«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет60/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

Титул бетін рәсімдеу. Титул бетінде бет нөмірі қойылмайды. Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма бастапқы материал мен көздердің сипаттамасын, студент әзірлейтін сұрақтар тізбесін, ұсынылатын әдебиеттер тізімін, графикалық материал тізбесін, диплом жұмысын (жобасын) жазудың толық күнтізбелік кестесін қамтуы тиіс. Диплом жұмысының (жобасының) тапсырмасын жұмысты аяқтау мерзімін көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Диплом жұмысының (жобасының) тапсырмасы титул бетінен кейін нөмірлеусіз диплом жұмысына (жобасына) тігіледі. 
Диплом жұмысының (жобасы) мазмұнына кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен диплом жұмысының (жобасының) осы элементтері басталатын беттердің нөмерлері көрсетіле отырып, қосымшалардың атауы кіреді. 
Кіріспеде диплом жұмысы (жоба) тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты белгіленіп, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады, жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері (жинақталған түрде: сәйкес заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар, оқу әдебиеті, монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар материалдары және т.б.), зерттеу нысаны (жұмыс материалдары негізінде орындалған ұйымдар атауы) айқындалады, аталған зерттеу объектісіне сипаттама беріледі, егер бұл мүмкін болса, қысқаша түрде (кестемен немесе мәтінде) қызметтің негізгі көрсеткіштері (жұмыста осы сұраққа арналған арнайы тарау немесе жеке параграф болмаған жағдайда) келтіріледі. 
Негізгі бөлімде зерделейтін пәннің нормативтік-құқықтық базасы, осы пәннің мазмұны мен жіктеу сұрақтары қарастырылады; зерттеу сұрағының нақты міндеттері көрсетіледі. Негізгі бөлім бірнеше бөлімнен және бөлімшеден тұрады. Негізгі бөлімде зерттелетін пән бойынша қолданыстағы жағдайлар ашып көрсетіледі, яғни жалпы теориялық қағидалар мен нақты ұйымдардың нақты материалдары позициясына сәйкес сұрақтардың мазмұны баяндалады. Диплом жұмысының тақырыбы мазмұны жағынан әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, онда теория мен тәжірибе тұрғысынан өзге мәселелер зерттелуі мүмкін. 
Теориялық қағидалармен тығыз байланыстыра тәжірибелік материалды, яғни нақты ұйымның деректерін, зерттеу нәтижелері бойынша, озық тәжірибе туралы, ең бастысы, зерттеліп отырған сұрақ бойынша ұйымдағы кемшіліктер туралы тиісті қорытындылар жасалуы және осы кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарға дәлелдер келтірілуі тиіс. 

Қорытындыда зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды жасалады, қойылған міндеттердің толық шешімін табуы бағаланады, зерттеу жұмысының ғылыми деңгейін осы саладағы едәуір жетістіктермен тиімділігін анықтап, салыстырмалы бағаланады Олар: әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет