Универсализм — орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.
Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:
1. Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі, табиғатқа деген көзқарас библия концепцияларының цензурасынан өтті.
2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр дүниенің картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.
Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.
Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.
«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.
Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды:
Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.
Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды.
Элементаризм — күрделі құрылымдардың царапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.
Статизм — бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару.
Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.
Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.
Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.