Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет7/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
Байланысты:
������ ������ ��� ������������� ���

Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.
Адамзаттың жаһандық мәселелері - ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.)


12.Вавилон,Египет ғылымы: математика, астрономияның дамуы
Математика ғылымдардың ішінде ең ерте шыққан, оның тарихи ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезінде басталған. Адамзат тағылының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кішкене» ұғымдары туған. Заттарды санаудан 1,2,3,4,5....т.с.с натурал сандарды жазуға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін ажыратуға мәжбүр еткен.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д 2 мыңжылдықта пайда болған. Тарих жағынан келсек, сандардың ежелгі Вавилонда қолданғаны айқындалады. Осылай математика саласы одан әрі қарай дами түсті. Қаншама ғалымдар өз шығармаларын есеп арқылы өшпес мұра қылып қалдырған.
Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше сөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді).
Б.з.б. 2900-шы жж кейін патшаларының мазары ретінде көне мысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, сол кездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады. Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады.
Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Москвада сақтаулы. «Мәскеу папирусы» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет