Тірек сөздер: темірқазық, бедел, пейіл, серт, менталитет, шешен.
В произведениях А.Кекильбаева особое внимание уделяется истине и подлинности
ораторских слов, которые являются духовным достоянием страны в числе казахских
национальных культурных благ. Священная заповедь отцов – мудрое заключение
исторического сознания жизненного опыта, которое было накопленно мудростью на
протяжении веков и оценивалось как принцип нравственности. Ведь желание будущему
поколению благополучия, мудрости, достоинства, мужества, добра, знаний,
процветания, долголетия и больших успехов издавна было благородной мечтой
человечества.
Ключевые слова: железный кол, репутация, нрав, менталитет, оратор.
In the works of Kekilbayev, special attention is paid to eloquent words, truth and
authenticity, which are considered the Kazakh national cultural and spiritual wealth. Because
the Holy grandfather's Testaments are a wise conclusion of the historical consciousness of life
experience, which has endured through all times and centuries, as a rule, is regarded as a
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары
264
principle of morality. Because the desire for the future generation of well-being, integrity,
courtesy, courage, kindness, art, education, long life, a large income is a noble heritage of
humanity.
Кеу words: mentality, speaker, tough, reputation, iron stake.
Шешендік өнер – кез-келгенге қонбайтын киелі қасиет. Ол – ешкімнің бетіне жел
болып тимейтін мінезді, кең ойлап, кең пішетін кемеңгер, көп тыңдап, аз сөйлейтін,
сөйлесе жетеңе жеткізе тоқетерін айтатын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адал, тура
сөйлеп, «туғанына жақпайтын», ұлттың қамын жеп, халықтың намысымен өртеніп, ойды
септеп, қолымен от көсеп отыратын кемеңгер адам. Сол кемеңгерлердің арқасында Ұлы
Дала түрмені білмей, қоғамды бұзықтардан қорғап, заманды түзеп, жас ұрпақты береке-
бірлік, ізгілікке ауыздандырып келді. Әбіш Кекілбаевтың шешендері мен билері: Төле,
Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Мәті билері осы деңгей, өлшемде көрінеді. Әсіресе,
Әбілқайырдың бойындағы көжеден көп сұлтанның бәрінен табыла бермейтін үздік
қасиеттерді ерте таныған сұңғыла Мәті би оны үнемі қоштап, қолдап, қатесін түзеп, сара
жолға салуға көп еңбек сіңірді. Ол – қызыл тілім мен сара көкірегімнің жолына тұзақ
болады деп иініне асыл ілмей, алдына мал түсірмей, жанына ағайын-жекжат жолатпай,
қара қылды қақ жарған нағыз тура би атанған, кісілігі мол абыз адам. Жаугершілік
заманда қалмақтың қонтайшысы қолға түскен Мәтіге: «Дүниедегі ең үш тәтті нәрсені
қателеспей айтып берсең, басыңа бостандық берем», - дегенде ол: «Ақ некелі жардан тәтті
не болушы еді, ақтан туған ұлдан не тәтті болушы еді, азамат екеніңді біліп өлген ажалдан
тәтті не болушы еді» [1, 85], - деп қазақтың кемеңгерлігі мен келістілігін мойындатып,
тұзағын өз қолымен ағыттыртқан ғой. Сол Мәтінің «ақ некесінен», «ақтан туған» жалғыз
ұлы Тайлан әкесінің күн көрістік қана дәулетінен қорынып ұзақ үйлене алмай жүреді.
Сонда әкесі: «Әкең-Мәті, досың - Әбілқайыр болса, саған қандай қалың керек. Қасыңа
сұлтанды ерт те, сұлтан түсетіндей бір үйдің ту сыртынан барып ат басын тарт. Ар жағын
өзің көресің!.. Өзіңнің болашақ қадіріңді, әкеңнің атын, досыңның абройын тегін үйдің
босағасына тастай салма» [1, 88], - дейді абдыраған баласына. Айтқандайын-ақ, ерлігімен,
ұстамды мінезі, азаматтық тұрлаулығымен Әбілқайыр ханға дос болған Тайлан батыр,
сәтті бір күні Садыр руының атақты байы, сыртқы сұлулығы ішкі сұлулығымен үйлесіп,
жігіт біткеннің көкейін тескен Патшайым атты қызы бар Жомарттың үйіне кеп аттан
түседі. Жомарт құтты қонақтарды қуана қарсы алып, ағайын-туғанын түгел шақырып,
жабылып жүріп күтіп, кетерінде бұйымтайларын сұрайды. Әбілқайыр досы, Мәті бидің
баласы Тайланға Патшайымын қосуын өтінеді. Байлықты мақсат тұтпайтын, киелі
отбасының қадірін білетін Жомарт бай екі сөзге келмей, Әбілқайырдың көзінше, жалпақ
жұрттың алдында Тайлан батыр мен Патшайымға әкелік ақ батасын беріп, еш
қалыңмалсыз Мәті бидің босағасын аттатады. Соның алдында ғана Тайлан киімінің
қораш екенін, ат әбзелдерінің ескіргенін әкесіне ескерткенде, ол саспастан ұлының атына
мініп базарға барып қайтуына кеңес берген-ді. Ол базар аралап жүргенде бір келбеті
келіскен саудагер оған сәлемдесіп, әр нәрсенің нобайын айта келіп, мұнан: «Мәті бидің
баласы емессіз бе? - деп сұрап қалады. Тайлан жөнін айтады. Сол-ақ екен әлгі саудагер
Тайланды үйіне ертіп барып, қонақ етіп, күтіп, кетерінде астына бар әбзелдерімен ат
мінгізіп, шырттай киіндіріп шығарып салады. Бәр-бәрі көрген түстей Тайланды таң-
тамаша қалдырады да, осының сырын әкесінен сұрағанда, ол жайбарақат қана: «Бала әкеге
бес жыл жұмбақ, әке балаға өмір бойы жұмбақ» деген ғой. Әкеңнің қадірін әлі
түсінбегенің бе, балам» [1, 88], - депті. Өмір дегенің қып-қызыл майдан. Сол майданда
пенде қайда жүрмейді, не істемейді, қандай адамдармен қарым-қатынас жасамайды.
Сондай сәттерде кейде жазықты боп әлдекімдерге тәуелді боласың, немесе
қиянаткерлердің құрығына түсіп жазықсыз жапа шегесің. Қатігез қол ажалыңнан бұрын
жер қаптырары да Аллаға аян. Сыйынған Алла, не құдіреті жүріп тұрған адамнан күдер
үзгенде, саған көзі түсіп, айдаладағы біреу құрықтан босатып, қақпаннан құтқарса,
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
Достарыңызбен бөлісу: |