«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет119/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
111 
бастайды, ғашық болады, ал ақын бұл жерде өткен шақтағы мазасыз күйін аңсайды, 
сағымға айналды деп келмеске кеткенін ойлап күрсінісін білдіреді. «Қояндай», «Ақсақ 
қасқыр секілді» – теңеу, ақын жеткізбеген арманын қоянға теңейді, себебі 
сүтқоректілердің ішінде шапшаң, жылдамы қоян болған соң соны алып отыр. Ал сол 
арманды қуып жете алмаған өзін «ақсақ қасқырға» теңеуі де сәтті теңеу, себебі қоян мен 
қасқыр әдеби шығармаларда үнемі қатар кездесетін аң, жануар. «Атамның әзіліндей» – 
теңеу, дүниені атасының әзіліндей қымбат дейді, неге? Себебі көпті көрген қарияның 
жасы ұлғайған сайын, төрінен көрі жақындаған сайын оның әрбір сөзі құнды, бағалы боп, 
өзінің қадірі одан бетер арта түседі. «Әжемнің әжіміндей» – теңеу, дүниені әжесінің 
әжіміндей жұмбақ дейді. Шынымен, ақ жаулықты қарт ананың әрбір әжімінің өзіндік 
сыры бар, ол әжім тек қана қарттықтың белгісі емес. Ол әжімнің астарында сағыныш, 
шаттық, қайғы-мұң, күйзеліс, махаббат және уақыт жатыр. Ақын осы теңеулерді 
қолданып пенде үшін дүниенің нақты бағасын қандай екенін дәл тауып жазған. Ал «ақ 
қар», «ақ қайың», «ақ жусан», «ақ боран», «ақ сағым», «ақ жастық», «ақ неке», «ақ қоян», 
«ақ дидар», «ақ домбыра», «ақ сәлде», «ақ жаулық» мұның бәрі – зат пен құбылыстың 
сыр-түсін білдіретін эпитеттер.
Ақ қар жауып жатқан мезгілдегі сол сезімді, ой толқынысын ақын поэзия тілімен 
осылай жеткізеді. «Ақынның қаруы – тіл» демекші, ақын айтпақ ойын қағаз бетіне түсіре 
отырып, небір керемет сөз оралымдар мен тіркестерді қолданып, ғажайып өлең туғызу 
үшін көркемдік тәсілдерді пайдаланған. 
Ақындар көбінесе көңілін мұң шалғанда, махаббат дертіне шалдыққан да өлең 
жазады. Шер толқытса да, депрессия болса да, пессимизмге түссе де, сағыныштан 
сарғайса да өлең жазбай қоймайды. Алдымен өлең оқырманның ой-сезіміне әсер етуі 
керек, қозғауы керек. Өлеңдегі ой терең болса, суреті анық, бояуы қанық болса, көркем 
сезім білініп тұрса, оқырманның сезім шоғын үрлейді. Ақын Алмас Темірбайдың 
«Баянсыз» атты өлеңінде ақынның ішкі сезімі, өмірде көп қателік жасалғаны, арманына 
дұрыс жете алмағаны анық байқалады. Дүниенің шынымен баянсыз екеніне көзі 
жеткендіктен де өлеңнің тақырыбын солай қойған. 
«Жыр жазғанмын жыртық көңіл жамалмас, 
Ізгі үміт іздегенін таба алмас. 
Жылуы жоқ жылтыраған мұз құсап, 
Қарашықта қатып мәңгі қалар жас. 
Ақылыммен жарты әлемді жайнаттым, 
Ашуыммен жарты әлемді жайраттым. 
Үш жыл бұрын, үш жыл бұрын... шабытым 
Ұшқыр еді шабысынан бәйге аттың. 
Тірлігімде тіккен туым жығылмай, 
Шалқақтаушы ем Шыңғысханның ұлындай. 
Адастырып кетті, міне, ақыры 
Ой-арманым ор қоянның жымындай. 
Бәрі-бәрі... 
Көрген түстей баянсыз, 
Бәлкім, мені мүсіркерсіз, аярсыз. 
Көкірегімнің жұдырықтай алтынын 
Көзіңіздің жасыменен шаярсыз. 
Жыр жазғанмен... 
Жыртық көңіл жамалмас, 
Ізгі үміт іздегенін таба алмас. 
Көр-кеудемді құшқаныңнан не қайыр, 
Өлген сезім о дүниеден оралмас...» [2, 47]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет