25.Антика философтарының ғылыми көзқарастары «Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы. «Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді.
Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.
Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы /1+2+3+4=10/ текрактис деп аталды. Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гілденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылдаы және әлемді бейнелеп көрсетеді.
Аристотельдің ілімі бойынша-дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі-заттық нәрсе. Табиғат мәңгі қозғалыстағы, өзгерістегі материалдық заттардың жиынтығынан тұрады. Дүниені тану деген-еі әуелі табиғи құбылыстарды білу деген сөз. Зат туралы түйсік, елес, ұғым болу үшін ең әуелі сол бізден тыс тұрған заттың болуы қажет.
Эвклид-математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты. Олардың ішіндегі еі атақтысы – «Негіздер».