Филологическая 41 ƏӨЖ 811. 512. 122 Антропонимжасамдық ТҰЛҒалардың



жүктеу 52.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.02.2017
өлшемі52.35 Kb.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

41

ƏӨЖ 811.512.122



АНТРОПОНИМЖАСАМДЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 

ДЫБЫСТЫҚ  ӨЗГЕРІСТЕР АРҚЫЛЫ ТІЛДЕ  

ОРНЫҒУ ЖОЛДАРЫ

Б. Досжанов

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

Қазақ антропонимдері өзінің сан ғасырлық тарихында тілдің дамуына 

тән ерекшеліктердің негізінде тілден тыс факторлар мен этнос болмысына 

тән ерекшеліктерді бойына сіңіре отырып, өзіндік сипаты бар дербес жүйе 

ретінде қалыптасты. Түркі тілдеріне ортақ жалғамалылық, яғни түбірлер мен 

қосымшалардың қалыптасуы секілді жалпы заңдылықтардың аясында өмір 

сүргенмен, уақытпен бірге антропонимдердің бойындағы өзіндік белгілер 

де айқындала берді. Бұл үдеріс күні бүгінге дейін үздіксіз жалғасу үстінде. 

Кісі есімдерінің құрамындағы түбірлер (немесе антропонимжасамдық ұя) 

мен қосымшалардың актив және пассив қолданыстары осының айғағы, яғни 

антропонимжасамдық кей түбірлердің актив қолданысы тілде орнығып, 

кісі есімі ретінде (Ақымет, Бекен, Абылай, Ораз т.б.) жалпы жұртшылыққа 

танымал болғандығын көрсетсе, кей сөздер күнделікті өмірдегі адамдарды 

атау қызметінің сыртында,  қатынас құралы ретінде де белсенді қолданылатын 

болғандықтан, оның бойындағы антропонимдік элементке (түбір не қосымша) 

айналу үдерісінің әлі де толық аяқталмағаны байқалады (Мерей, Әділет, 

Жеңіс, Алмас т.б.). Алғашқыларының антропоним ретінде нормаға айналу 

себебі – тілдік қатынас барысында тек кісі аттары ретінде ғана қолданылады. 

Басқаша айтсақ, қарапайым жұртшылыққа бастапқы мағынасы түсініксіз 

немесе ол мағынасынан гөрі кісіні атау қызметі бірінші орында тұрады. Ал 

кейінгілері қос қызметті (әрі кісі аты, әрі зат не құбылыс атауы) қатар алып 

жүргендіктен, екі жақты, тең дәрежелі қызметі бірыңғай кісі есіміне айналу 

мүмкіндігін шектеп отыр, есім бойындағы бұл үдеріс әлі де созыла беруі 

мүмкін. Мұнан байқалатыны – антрпоним ретінде қолданылып жүрген сөз 

өзінің бастапқы заттық мағынасынан неғұрлым алшақтаған сайын,  кісі 

есімі ретінде нормаға айналу мүмкіндігі де соғұрлым арта береді. Р. Сыздық 

«тілдік норма және оның қалыптануы» атты еңбегінде «...тілдік норма 

дегеніміз – көпшіліктің қатынас ұралы ретіндегі тілдің қолданысында оның 

әлдеқайда орныққан, дәстүрлі құралдары, амал-тәсілдері, тәртіптері; 

норма тіл-тілдің қай-қайсысының да даму (қызмет ету) кезеңдерінің 

баршасына тән құбылыс.

Норма деп тану үшін «әлеуметтік бағалау», яғни сол тілде сөйлейтін 

қалың жұртшылықтың «дұрыс не дұрыс емес, жағымды, әсем не жағымсыз, 


Вестник ПГУ №2, 2010

42

орынды не орынсыз» деген танымы, бағасы болуы керек. Нормалылық 

танымына тұрақтылық (стабильность), дәстүрлілік, көпшілікке біршама 

ортақтық белгілері де кіреді. Бұлар – тілдегі нормалылықтың әлеуметтік 

категория ретіндегі белгісі»1. Осы тұрғыдан алғанда қазақ есімдерінің 

арасында да шығу тарихы көнеден басталатын және тілде тұрақты сақталып 

келе жатқан есімдер бар. Мысалы, қазіргі қазақ антропонимдерінің 

құрамында жиі қолданылатын бек, бай, хан, жан т.б. секілді есімдердің 

әрқайсысына тән өзіндік шығу тарихы және кезеңі бар. Сол секілді кел, 

бер, тұр, тоқта секілді етістіктердің антропоним компонентіне айналуыны да 

осындай. Сандаған ғасырлар бойы бұл компоненттердің тұрақты қолданыста 

болуы – олардың «тұрақтылығын», «әлеуметтік бағаға» ие болғандығын 

көрсетеді. Мұнан өзге де қазақтың ұлттық дәстүрі, танымы, арман тілегіне 

байланысты символикалық мәнге ие  көркем есімдері көп. Арасында төл 

сөздерден болғандарымен қатар, кірме сөдерден немесе дыбыстық жағынан 

игеріліп, жаңаша тұлға ретінде қалыптасқан тікелей енген есімдер бар. Тілде 

тұрақты қолданылып, жалпыхалықтық сипат алуынан олардың нормаға 

айналғаны байқалады.

Нормаға айналған есімдер мен ол сипатқа ие бола алмаған есімдердің 

арасындағы өзгешеліктерді анықтау үшін мына бір мәселе туралы да айта 

кетпеске болмайды. Қазақ халқының ұлттық танымында балаға ат қоюға 

байланысты дәстүрлі ұғымдардың аясы өте кең. Сондықтан лексикамыздағы 

сөздердің, яғни зат немесе құбылыс атауларының көпшілігі кісі атының да 

қызметін қатар атқарады. Осыған байланысты қазақ есімдерінің арасында 

белгілі бір кезеңді ғана қамтитын (Колхозбек, Шопыр, Кәмпеске, Мэлс, Вилнұр, 

Владилен т.б.) есімдер де бар. Ілгеріде атап өткеніміздей, әрі есім, әрі зат атауы 

ретінде қатар қолданылатындары да кездеседі. Қатар қойып саралағанда

Бек, Алма, Шопыр үшеуінің тілде нормалану деңгей үш түрлі. Бек лауазымы 

қазір жоқ, атау негізінен антропоним ретінде сақталған. Алманың қос қызметі 

бірдей, қазіргі кезде есім ретінде де жиі қолданылады. Ал қалған Шопыр т.б. 

өткен ғасырдың басында және кеңес үкіметі тұсында бірен-саран қойылғаны 

болмаса, жаппай қолданысқа ие болып, тілде нормалану дәрежесіне жете алған 

жоқ. Демек, қазақ есімдерінің ішкі құрылымдық жүйесін түбір сипатты 

формалардың табиғатына қарай саралағанда, тілде нормалану көрсеткіштері 

жоғары топқа жататын есімдерге баса назар аударуымыз керек.

Қазақ тілінде кеңінен қолданысқа ие болған есімдер қатарында түпкі 

бөлшегінің мағыналары айқын формалар және мағыналары күңгірттеніп, 

көмескі тартқан формалар бар. Келесі бірі – жасанды тұлғалар – дәстүрлі 

антропонимжасамдық жүйе бойынша қысқару және қосымшалардың 

жалғануы арқылы пайда болған. Антропонимжасамдық формалардың 

1 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). 

Астана: Елорда, 2001. – 230 бет. 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

43

тілдік табиғатына тән ерекшеліктер әртүрлі болғанмен, өзінен кейін түрлі 

қосымшалар жалғап, жаңа формалардың қалыптасуына ұйытқы бола 

алу мүмкіндігі оларды антропонимжасамдық ұя терминінің төңірегіне 

топтастырады. Енді осыларға мысалдар келтіріп көрелік. Мағынасы айқын 

формаларға төмендегіей тұлғаларды жатқызамыз:

Ай- (Ай-дай, Ай-дан, Ай-кен, Ай-ман, Ай-ым, Ай-қан, Ай-аш, Ай-сын, 

Ай-тай, Ай-мат, Ай-ым-бет, Ай-шан, Ай-мыш); Ақ- (Ақ-ай, Ақ-ан, Ақ-ат, 

Ақ-жан, Ақ-ман (-пан), Ақ-тай, Ақ-ша, Ақ-ыш); Баба- (Баба-қ, Баба-н, Баба-ш, 

Баба-тай, Баба-жан, Баба-шы); Бай- (Бай-ақ, Бай-ан, Бай-ас, Бай-ат, Бай-

аш, Бай-еке, Бай-кен, Бай-мен, Бай-сын, Бай-тай, Бай-ыр, Бай-ша, Бай-шы); 

Бек- (Бек-жан, Бек-ен, Бек-еш, Бек-іш, Бек-тай, Бек-тен, Бек-ет, Бек-ей, Бек-

лан, Бек-ман, Бег-ім, Бег-ей, Бег-ен, Бег-еш, Бег-іш); Бер- (Бер-ген, Бер-тай, 

Бер-жан, Бер-ден, Бер-ді, Бер-кей, Бер-сін, Бер-кен); Бол- (Бол-аш, Бол-кен, 

Бол-ған, Бол-ақ, Бол-ман, Бол-тан, Бол-сын); Кел- (Кел-ген, Кел-ді, Кел-жан, 

Кел-тай, Кел-ім, Кел-сін) т.б. 

Осы орайда, мынандай мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. 

Ілгеріде келтірілген есімдердің түбірлері сырт қарағанда белгілі бір сөздерден 

тарап тұрған секілді, алайда олардың арасында кісі аттарына тән қысқарту 

жолымен Айшадан көне евр. (Ғайшә – ұзақ өмір сүруші, өмірге құмар, 

құштар) – Айкен, Ахаттан ар. (жалғыз, жалқы, бір) – Ақат т.б. болып өзгерген 

тұлғалар бар [2, 164]. Сонымен қатар, Айгүл мен Ақболатты және т.б. Ай-кен, 

Ақ-ат деп еркелетіп атау да дәстүрлі құбылыс (олар кейіннен дербес есімдерге 

айналып кеткен). Демек, бұларды толықтай жасанды тұлғалардың қатарына 

қосып жібере алмаймыз, сондай-ақ  мағынасы айқын түбірлердің қатарынан 

да алып тастауға болмайды (бұл антропонимжасамдық тұлғаларға тән тоғысу 

мәселесі ретінде арнайы қарастыруды талап етеді). Сондықтан, мағынасы 

айқын түбірлердің қалыптасуындағы осындай ерекшеліктерді де назардан 

тыс қалдырмауға тиіспіз. 

«Антропонимжасамдық ұя» терминінің аясына топтасатын түбір 

сипаттылар құрамында мағынасы көмескіленген тұлғалар кездеседі. Ал 

кісі аттарына тән ерекшеліктердің бірі – сөз қолданыстан түсіп,  мағынасы 

көнергенімен, олардың дыбыстық тұлғаны сақтау қабілеті жоғары болады. 

Кез-келген көнерген тұлғаны тарихи тұрғыдан талдағанда, ерте замандарда 

олардың  белгілі бір мағынаны білдіргендігі байқалады. Олардың сырларына 

тереңірек бойлау қазіргі кезде көне тұлғалы антропнимдердің мағынасын ашу 

бағытындағы талдаулардың алдында тұрған үлкен мәселе болып табылады. 

Мұндай есімдердің көпшілігі қазіргі кезде белсенді қолданылмайды, көбіне 

фамилиялар құрамында ғана сақталып қалып отыр. Бөке-, Боқ (Боғ-), Көб- 

т.б. секілді түбірлерден тарайтын тұлғаларды осы топқа жатқызуға болады. 

Мысалы, татар тілінде Бөк- түбіріне қосымша жалғау арқылы жасалған Бөкәй 

есімі бар, диалектілік нұсқасы: Мөкәй. Батыр, ержүрек т.б. мағыналарды 



Вестник ПГУ №2, 2010

44

білдіреді [2]. Қазақ тіліндегі нұсқасы Бөкей болып дыбысталады, ал  

Т. Жанұзақов көне түркі тіліндегі батыр, ер, палуан деген сөздің өзгерген 

түрі деп көрсетеді [2, 64]. Татар диалектісіндегі Мөкәй тұлғасының қазақ 

тілінде Мөкей, Мүкей, Мұқай секілді түрлері кездеседі. Көне түркі тіліндегі  

нұсқасы Bцgд (бөгә) түрінде дыбысталады  [3, 116]. Э. Севортян түркі, 

монғол, маньчжур тілдеріндегі дыбыстық тұлғаларын салыстыра отырып, 

«палуан», «күшті», «күш», «батыр», «батырлық», «берік», «ер (күйеу)», 

«сілеусін» секілді 8 түрлі мағынасын көрсетеді  [4, 211-212]. Қазіргі тілмізде, 

мағынасы көмескі тартқан осы түбірден тарайтын Бөке-ш, Бөке-н, Бөке-т, 

Бөке-й, Бөке-с, Бөкетай, Бөкебай секілді есімдер кездеседі. 

Көб (көп)- (Көб-ей (Көп-ей), Көб-ен, Көб-ек, Көб-ден, Көб-ес, Көб-ік, 

Көб-еш) т.б. Мағынасы мен дыбыстық жағынан түрлі өзгерістерге түскен 

– кейбірі мығанысы белгісіз, тек кісі есімі ретінде ғана таныс болса, кейбірі 

көне дыбыстық тұлғалардың қазір мағынасы тұрпайылау сөздермен  сәйкес 

келетін тұстары кездеседі. Олардың қатарына Боқ (Боғ-) – тұлғасынан 

тарайтын  Боқ-а, Боқ-аш, Боқ-ан, Боқ-ай, Боқ-ат, Боғ-ым, Боғ-жан секілді 

есімдер бар. Көне түркі жазба ескерткіштер материалдарымен салыстырғанда 

бұл сөздің мағынасы асыл зат салынған түйіншек, дорба, сөмке т.б. секілді 

мағына беретіні анықталып отыр. 

Мағынасы көмескіленген кісі аттарының түркі тілдерінің өзге 

тармақтарында да кездесуі бұл сөздердің антропоним ретінде қалыптасу 

тарихының ертеректен басталатынын көрсетеді. Қазір бұлардың 

өзгерістерге ұшырап, дыбыстық тұлғаларының жаңаша қалыптасуында да 

антропонимжасамдық құбылыстың өзіндік ізі байқалатын секілді. Мысалы, 

айтуға жеңіл болу үшін түбір тұлғаны қысқартып қолдану, еркелету, 

құрметтеу мәнді қосымшалар жалғау, дыбыс үндестігі әсері т.б.     

Жасанды тұлғалардың қалыптасуы тікелей антропонимдердің табиғатына 

тән ерекшеліктермен байланысты. Қазақ дәстүрінде жасы үлкенді құрметтеу, 

кішіні еркелету дәстүрі бар. Осы ерекшелік тілдік элементтер  бойынша 

кісі аттарына берілген. Ол түрлі  антропонимжасамдық тәсілдер арқылы 

жүзеге асып отырады. Соның бірі – біз сөз етіп отырған, түбір тұлғалардың 

қысқаруы мен қосымшалардың жалғануы және нәтижесінде өзгерістерге 

түсіп, жаңаша форманың қалыптасуы. Мысалы, Қаб- тұлғасынан тарайтын 

Қаб-ен, Қаб-аш, Қаб-ош, Қаб-ыш, Қаб-ытай, Қаб-ыкен, Қаб-ден, Қаб-ай т.б. 

шығу тегіне көз жібергенде, араб тілінен енген бірнеше есімнің қазақ тілінің 

дыбыстық еркешеліктеріне сай өзгеріп, бір тұлғаға айналғанын көреміз.  

Т. Жанұзақовтың зерттеулерінде араб тілінен енген Ғабит ар.(қызмет етуші) 

есімінің дыбыстық өзгерген түрі Қабден және Абдолла ар. (Алланың, 

құдайдың құлы мағ.) есімінің фонетикалық варианты ретінде Қабдолда, 

Қабдол, Қабділда деп көрсетіледі. Дәстүрлі жүйе бойынша алғанда аталған 

Қабен, Қабаш т.б. есімдердің жасалуында Қабдолда, Қабдол, Қабділданың 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

45

да өзіндік орны бар. Сол секілді, Мақ- (мағ)- тұлғасынан тарайтын Мақан, 

Мақат, Мақай, Мақтай, Мақаш, Мақыш, Мағжан, Мағыш,  Мағаш есімдері 

де түрлі өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан. Мухамматтың Махамбет 

болып өзгерген тұлғасы, онымен мағыналас Махмет, Махмұт және Мақсат

Мағаз, Мағауия, Мағрипа, Мақфуза, Мағрұп, Мархаба т.б. секілді қазақ 

тілінің дыбыстық заңдарына бейімделген кірме есімдердің барлығы 

антропонимжасамдық құбылыстың нәтижесінде  жасанды -мақ тұлғасының 

қалыптасуына негіз болып отыр.

Негізінен қазақ тіліне кісі аттары ретінде енгендіктен бұлардың мағынасы 

жалпы көпшілікке түсінікті болмағаны белгілі, енді ол дыбыстық жағынан 

өзгерістерге түскенде жаңа сипатқа ауысудың бір сатысынан өтсе, қазақ 

тіліндегі антропонимжасамдық тәсіл бойынша ықшамдалғанда жаңа бір 

формаға енеді де, өзінің бастапқы мағыналы тегіне мүлде ұқсамайтын 

дербес тұлға болып шығады. Ілгерідегі мысалдарға қайта оралсақ, 

Абдулладан Қаб-, Мухамматтан Мақ- секілді мүлде жаңа тұлғалардың 

жасалғанын көріп отырмыз. Жинақталған материал көрсеткіштеріне 

сүйенер болсақ, антропонимдік жасанды тұлғаларға көбіне кірме сөздер 

негіз болатынына көз жеткіземіз.

Қазақ тіліндегі антропонимжасамдық ұя құрамына топтасатын түбір 

тұлғалардың жалпы алғанда өзіндік ерекшеліктері ілгерідегідей сипаттардан 

тұрады.  Олардың әрқайсысының шығуы мен қалыптасу жолдарына 

байланысты лингвистикалық тұрғыдан қарастырылатын мәселелердің 

ауқымы үлкен. Бүгінге дейін есімдер құрылымына лингвистикалық 

талдаулар көбіне тіл білімінде қалыптасқан дәстүрлі жүйенің негізінде 

жүргізіліп келді де, антрпонимдерге тән түбір мәселесі арнайы сөз 

болған жоқ. Ал біріккен тұлғалардың бірінші және екінші копоненттерінің 

арасындағы байланыс, мағыналық тұтастық пен әрқайсысына тән 

ерекшелік, сондай-ақ туынды тұлғалылардың түбірі мен қосымшасының 

ара жігін ашу және антропонимдік тәсіл арқылы қалыптасқан түбір сипатты 

тұлғалардың лингвистикалық табиғатын айқындау мәселелері жан-жақты 

ізденістерді талап етеді. Жинақтай айтқанда, даму тарихы сан ғасырды 

қамтитын кісі аттарының бүгінге дейін өзіндік жүйесі қалыптасқан, 

сондықтан оларды зерделеу ісінде, тек тіл біліміндегі дәстүрлі жүйенің 

шеңберінде ғана қалып қоймай, антропонимдердің табиғатына сай, 

жаңаша қадамдар жасау талап етіледі. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). 

Астана: Елорда, 2001. – 230 б. 

2. Т.Жанұзақов Есімдер сыры. Тайны имен. - Алматы: «Парасат» 

журналы, 2004., 2008.


Вестник ПГУ №2, 2010

46

3. Древнетюркский словарь. –Ленинград: Наука, 1969.

4. Севортян Э. Этимологический словарь тюркских языков. Москва: 

Наука, 1978.



Резюме

В   д а н н о й   с т а т ь е   у к а з а н а   и с т о р и я   п р о и с х о ж д ен и я 

имен, пути установления языка с помощью изменений звуков 

антропонимических личностей.

Resume

In the present article the history of names’ origin. Ways of setting the 

language by means of change the sounds of the anthroponymic personali-

ties are examined.

ƏӨЖ 811.512.122



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҮБІР СИПАТТЫ 

АНТРОПОНИМЖАСАМДЫҚ ФОРМАЛАРҒА 

ТӘН БЕЛГІЛЕР

Б. Досжанов

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

Қазақ антропонимдерінің құрылымдық жүйесі түркі тілдеріне ортақ 

жалғамалылық, сондай-ақ түбірлер мен қосымшалардың қалыптасуы секілді 

жалпы заңдылықтардың аясында жүзеге асып отырғандықтан, оларды 

түбірлер мен қосымшалаға жіктеудегі кейбір мәселелер назар аударады. 

Әсіресе түбір орнында тұрған тұлғалардың құрылымдық жүйесі тереңірек 

қарастыруды талап етеді. Осы орайда «түбір орнында тұрған тұлға» деген 

сөзге түсінік бере кетуіміз керек секілді. Қазақ антропонимдерінің ұлттық 

табиғатына тән ерекшеліктердің нәтижесінде антропонимжасамдық түбірлер 

түрлі жолдармен қалыптасқан. Арасында белгілі бір мағынаға ие дербес 

сөздерден жасалғандары да, қысқарудың нәтижесінде ешқандай мағына 

бермейтін дыбыстық формаларға айналғандары да бар. Сыртқы тұлғасы 

дербес мағыналы сөздерге ұқсағанмен, жасалу жолдарына көз салғанда бір 

дыбыстық формаға келіп тоғысқан әртүрлі  тұлғалардың жиынтығын да 

байқауға болады, яғни бірнеше есім антропонимжасамдық тәсіл арқылы 

бір тұлғаға айналған. Түбір ретінде танылуға мағыналық мүмкіндігі төмен, 



сондықтан «түбір орнында тұрған тұлға» дейтін себебіміз осы, алайда тілдік 

Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
zhurnal st -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
zhurnal st -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева
zhurnal st -> Адам қҰҚЫҚтары-саяси ғылымның Өзекті мəселесі р. Б. Əбсаттаров
zhurnal st -> 6 ƏӨЖ 81’1: 811. 512. 122 Етіс категориясының теориялық МӘселелері е. Б. Ахметов
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Литература рыжова Л. П. Пресуппозиционный аспект обращения // Семантическая семантика и прагматика. Калинин, 1982
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Исследование произведений


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет