Терминологиялық жұмыстардың академиялық сипатта өріс алуы жəне салалық терминдердің зерттелу барысы.
ХХ ғасырдың 60-80-жылдары қазақ тіліндегі сала терминдерінің зерттелуі мүлде тоқтап қалған жоқ. Бұл зерттеулер өздерінің әдістанымдық негіздерін бұрынғы кеңестік лингвистикалық танымнан алғандығы дау тудырмайды.
Сол кезеңге тән басты идеялар мен әдіснама 1959 жылы Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық Терминологиялық мәжілістен бастау алғандығы шындық.
Бұл терминологиялық мәжілістің Қазақстан ғылымының тарихы үшін де маңызды болғандығын кезінде зерттеушілерміз жазған. Мәжіліске Қазақстаннан қатысқан беделді делегацияның құрамында 30-жылдардан бері термин мәселесімен үзбей шұылданған, терминологиялық сөздіктің авторлары болған Қ.Әбішев, Т.Мұсақұлов, сол кездегі аударма тәжірбиесіне, қоғамдық ғылымдардың терминологиясын жасауға еңбек сіңірген М.Жанғалин, Х.Рахимов, Қ.Жабасов, ҚазССР Ғылым академиясының қызметкерлері, ғалымдар М.Балақаев, А.Әбдірахманов, Ж.Болатов, Ә.Қайдаров, Қ.Садуақасов, Е.Рамазанов болды.
«Ғылыми терминдердің негізін бұрынғы ауыз әдебиетінен бастап іздеу керек. Халықтың ежелгі салт-санасы, әдет-ғұрып, қарым-қатынастарында да солардың негіздері жатыр».
«Халық тілін термин сөздермен байытудың тағы бір арнасы – сол халықтың өз диалектілері екені мәлім». Көптеген мысалдары бүгінгі күні тілімізде терминдік лексикадан тиянақты орын тепкен сөздер. Айталық, егіншілік, мақта шаруашылығы дамыған кәсіптік мәндегі көптеген сөздер алынды, суландыру жүйесінде бас арық, оман арық, оқ арық, құлақ арық, дақылмен егіс, пәлекпен жапырақт.т. осы тәріздес сөздердің мағыналық жағынан сараланып қолданылуы, мақта шаруашылығындағы қозапая, шиіт, көсек, шанақ, жүгері дақылдарына орай жүгері сотасы, собығы, шашағымен шашыныңсараланып пайдаланылуы осындай қағидалар негізінде қабылданған сөздер.
Ана тілін жетік меңгерген Ә.Сатыбалдиевтың термин қалыптастыру барысындағы қадау-қадау ойлары бүгінгі күн үшін өзекті болып табылады, атап айтқанда:
ана тілінің ішкі мүмкіншілігін сарқа пайдалану;
ана тілінің шеткері қалтарыстарын (көне сөздерді, жергілікті тіл ерекшеліктерін, кәсіби ұғымдарды т.т.) қолдану;
термин шығармашылығындағы жасампаздықты іске қосу;
тұрақты атауларды өзгертпеу;
тілдің сөзжасамдық мүмкіндіктерін батыл қолдану және т.б.
Бұл тұжырымды көзқарастар қазіргі терминологиялық ізденістер үшін
де өз құндылығын жойған жоқ әрі тіліміздегі термин қалыптастыру ісін жандандыратын, оның көкжиегін кеңейтуге атсалысатын маңызды пікірлер болмақ.
Міне, осы тәріздес ғылыми жағынан шынайы айтылған көзқарастар сол кездегі салалық терминдердің зерттелу барысын (әрине, зерттелу қарқыны қазіргідей болмаса да) дұрыс арнаға бұруға өз септігін тигізді.
Қазіргі түсінік бойынша салалық терминология дегеніміз – ғылым мен техникада, өндіріс пен шаруашылықта және т.б. түрлі салаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдар, солардың жиынтығы.
Қазіргі мерзімде салалық терминдер жайындағы көзқарастар ғылымилығы жағынан болсын, зерттелу әдіснамасы жағынан болсын жаңара түскені мәлім.
Терминнің өз ішінде әлденеше қабаттан тұратындығы (жалпығылыми, ғылымаралық және жеке ғылымға тән терминдер) күрделі тілдік категория екендігі ескерілу керек. Осы тұрғыдан келгенде, проф. Ә.Жүнісбектің мына бір ұсынысы назар аудартады. Ғалым: «Біздің ойымызша, ұғым-атаулардың деңгейін алдымен сатылап алған жөн», – дей отырып, оларды үш топқа бөліп қарастыруды ұсынады:
Санаулы ғана арнайы мамандар тобы өздеріне ғана тән шағын ортада
және өзара ғана пайдаланатын күрделі және сирек кездесетін ұғым атаулар. Бұлар ұлт тіліне аударуға иліге қоймайтын жоғары технологияға қатысты ғылыми, қоғами, техникалық, дәрігерлік т.б. атаулар;
Жаппай орта білім деңгейіне лайық, сөйтіп кәмелеттік білім дәрежесін
қамтамасыз ететін ұғым-атаулар. Бұлар - әлі мамандығын таңдап ала қоймаған, дегенмен әр саладан хабардар ғана болып отыруға тиіс жастарға, сондай-ақ орта буын кәсіпкерлерге қажет ұғым-атаулар;
Жалпы көпшілік күнделікті пайдаланатын бұқаралық ұғым-атаулар
Осылай терминдердің құрамы мен жүйесін таза ғылыми, орта ғылыми және көпшілік ғылыми деп жіктейді де, “Мұның өзі терминжасам ісін біршама ретке түсіріп, оның желі бойындағы кезегінің басын ашып алуға мүмкіндік берері сөзсіз”– деп түйеді.
Алайда осы жіктеудің өзі айналып келгенде, терминологиялық лексика деп аталатын әдеби тілдің үлкен бір саласын құрайды. Қазіргі зерттеушілер осымен байланысты салалық терминология терминін көп қолданып жүр.