Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


«Ойды қорытындылау» тәсілімен мынадай жазу жұмысын орындаңыз



бет23/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

4. «Ойды қорытындылау» тәсілімен мынадай жазу жұмысын орындаңыз.
1) Мәтіннің негізгі идеясын ашатын үзінді келтіру керек. 2-3 сөйлем. Келтірілген сөйлемдер көшірілмей, өзіндік түсінік тұрғысынан беріледі.
2) Дәлел. Үзіндіні 3-4 сөйлеммен дәлелдеу керек. Мұнда басқа ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасалғаны орынды.
3) Сұрақ. Мәтін бойынша бір проблемалық сұрақ келтіру керек. (жан-жақты ашылмаған, ерекше толғандырған, назар аударған, қызықтырған)
4) Жауап. Қойылған сұраққа 2-3 сөйлеммен жауап беру керек. Жауапта бұл мәселенің неліктен өзіне назар аударғандығын және оны қалайша шешуге болатындығын көрсету керек.
5) Қорытынды. Мәтін бойынша туындаған ойларды (қорытынды шешім) 3-4 сөйлеммен келтіру керек.


МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
1. Берілген атауларға қатысты мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Тәркілеу, ұлтжандылық, үндеу.
1. Бұл атауларды Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

2. Мәтінді оқыңыз, оның мазмұны бойынша қос жазба күнделігін құрастырыңыз.

Міржақып Дулатов – қоғам қайраткері, ақын, публицист, ағартушы-педагог.


Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел деген жерде 1885 жылы дүниеге келген. Әуелі Міржақып ауыл мектебінде мұсылманша, орысша сабақ алды.
1897 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, 1902 жылы бітіріп шығады. Әрі қарай Ы. Алтынсарин үлгісімен ауыл мектептерінде мұғалім болады.
1905 жылы Қарқаралыда патша атына петиция (талап-арыз) жазған қазақ интеллигенциясының ішінде Міржақып та бар еді.
Оның қазақ халқының серкелері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановпен кездесуі ұлтжандылық, халқының тағдырына тілектестік қасиетінің оянуына себепші болды. Ол Петербургте «Серке» газетін ашушылардың бірі болды, бірінші санында патша үкіметіне қарсы үндеу - мақала жазады.
1909 жылы Уфа қаласында «Оян, қазақ!» деген жыр жинағын шығарады. Бұл жинақтың ұлттық рухқа, қайрат пен жігерге, ұлттық намысқа толы екендігінен, ағартушылық-демократиялық сипатымен қазақ арасында кең таралып аса зәру құралға айналғанынан қорыққан патша өкіметі кітапты тәркілеп, II басылымын жою жөнінде шешім шығарды. Бірақ кітаптың көптеген данасы халық қамқорлығының арқасында сақталып қалады.
1910 жылы Міржақып Дулатов қазақтың алғашқы романы саналатын «Бақытсыз Жамалды» Қазанда бастырып шығарады. Роман қазақ жастарының бас бостандығы, адам тағдыры, қазақ қоғамындағы қайшылықтарды көтерген.
А. Байтұрсыновпен ұзақ жылдар «Қазақ» газетінде бірге жұмыс істеуі оның публицистік-журналистік қабілетінің ашылуына игі ықпал етеді.
Ұлттық ояну жылдарында Міржақып та ұлт зиялыларымен бірге «Алаш» партиясын, «Алашорда» өкіметін құруға белсене араласады. Кеңес өкіметі тұсында Міржақып Дулатов оқулықтар («Есеп құралы») жазады, газет редакцияларында, баспада қызмет етеді, жоғарғы оқу орнында дәріс оқиды. 1928 жылы қоғамды қызметке белсене араласып жүрген шағында, голощекиндік озбырлықтың қармағына ілініп, Ақ теңіз – Балтық каналы бойындағы Соловки лагерінде ауыр науқастан көз жұмады.


Үзінділер



Түсіндірмелер/Комментарий













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет