5 семинар
1. Әдіснама /методология/(грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — ілім) — ғылымды дамыту үшін керек.
ғылыми таным әдісі;
ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;
дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теорияны игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты — объективтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснама дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-кайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана аша алады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектіге, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.[1]
Ғылымның алдына қоятын негізгі мақсаты –өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсатты орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады. Ондай амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атайды. Тіл білімінің зерттеу әдістеріне айтылғанда әдіс (метод), әдістеме (методика), әдіснама (методология) және тәсіл (прием) деген терминдері қолданылады. Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жалпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы –әдіснама да, ал нақтылысы –әдіс термині.
Әдіснама (методология) –жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстардың зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы: бұрынғы Кеңес Одағындағы мұндай әдіснамалық принцип –тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталынған. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есептелінді.
Ал әдіс (метод) дегеніз –әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол –әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы: биология ғылымында –биологиялық әдіс, тіл ғылымында –структуралық әдіс деген сияқты.
Әдіс, белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Әдіснама дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып-білудің жалпы ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады.
Тәсіл (прием) –ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі майдарақ, одан гөрі нақтылау келеген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызетін атқарады.
Зерттеу әдістері мен тәсілдерін таңдау –зерттеушінің өз еркіндегі нәрсе емес, ол –жұмыстың тақырыбына және алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай айқындалатын нәрсе.
Әрбір ғылыда біренеше әдіс болуы мүкін. Мәселен, тәл білімінде мынадай әдістер бар: сипаттамалық әдіс, салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, салғастырмалы әдіс, структуралық әдіс, статистикалық немесе сандық әдіс т.б.
2.
3. Адам баласы ақыл, сана сезім, ойлаудың иесі болғандықтан ол өзінің қоршаған әлемін тануға, оның ақиқатына көз жеткізуге талпынады. Және бізді қоршаған әлемде адам баласы өзінің айналасындағы табиғи әлемдерді, белгісіз құбылыстарды, ондағы рухани және материялдық әлемді тереңірек түсіну үшін осы түсініксіз, ақиқаты танылмаған құпияларлың сырын тануға үңіледі, даму заңдылықтарын білуге ұмтылады және қоғамдағы басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Өмір философиясында саналы деген әрбір адам дүние болмысындағы ақиқатқа қол жеткізгісі, түсінгісі келеді. Бірақ, меніңше, ақиқатқа кез-келген адам қол жеткізе алмайды.
Танымның теориялық нысаны болған ақиқатқа ғалымдар əртүрлі анықтамалар береді. Ақиқат дегеніміз – объектіге сəйкес біздің білімімізбен дəлелденген шындық туралы білім. Ақиқат ұғымының түп бастауы сонау ежелгі грекиядан бастау алады. Атақты грек философы Аристотель ақиқатқа мынадай анықтама берген: «Ақиқат - ол сананың, ойлау мен заттың, білім мен шындықтың болмыспен сейкестігі» (Истина - это соответствие мысли и предмета, знания и действительности). Яғни таным тұрғысынан обьект ақиқат деп танылуы үшін ол шындыққа сәйкес дәлелденген болуы тиіс.
Негізінен философия ұғымының негізгі мақсаттарының бірі - ақиқатты зерттеу, тану, шындыққа көз жеткізу екенін білеміз. «Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде, сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау» [1, 3].
Философия ғылымы өзінің даму тарихында ақиқат концепциясы аясында түрлі тұжырымдамалардан өтті. Соның алғашқысы классикалық тұжырымдамамен байланысты. Бұл тұжырымдама бойынша шындық дегеніміз – адам білімінің нақты жағдайда, кез келген обьективті шындыққа сәйкес келуі деп ұғынылды. Алғаш ақиқат ұғымының классикалық негізін салған, ақиқат жайлы тұжырымды әрі нанымды мәлімет берген ежелгі грек ойшылдары - Платон мен Аристолель болды. Классикалық кезеңдегі шындықты ғалымдар адам білімінің нақты жағдайымен, кез-келген обьективті шындықпен байланыстырды. Ақиқаттың классикалық концепциясы бойынша – объект туралы білімнің мазмұны объекттің өзіне сәйкес. Аристотель өзінің метафизика еңбегінде ақиқат деп – біздің қоршаған ортадағы обьективті заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі. Алайда Аристолтельдің ұғымы ақиқат ұғымының дәйекті материалистік ұғымен бере алмады.
Қазіргі заманның ең танымал философиялық ғылыми ақиқаты – диалектикалық материализмнің негізінде жатыр. Диалектикалық материализм алғаш рет обьективті ақиқатты тану процесін түсіну үшін баға жетпес маңызы бар танымның ғылыми теориясын құрды. Бұр тұжырым бойынша ақиқат теориясы, ең алдымен, обективті шындық деп танылды және олар біздің санамыздан тәуелсіз құбылыстардан тұрады. Екіншіден, ақиқат субьективті ұғыммен, шындықпен байланысты. Үшіншіден, танымның нәтижесі – ақиқат деп есептелінді. Осы тұстан байқайтынымыз, ақиқат қашан да обьекті мен субьекті арқылы танылады. Төртіншіден, ақиқат – бұл үздіксіз болатын шексіз процесс. Ақиқат дегеніміз - субъекті мен объектінің арасындагы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан əлеуметтік тарихи процесс. Ол үнемі даму, өзгеру, толығу үстінде болатын үзіліссіз процесс. Ал бұл үздіксіз процесс салыстырмалы және абсолютті ақиқат арқылы көрінеді. Нәтижесінде қол жеткізілген барлық шындықтар – салыстырмалы шындықтар, абсолютті ақиқат-салыстырмалы шындықтардың қосындысы болып шығады.
Ақиқат біреу және ол объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Обьективті ақиқат дегеніміз субьектіге, яғни адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ал осы адамзатқа түсініксіз ақиқат ұғымы бірден ұғынылмай, бірте-бірте танылып, гипозелар жасалып түсіндіріледі. Осы ақиқатты бірден-бір танушы, танытушы субьект болғандықтан субъектінің маңыздылығы үлкен. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету үшін – тиімді әдістер іздейді, ал олар адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады. Демек, ақиқатты танып-білу философияның міндеті деп толық айта аламыз.
Философиядағы жекелеген ақиқаттардың толығымен, тұтасымен танылуы – абсолютті ақиқат деп аталса, ал сол абсолютті ақиқатты тек шамамен ықтималды түрде салыстырылып танылатын ақиқат – салыстырмалы ақиқат деп аталады. Яғни салыстырмалы және абсолютті ақиқат бір бірінен бөлек, алыс тұрған ұғымдар емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын біртұтас, өзектес ұғым.
Танымның даму процесін бейнелейтін категория – абсолютті және салыстырмалы ақиқат. Бұл ұғымдар бұрын танылған және болашақта танылатын құбылыстарды, не болмаса біздің болашақта таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырайтын ақиқаттардың арақатынасын айқындайды. Танымның үздіксіз процесс екеніне мынадай мысал келтіруге болады. Біздің, адамзат баласының, қол жеткізген түрлі техникалық, өндірістік жаңалықтары және т.б жаһандық үзіліссіз даму процесстерінің нәтижесі екені білеміз. Ал заман дамыған сайын болмыс туралы ұғымды адамзаттың тану процессі де үзіліссіз болатыны сөзсіз. Яғни ақиқат дамуға байланысты өзгеріп, түрленіп, толықтырылып отыратын салыстырмалы категория екен.
Салыстырмалы ақиқат шындыққа жақын және оған едәуір сәйкес келетін, бірақ толық емес ақиқат. Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай салыстырмалы ақиқат абсолютті ақиқатты танудың құрамдас бөлшегі. Екеуі бүтін мен бөлшек. Бір сөзбен айтқанда абсолют ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтық көрінісі. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Өйткені ол өзгермелі дүниенің егжей-тегжейін саралай, іріктей, өмірге бейімдей отырып, абсолют мәннің құрамдас бөліктерін жинақтайды.
Ежелгі грек философиясында абсолютті ақиқат ұғымы белгілі бір болмыс туралы түсініктің бір қатып қалған, өзгермейтін табиғи және өздігінен қалыптасқан ұғым деп түсінілген. Ал діндарлардың пікІрі бойынша абсолютті ақиқат белгілі бір күшке, рухқа ие ұғым болған. Бұл екі ақиқаттың негізге бір арнаға түйісетін тұсы, екеуі де обьективті мазмұнды бейнелейді нақты дәлелді не гипотезалы білімді толықтырады. Абсолютті ақиқат – бұл обьект туралы нақты да толық жетілген шындық. Толық айтқанда абсолютті ақиқат- шынайылыққа сәйкес обьективті болмыс туралы бұлжымайтын білім.
Ақиқат ұғымы туралы қазіргі философияда түрлі тұжырымдамалар бар, бірақ соның ішінде мына негізгі үш негізгі концепция қалыптасқан: когеренция концепциясы, прагматикалық концепция және конвенционализм концепциясы.
- когеренция немесе сəйкестік концепциясының негізгі тұжырымдамасы - «Ақиқат - ол білімнің нақтылыққа сəйкестігі». Когеренция концепциясы [лат. cohaerentia – байланыс, жалғасу] деген ұғымды білдіреді. Яғни обьективті болмыс шындық деп танылуы үшін ол нақтылыққа сәйкес болуы шарт.
- прагматикалық концепцияның негізгі тұжырымдамасы: «Ақиқат - ол тəжірибемен дəлелденген». Прагматикалық концепция [грек pragma – іс-әрекет, тәжірибе] деген ұғымнан шыққан. «Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы – тәжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы – тәжірибе. Себебі тәжірибе – тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек» [2,46].
- конвенционализм тұжырымдамасы бойынша: «Ақиқат - ол білімнің өз-өзімен сəйкес келісімі» дейді. Конвенцианизм ұғымы [лат. conventio – келісім, шарт, жағдай] дегенді білдіреді. Бұл тұжырымдаманы қолдаушы А. Пуанкаре пен Р. Карнап ақиқаттың мазмұны шарттық-келісімдік қасиетке ие екенін айтады. Негізінен ғылыми таным - ұйымдастырудың қатал формасын өзара құрап, оның қарсы келмеуі, дəлдігі, жүйелігімен көрінеді. Ғылыми танымның спецификалық бағытталуы ақиқатқа жету болып табылады [3. 170].
Қорыта келгенде, ақиқат ол тұрып қалған жүйе емес, ол үнемі ескірмейтін мәңгілік тақырып. Ақиқат ұғымымының мәні заман дамыған сайын танылу, даму, ашылу үдерісінде болатын процесс. Меніңше, ақиқатты тану мәселесі адамның рухани жағынан үнемі өз-өзін дамытуына, саналы түрде өсуіне, мына өмірдегі тылсым құпияларды тануына жол ашатын өмірлік концепция болуы тиіс. Сол себепті кез-келген адам өзінің дүниедегі орнын айқындау үшін ақиқатты тану үшін ізденгені, білімін толықтырғаны дұрыс. Бұл ойымды әйгілі философ әл-Фараби сөзі айғақтайды. Бір сөзбен айтқанда, Фараби «адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі», - деп түйін жасайды.
Ақиқат (ағылш. Truth) — шындыққа және шындықты дәлелдейтін фактке сай келетін идеялар, ойлар, тұжырымдар. Күнделікті тіл бойынша, ақиқат әдетте білім, сенім, ұстаным, ұсыныс және жарияланым қатарлылардың рас және ақылға қонымды екенін сипаттайды, ол міндетті түрде шындықты дұрыс бейнелейді, шындықтың құпиясын дәл паш етеді.
Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.[1]
Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.
Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Ясаауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.
Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.
Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[2]
4.
Достарыңызбен бөлісу: |