Ғылымның объекті



бет10/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Әдістерді жіктеу

Зерттеудің барлық әдістері келесі негіздемелер бойынша топтастырыла алынады.


Ғылым танымдық деңгейі -теоретикалық немесе эмпирикалық. Оларға сәйкес теоретикалық зерттеу әдістері (аппроксимация, аксиоматизация, экстраполяция, модельдеу және т.б.) және эмпирикалык зерттеу әдісі (байқау, әңгіме, эксперимент, тест және т.б.) ажыратылады.
Зерттеуші-педагогтың объектпен әрекеттесуінің сипаты. Бұған: а) объектті зерттеу (теоретикалық және эмпирикалық зерттеулердін аталған барлык әдістері); б) алынған деректерді өндеу (сапалык және сандык, онда корреляциялык, факторлык, кластерлік талдау, т.б. әдістері), математикалық-статистикалык өңдеудің әртүрлі денгейлері [57]. Зерттеуден сенімді нәтижелер алу үшін деректерді өндеу сипаты манызды, әсіресе, сандық(статистикалық) талдау, нақтылап айтқанда, ары карай алынған нәтижелердің сенімділігі, маңыздылығы және валидтілігі (мысалы, Стьюденттің өлшемі, хи- квадрат және т.б.) сияқты әртүрлі өлшемдер бойынша деректер өндеу. Зерттелінетін кұбылыстардың арасындағы байланыстың сипатын немесе оның біреуінің басқалармен бірге алғанда меншікті салмағын анықтау үшін корреляциялық және факторлык талдау әдістері пайдалыналады [21,7].
Алайда, жалпы кез-келген ғылымда және атап айтканда, яғни педагогикалык психологияда зерттеу нәтижелерін математикалык ендеудін маңыздылығын атағанның өзінде сапалық,яғни түсіндірушілік, мазмұндық талдау сапалык, ең бірінші кезектегі және ауыстыруға келмейтіні талдау екені белгілі. Объектпен зерттеушілік әрекеттер негізі бойынша (зерртеу әдістері мен мәліметтерді өндеуден кейін) алынған мәліметтерді ұсыну, көрсету әдістері: кестелер, графиктер, схемалар, гистограмалар жәнет т.б. ұсыну әдістерінін әр қайсысын тандау негізделген және міндеттерге сәйкес болуы керек.
Зерттеудің мақсаты ұзақтылығы: a) объекттің. Мен процестін, кұбылыстың өзекті жағдайы туралы деректер алу немесе б) олардын уакыт екен сайын өзгеру динамикасын қадағалау. Психологиялык білімнің басқа салаларындағы сияқты педагогикалық психологияда әртүрлі әдістер арқылы объектті зерттеу процесі - констатациялау, диагностикалау максаттарын кездейтін қысқамерзімді бола алады. Алайда, ол тұлғаның психологиялық білімінін, оған тән касиеттерінін және т.б. дамуын, генезисін аныктауга багытталған өте ұзақ (бірнеше жылға дейін, мысалы баланын дамуын күнделік жазбалары арқылы қадағалап байқау) процесс бола алады. Осы негіз бойынша екі әдіс бөлініп шығады келденен кима адісі және лонгитюдтік әдіс (ұзындык). Бірінші әдіс арқылы оқытушы көп материалдардың негізінде, мысалы оқытудың жалпы сипаттамасын, онын орташаға тәуелділігін, «нормалар» және одан ауытқушылықтар, әртүрлі негіздемелер бойынша оқытушылардың жасы, оқудағы табыстылығына байланысты белу арқылы оқытудың жалпы сипаттамасына кол жеткізе алады. Лонгитюдті әдіс кубылыстың даму тарихын, онын пайда болуы мен калыптасуын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің көлденең қима әдісі алдындағы артықшылығы «...екі проблеманы шешуде көрінеді: 1) психикалық ерістеудің ары қарай дамуын көре білу, психологиялык болжамды ғылыми тұрғыдан негіздемемеу; 2) психикалық дамудың кезендері арасындагы генетикалық байланысты анықтау» [7, 30 б.].
Педагогикалык ұжым бұл әдісті жалпы зерттеушілік жұмыстың құралы ретінде пайдалана алады, мысалы бірнеше оку жылдары бойы бір адамды, топты, сыныпты, ағымды және т.б. оқытуда жаңа оқыту бағдарламасының тиімділігін зерттеу. Көбінде бірнеше жылға созылатын, педагогикалық психологияда кеңінен пайдаланатын қалыптастырушы эксперимент те түрі бойынша зерттеудін лонгитюдті әдісіне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет