Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет10/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:

Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен философияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай дамытты.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.
Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет