Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет47/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Хантингтон Сэмуель (1927) - американдық саясаттанушы, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар саласының теоретигі, Гарвард университетінің профессоры.

Демократия және саяси даму мәселелеріне көптеген еңбектерін арнады. Олардың ішінде: "Құбылмалы қоғамдардағы саяси тәртіп" (1968), "Американдық саясат: үйлесімсіздіктің болмай қоймауы" (1981), т.б. бар.
Саяси жүйелерді, олардың саяси тұрақтылығына сүйене отырып жіктейді. Саяси тұрғыдан алғанда, елдер басқару түріне емес, басқарылу деңгейіне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Мінеки, осы тұрғыдан алғанда ол мемлекеттерді күшті саяси жүйелі және әлсіз саяси жүйелі деп жіктейді. Ол жаңа "өркениет моделін" ұсынды. Әлемдік саясаттың жаңа фазасында дау-жанжалдың көзі идеология немесе экономикаемес, мәдениет саласы болады. Негізгі дау-жанжалдар әртүрлі өркениетке жататын мемлекеттер, ұлттар арасында жүреді. Батыстық өркениеттегі дау-жанжалдарға басқарушылар, ұлттық-мемлекет және идеологиялық дау-жанжалдар тән. Әлемдік саясаттың батыстық даму фазасы "қырғи-қабақ соғыстың" аяқталуымен тәмамдалады. Енді Батыс және батыстық емес өркениеттер арасындағы өзара қарым-қатынас өзекті мәселеге айналды. Хантингтон "Өркениеттер қақтығысы" атты зерттеуінде ірі он өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын американдық, африкандық және православ-славяндық. Хантингтон өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін бес себепті көрсетеді:

  • саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негіздірек;

  • өркениеттік өзін-өзі танудың өсуі, өркениеттер арасындағы айырмашылықтар мен ортақтың тереңдеуін түсіну;

  • ұлттық-мемлекеттердің идентификация көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің идентификация көзіне айналуы;

  • батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және олардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы;

  • өркениет дау-жанжалдарының көзімен ерекшеліктер мен айырмашылықтар. Яғни, мәселенің "Сен кімсің?" тұрғысынан қойылуы.

Әрине, Хантингтонның әлем болашағын осылай көруін маман-теоретиктер әртүрлі қабылдады. Дегенмен, ол ұсынған ғылыми тұжырым XX және XXI ғасырлар тоғысындағы әлемдік саясатты одан әрі қарай зерттеуге және болжауға итермеледі

95. Д.Беллдің постиндустриалдық қоғам теориясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет