Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет90/105
Дата03.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#134079
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
Байланысты:
Ғылымның тарихы мен философиясының пәні-emirsaba.org

34. Ғылымдар методологиясы.
Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) : Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.
Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методологиятеориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконныңэмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейінГ.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет