Мамандық бойынша ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы. Акниет
Ғылыми метадология (грек тілінен Methodos-зерттеу ьанып білу жолы және logos-сөз,ілім)-бұл зерттеушінің өзіндік ұстанымын көрсететін анағұрлым жалпы дүниетанымдық жағдайлары мен принциптерінің жиынтығы. Және де зерттелетін құбылыстар мен обьективті шындықтың таным әдістерін ғылыми негіздеу. Ғылыми методология деңгейлері: -гносеологиялық.Оның мазмұнын материалистік диалектиканың негізгі заңдары, категориялары, принциптері құрайды;
-дүниетанымдық. Оның негізінде ғылыми идеялар жатыр;
-ғылыми-мазмұндық.Оның мәнін педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері құрайды;
-логико-гносеологиялық. Ол өзінің құрамына психология мен педагогиканы ғылым ретіндегі даму мәселелерін қамтиды;
-методикалық. Психологиялық және педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері жөніндегі ілімді қамтиды.
Ғылыми аргументация негіздері. Аргументация түрлері.
Контраргументация. Аружан
Аргументация - бұл өзгелердің ойларына және / немесе әрекеттеріне әсер ету мақсатында себептерді қалыптастыру үдерісі, сенімдерін негіздеу және қорытындылар жасау.
Аргументация (немесе дәлелдеу теориясы ) бұл процесті зерттеуге де қатысты. Аргументация - пәнаралық дистанциондық және риторика пәндеріндегі зерттеушілердің орталық алаңы.
Қарама-қарсы мақалаларды, мақалаларды, мақалаларды, сөйлеуді, пікірталастарды немесе презентацияларды таза сеніммен жазу .
Дәлелді бөлік анекдоттармен, суреттермен және эмоционалдық шағымдармен жасалса да, дау-дамай фактілерге, зерттеулерге, дәлелдерге, логикаға және басқаларға өз талабын қолдау үшін қажет . Бұл кез келген салада пайдалы, онда табылған немесе теориялар басқа адамдарға ғылымға, философияға және арасында көп нәрсеге ұсынылады.
Аргументация (дәлелдеу) - белгілі бір тұжырымға әкелетін мәлімдемелер тізбегін қалпына келтіру.
Дәлелдеудің екі түрі бар екенін айта кету керек: Олар дәлелдеу және теріске шығару. Біріншісі алға тартылған бекітулердің дұрыстығын негіздеуге, екіншісі олардың сәйкессіздігін ақтауға бағытталған.
Аргументация кезінде келесі үш элементті ажыратамыз: тезис, аргумент және демонстрация.
➢ Тезис - бұл процесте дәлелденген немесе жоққа шығарылатын мәлімдеме. ➢Аргументтер - бұл тезисті дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін қолданылатын мәлімдемелер.
➢ Демонстрация (аргумент әдісі) - тезисті дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін логикалық амалдар тізбегі.
Дәлелдеудегі жүйелілікті қалпына келтірудің толықтығына байланысты дәлелдеу логикалық және мағыналы болып бөлінеді.
Аргументация түрлері: Тікелей аргументация, генетикалық аргументация, жанама аргументация, контраргументация деген сияқты көптеген түрлері бар.
Генетикалық аргументация. Генетикалық аргументацияда тезистің ақиқаты немесе жалғандығы туралы қорытынды тезистің шығу тегі мен тезистің бізге жеткен жолын көрсететін дәлелдерден алынады.
Тікелей аргументация. Дәлелдеудің генетикалық түріне қарағанда әлдеқайда кең таралған - аргументтер тезистің мазмұнына қатысты болатын дәлелдер.
Жанама аргументация. Егер дәлелдер тезиске емес, басқа пікірді немесе тезиске балама бірнеше пайымдауды жоққа шығаруға немесе растауға бағытталған болса, дәлел жанама деп аталады.
Контраргументация. Өзгенің пікірін жоққа шығаратын қарсы дәлелдер, қайшы пікірлер. (Инеттен тапканым осы)
Академиялық мəтін құрылымы: Аннотация. Кіріспе. Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері. Аружан
Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын анықтауға көмектеседі. Аннотацияны зерттеу жұмысының негізгі бөлігінің орындалып, зерттеу аясы түсінікті болған кезде жазу қажет. Оны ғалымның зерттеу кезінде ашқан мәселесін нақты түсіне отырып жазуы аса маңызды. Аннотацияны қалай жазу керек? Жазылу тілі ғылыми әрі барлығына, әсіресе, сол пән төңірегінде қызмет ететіндер үшін түсінікті болуы қажет. Негізгі ойды мәні бойынша құрып, қысқаша беру керек, сонымен қатар құрылымына қойылатын талаптарды да ескерген жөн. Естеріңізде болсын, аннотация ғалымдарды жұмысты оқуға итермелеуі қажет, сондықтан да ерекше болып, онда маңызды деректердің қамтылғаны дұрыс. Аннотацияның сөйлемдерін қысқа қылып жазған абзал. Сізге оны жазу үшін бос орынды қоса алғанда 500-ге дейін символ беріледі.
Аннотация келесі негізгі бөлімдерді қамтиды:
• өзектілік,
• қойылған мәселе,
• оны шешу жолдары,
• нәтиже,
• қорытынды.
Әр бөлімге бір немесе екі сөйлемнен келеді. Аңдатпада мақаланың (баяндаманың) негізгі ойларын (бөлімдерін) анықтап, біріктіріп, қысқаша түрде көрсету қажет.
Аннотация жазуда келесі мәселелерге назар аударған жөн:
Сөз шегі. Аңдатпа жазуда сөздің белгіленген шегін сақтауыңыз керек.
Негізгі ойдың түсініктілігі. Аңдатпа белгілі бір білім саласындағы кең ауқымды мамандар үшін
қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Барлығы білетін, жалпы терминдерді қолдану ұсынылады.
Нақты деректердің болмауы. Аңдатпада артық мәліметтер мен нақты сандардан аулақ болу керек.
Түйінді сөздер. Авторлардан жұмыстың түйінді сөздерін көрсету сұралады. Бұл іздеу жүйелері мен мақалаларды тақырып бойынша санаттарға бөлу үшін жасалады. Автор іздеу жүйелері арқылы мақаланы табу мүмкіндігін арттыру үшін қажетті түйінді сөздердің санын көрсетуі керек.
Аңдатпа келесі функцияларды орындайды:
• ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;
• оның өзектілігін және мақаланың толық мәтініне жүгіну туралы шешім қабылдау қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді;
• ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ақпаратты іздеудің автоматтандырылған жүйелерінде қолданылады.
Академиялық мəтін құрылымы: Болжамдары. Қорытынды. Аружан
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты, объективті, шектеулі және жауапкершілікті. Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы - анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге карағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексика- лық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану ба- рысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 мың адам» деп нақты санын көрсету қажет.
Объективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті пікір ұстанбауы тиіс. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген создер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.
Шектеулі. Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені гана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының тәмендеуіне алып келеді.
Жауапкершілік. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты.
Сонымен, академиялық жазылымның ерекшелігі:
Объективті түрде жазылады;
Ғылыми стильде жазылады;
Жүйелі құрылыммен жазылады;
Сілтемелерді жиі қолданады.
Болжам- зерттеушінің зерттегісі келетін немесе тексергісі келетін тұжырымы
осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырым
зерттелетін (ғылыми) гипотеза
шешім шығару үшін мәліметтерге талдау жасау
эссе сияқты ойды жеткізетін текст