітіледі.
4.9. Рецензенттердің қорғалатын дипломдық жұмысқа сай міндетті түрде жоғары білімі немесе ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс.
4.10. Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберіліп, бірақ рецензенттен F - «қанағатсыз» бағасына бағаланса, МАК-ның отырысында ортақ негізде қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет