Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу


Нәтижелерді жариялауды реттейтін нормалар



бет16/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
3. Нәтижелерді жариялауды реттейтін нормалар:
- фундаментальді зерттеулер нәтижелерінің жалпыға қол жетімділік принципі: мемлекеттік қаржыландыру есебінен орындалатын жұмыс нәтижелерін міндетті түрде жариялау;
- ғылымда қателерге жол беретін ғылыми мәдениет принципі: расталмаған гипотезаларды ұсыну және қателерді тану;
- сіңірген еңбегін тану принципі: сіңірген еңбегін адал тану және ізбасушылардың, бәсекелестердің және әріптестердің қосқан үлесін тиісті бағалау.
13. Ғылыми этика нормаларын біліңіз. (11-12бірдей)
14. Ғылыми этиканың бұзылуын білу.
Ғылыми этиканың бұзылуы Ғылыми этиканың принциптері түрлі тәсілдерден – ғылыми әдістерді ұқыпсыз қолданудан немесе деректерді ұқыпсыз құжаттаудан, қасақана бұрмалау немесе алдау сияқты елеулі ғылыми қылмыстардан бұзылуы мүмкін.Ғылыми этиканың бұзылуы төмендегі жағдайларда байқалады:
- маңызды ғылыми қарым-қатынаста әдейі немесе аса ұқыпсыздықтың нәтижесінде жалған мәлімдеме жасалғанда;
- авторлық құқық бұзылғанда;
- басқа адамдардың ғылыми жұмысына өзгенің зиян келтіруінде.
Ғылыми этиканы бұзу ретінде сараланатын іс-әрекеттерді толық сипаттау үлгісі қоғам Сенатында Макс Планк «Ғылыми этика нормалары» атты еңбегінде көрсетілген. Осыған сәйкес ғылыми этиканы елеулі түрде бұзу ретінде мынадай әрекеттер қаралуы мүмкін:
Жалған мәлімдеме.
1. Деректерді фабрикациялау;
2. Деректерді бұрмалау, мысалы:
а) деректерді жасырын іріктеу және жағымсыз нәтижелерден бас тарту арқылы;
б) суреттермен немесе иллюстрацияларды өзгерту жолымен.
3. Қолдау алуға өтінім-хатта немесе өтінімде (грант өтінімінде) қате өтініштер болған жағдайда.
Авторлық құқықтың бұзылуы.
1. Авторлық құқықпен қорғалатын басқа автордың жұмыстарына, елеулі ғылыми жаңалықтарға, гипотезаларға, теорияларға немесе зерттеу әдістеріне қатысты:
а) авторлық мәтіндерді рұқсатсыз пайдалану (плагиат);
б) зерттеу әдістері мен идеяларды ұрлау;
в) ғылыми авторлықты немесе тең құқылы авторлықты иемдену (оларды негізсіз иемдену);
г) мазмұнның бұрмалануы;
д) рұқсатсыз жариялау немесе үшінші тұлғалардың әлі жарияланбаған жұмыстарға, олжаларға, гипотезаларға, теорияларға немесе ғылыми әдістерге қол жеткізуі.
2. Басқа адаммен оның келісімінсіз немесе тиісті негіздерсіз тең құқылы авторлықты талап ету. Бөтен ғылыми жұмысқа келтірілетін зиян.
1. Зерттеу жұмысына қасақана жасау (оның ішінде залал келтіру, эксперименталды қондырғыларды, жабдықтарды, құжаттаманы, аппаратураны, бағдарламалық қамтамасыз етуді, химикаттарды немесе экспериментті жүргізу үшін қажетті басқа да заттарды бұзу немесе қолдан жасау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет