Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Верификация принципі, оның мәні



бет51/103
Дата24.11.2023
өлшемі439,77 Kb.
#125721
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Байланысты:
1 тасыпма

Верификация принципі, оның мәні

Верификация принципі – (лат. veins - "акиқаттық", лат. ficio - "жасаймын", "іздеймін") теориялық қағидалардың ақиқаттығын болмыс деректерімен салыстыру арқылы анықтау немесе әлеуметтік болжамды бағалау амалы. Осы арқылы әлеуметтік болжау нақты деректер, ақиқат жағдайлармен салыстырылып дәлелденеді немесе теріске шығарылады.Социология тарихында ол ең үлкен мән берген позитивизм бағыты. Осы бағыттың көзқарасы бойынша, тек бақылау, экспериментке негізделетін білім нағыз ғылыми білім ғана болып есептеледі. Әлеуметтік ғылымдар арасында болжау, дәлелдеу методологиясының өз ерекшеліктері бар және ол қазіргі уақытта да қоғамдық процестерді зерттеудің ұтымды жолы болып келеді. Социологияда ол әртүрлі статистика, және т.б. әдістер мен өлшемдер арқылы іске асырылады. Фальсифицияландыру қағидасы верификация принципіне альтернативаны құрастырады жəне бірінші позитивистермен қорғалатын индуктивизм принципіне сынау ретіне тудырады. Фальсификация мəселесі - Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация (ажырату) жасауға ұсынылған қағида. Бұл қағида бойынша ғылымға қатысты əр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.



  1. Ғылыми танымның метатеориялық деңгейі, оның мәні

Ғылыми білімнің метатеориялық деңгейі. Ғылыми білімнің эмпириялықпен теориялық деңгейлерімен бірге жалпы - метатеориялық деңгейі бар. Ол өзіекі деңгейден тұрады: 1. жалпы ғылыми білім; 2. ғылымның философиялықнегіздері.
Жалпы ғылыми білім келесі элементтерден тұрады:
1) дүние бейнесінің нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми түрлері;
2) нақты ғылыми, жалпы ғылыми гносеологиялық, методологиялық,логикалық пен гносеологиялық қағидалары.Ғылымның метатеориялық деңгейі логикалық-математикалық ғылымдарда маңызды: мысалы, өзгеше пəндер - метаматематика мен металогика қалыптасты. Ал табиғаттану мен гуманитарлық білімдерде метатеориялық деңгей нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми қағидалар ретінде болады. Ғылыми білімнің құрылысында дүниенің нақты ғылыми бейнесі нақты ғылымның эмпириялық пен теориялық объектілердің үйлесімділігінің категориялық түрде көрінісі. Ол қалай пайда болады? Ол теориялық пен эмпириялық танымның жалпылау нəтижесі емес; ол жалпы философиялық онтологияның нақты түрі. Ал соңғысы жалпы ажырату мен оппозиция аумағында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі. Дүниенің жалпы ғылыми бейнесі - ол бір кезеңде үстемділікке айналған нақты ғылыми бейненің бірі. Өздерінің нақты ғылыми бейнесі жоқ ғылымдардың метатеориялық деңгейінің қосымша элементі; мысалы, табиғаттануда дүниенің классикалық физикалық бейнесі жалпы ғылыми деп саналатын Ньютонның механикасының онтологиясына негізделген; механицизм басқа да ғылыми салаларда үстемді болған. Классикалық емес табиғаттануда жалпы ғылыми бейненің орнына дүниенің физикалық бейнесі бастама жасаған, оның негізінде ықтималды теория мен кванттық механика болған. Сөйтіп, қазіргі жалпы ғылыми бейне философиялық онтологияға негізделген. Ғылыми танымның аксиологиялық жəне құңдылық мəселелеріне келсек; аксиологиялық принциптердің ішкі жəне сыртқы аксиологиялық негіздері бар. Ішкі - тек сол ғылымға қатысты қүңдылықтар мен нормалар: объективтік ақиқат, нақтылық, методологиялығы, дəлділігі, дəлелдемесі, жүйелігі, басқаша «ғылыми зерттеудің нормалары мен идеалдары» деп аталған. Ал сыртқы құңдылықтар ғылым мен сыртқы - яғни қоғам, мəдениет жəне оның əр түрлі құрылыстар арасындағы қатынастарды меңгереді: практикалық қажеттілік, эффективтілігі, қоғамның интеллектуалдық жəне білім потенциалын көтеру, ғылыми-техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік прогресске ықпал ету, қоршаған ортамда адамның адаптивтік мүмкіндіктері. Жалпы, метатеориялық білімнің аксиологиялық пен негіздерін шектеуге болмайды, құңдылық пен ғылымды ажыратуға, алшақтауға болмайды. Құңдылықтар зерттеудің мақсатына, болашағына, нəтижелердің қажеттілігіне əсер етеді.Енді ғылымның философиялық негіздеріне тоқталсақ, олар ерекше, философия мен ғылым арасындағы білім түрі, таза философиялық емес, ғылыми емес. Ғылымның философиялық негіздері - өзінің құрылысы бойынша гетерогенді, философиялық пен нақты ғылыми терминдерді қосады. Кентаврлік білімнің екінші түрі (бірінші интерпретативтік білім): құрылысы түрінде (қосылған), мəртебесі бойынша (анықтамалар), қызметі бойынша (сапалық түрде əр түрлі білімдерді қосады), табиғаты бойынша (əр-түрлі білімдердің терминологиясының идентификациясы). Сонымен қатар, онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық, əлеуметтік т.б. негіздер бар. Білімнің философиялық негіздерісіз білімнің де, мəдениеттің де тұтастығы бұзылады. Қорыта айтқанда, ғылыми білімнің құрылысында үш деңгей бар, олар мазмұндық жəне қызмет тұрғысынан өзгеше: эмпириялық, теориялық жəне метатеориялық. Бір жағынан, олар өзгеше, екіншіден, ғылыми білім тұтас болған соң, олар бір-біріне қажетті, толықтыратын түрлер. Осы деңгейлердің бірлігі мен байланысы ғылыми пəннің əр-қайсысына өзгешелік, тұрақтылық пен дамуға ықпал етеді.

Блоок




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет