Ғылымизерттеубағдарламасы, оның құрылымы мен мақсаты.
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді: 1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
Өндірулер
Қолданбалы және бастамалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпарат қалыптасады. Мұндай ақпаратты өндірісте пайдалануға бағытталған мақсатты үрдіс өндірулер деп аталады. Бұл – жаңа техника, материал, технология немесе олардың дамуына бағытталады. Өндірулердің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеу материалдарының өндіріске енуін қадағалау.
Зерттеужоспарын құрудың мəні мен негізгіпринциптері.
Ғылыми зерттеулер оның бағдарламасын жасаудан басталады. Зерттеу нәтижелері көп жағдайда бұл құжаттың ғылыми негізділігіне байланысты. Бағдарлама зерттеуші жүргізетін процедуралардың теориялық және әдістемелік негізі болып табылады (ақпаратты жинау, өңдеу және талдау) және мыналарды қамтиды:
мәселенің, зерттеу объектісі мен пәнінің анықтамасы;
Зерттеу төрт негізгі кезеңді қамтиды: дайындау, жүргізу, өңдеу және талдау.
Төмендегілер қазіргі ғылымның маңызды нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін маңызды принциптер болып танылады:
1) белгілі бір себептердің әсерінен барлық құбылыстардың шарттылығын орнататын детерминизм принципі, б.а. шындықтың барлық құбылыстарының себеп-салдарлық байланысы принципі;
2) барлық құбылыстарды интегралды әлеуметтік жүйенің ішкі байланысқан компоненттері ретінде түсіндіруді талап ететін бірізділік принципі;
3) даму принципі, яғни шындықтың барлық объектілері мен құбылыстарының үздіксіз өзгеруін, өзгеруі мен дамуын, олардың бір формадан екінші деңгейге ауысуын тану.
Ғылымның одан әрі даму перспективалары осы принциптерді табысты қолданумен байланысты.
Бұл зерттеу принциптері әмбебап, жалпы ғылыми сипатта, олар ғылыми қызметтің кез келген саласында қолданылады. Алайда, әрбір ғылым жалпы ғылыми принциптер негізінде өзінің мазмұнының ерекшеліктерімен сипатталатын өзіндік әдістемені дамытады. Сонымен, жаратылыстану әдістерінің гуманитарлық әдістерден айырмашылығы бар, әр ғылымның өзіндік зерттеу әдістері бар.
Ғылымизерттеудіорындаудыңтиптікқұрылымы, оны жүзегеасырудың үш кезеңініңсипаттамасы.