58. Сенсусдегеніміз... «SWOT» талдауарқылыкөрсетіңіз. Сенсуализм(лат.sensus — сезім, түйсік) — психикалық өмірдің негізі — сезімдік әсерлер деп білетін ілім. Антик заманда бұл ілімді бірқатар философиялық мектептердің өкілдері (киренаиктер, эпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ деген афоризмсолардан қалған. Бертін келе осы қағидаларды Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінің сенсуализмді жақтаушылары насихаттады. Оларға танымда принципті тұрғыда түйсіктерден шығарылмайтын мазмұн бар деп дәлелдеген рационализмөкілдерімен күресуге тура келді. Сенсуализмнің ықпалымен дамыған ассоциациялық психологияда күрделі психикалық өнімдер тудыратын элементарлық түйсіктердің байланысы не сананың қасиеті немесе "тәндік" мәшине мен сыртқы дүние арасыңдағы материалдық өзара әрекет жүйесінің туындысы деп қарастырылады. Сенсуализм идеяларының психология саласындағы алғашқы эксперименттік жұмыстарға көп ықпалы болды. Өйткені эксперименттің міндеті бастапқы сезімдік элементтерді (түйсіктерді) анықтау; осылар арқылы жан тіршілігінің бүкіл күрделі архитектоникасы тұрғызылады деп пайымдалады. Эксперименттік психологияның одан арғы дамуы адам санасының шын мәніндегі құрылымы анағұрлым күрделі екені, ойлау актілерінің түйсіктер ассоциациясы деп қарастыруға келмейтінін, зиятта сезімдік бейнелерге үйлеспейтін мазмұн болатынын, ал мінез-құлық мотивациясы мен осы бейнелерді құрудағы іс-әрекеттің рөлін түсіндіруге сенсуализм, жалпы алғанда дәрменсіз екенін көрсетті. Диалектикалық материализмсенсуализмнің теориялық шектемелілігін, мұның өзі оның аңдаушылығына, адам танымының тарихи сипатын, шындық болмысты бейнелеудің жоғары нысаны ретіндегі ойлаудың сапалық ерекшелігі мен қоғамдық практиканың рөлін түсінбеуінен туындайтынын ашып көрсетті.