Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


 Ғылым мамандық пен қызметтің ерекше түрі ретінде



бет36/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
62. Ғылым мамандық пен қызметтің ерекше түрі ретінде
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) — білім, тану; лат. scientia — білім) — ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Ғылым ерекше әлеуметтік институт және танымдық қызметтің ерекше формасы ретіңде XV—XVI ғасырларда пайда болды. Яғни, ол қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заманның мұқтаждығынан туған әлеуметтік құбылыс. Ендеше, ғылым,-жаратылыстану ғылымы ең алдымен капиталистік өндіріс тәсілінің нәтижесі. Оның қалыптасуына - үлкен үлес қосқан атақты ғалымдар Коперник, Галилей, Кеплер және басқалар болды. Осы жерде Галилей мен Ньютон жасаған классикалық механиканы айта кету керек. Өйткені, ол қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда бол,ан ең алғашқы теория


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет