Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


Мәтін мазмұнын талқылау үшін рөлдік ойын ойнаңыздар. Мұндай ойындарда келесідей рөлдерді қолданыңыз



бет21/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

4. Мәтін мазмұнын талқылау үшін рөлдік ойын ойнаңыздар. Мұндай ойындарда келесідей рөлдерді қолданыңыз:
Автор - өз көзқарасы мен пікірін келтіруші.
Түрлендіруші – автордың ұсынысын толық қабылдамай, өз түсінігін құрастыратын, содан туындаған ойлармен басқалармен бөліседі.
Сыншы (немесе Пессимист) – талқылау барысында қабылданған шешімдерге күмән келтіріп, өзгеше ұсыныс жасап, басқа шешімдер мен көзқарастар келтіреді.
Ұйымдастырушы (немесе капитан) – жасалған жұмыстың барлығын да үйлестіріп, қатысушылардың жеке пікірлерін жинақтауға, біріктіруге ұмтылып, оларды автордың көзқарасын дамытуға бағыттайды.
Қуаттаушы (немесе Оптимист) – қандай да болмасын ұсыныс пен әрекетті демеп, қолпаштап отырады. Оның жұмысы сыншы рөліне қарама-қарсы. Ол өз жұмысында мақтау мен мадақтауды қолданады.
Идея келтіруші – үнемі өз ойларын келтіріп, топтың әрекеттерін соларды жүзеге асыруға бағыттаушы.
Барлаушы – басқа топтарда жұмыстың қалайша жүріп жатқандығын анықтаушы.

5. Сабақта қарастырған мәтін авторына «үшбу хат» жазыңыз. Хатты сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.


ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ – ПЕДАГОГ

1. Педагогика тақырыбына байланысты бестармақ (синквейн) құрастырыңыз.
1) 1 зат есім
2) 2 сын есім
3) 3 етістік
4) 4 сөз табынан тұратын сөйлем
5) 1-сөздің баламасы немесе синонимі

2. Мәтінді оқыңыз, оның мазмұны бойынша жазбаша дөңгелек үстел өткізіңіз. Студент өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт аралығында (2-3 минут) жазып, уақыт аяқталған соң қасындағы көршісіне парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды ары қарай жалғастырады. Осылайша жазуды толықтыру жалғаса береді. Бүкіл үстелді айналып өткен парақ қолына тигенде, парақ иесі жазғандардың бәрімен танысып шығып, қорытынды тұжырым жасайды.

Ж. Аймауытов 1889 жылы Семей облысының Қызылтау ауданында дүниеге келген. Ол Керекудегі мектеп-интернатта, Семейдегі мұғалімдер семинариясында білім алған.


Жүсіпбек Аймауытов - жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу, оның дұрыс өсіп, дұрыс жолды таңдай білулеріне көмек көрсету мәселелеріне терең тоқталған ғалым. Ол жас өркенді оқытып-тәрбиелеуде, оның жеке тұлғасын, өзіндік «мәнін» қалыптастыруда мұғалімнің ролі айрықша екендігіне көп көңіл бөлген.
«Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» еңбегі мектепке және оқытуға байланысты қазақ тілінде жазылған алғашқы құралдардың бірі болды. «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші», «Психология» деп аталатын еңбектері қазақ мектептері тарихындағы психология мәселесіне арналған тұңғыш зерттеулер болып табылады. Автор: «Психология» кітабының алғы сөзінде: «Өзге білімдер затшылдыққа табан тіресе, аяғын нық басқан жоқ.... Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады...»-, дейді. Ж.Аймауытов «Тәрбие мен амал» атты тарауында: «Өмірге пайдасыз білімнің білім сәндігі жоқ. Олай болса психология білімі де тәрбиеге пайда келтіретін болуы керек. Тәрбиенің түпкі мақсұты: адам маңайындағы табиғат төңірегіне, әлеумет төңірегіне ыңғайласуға ықпал беретін құрал-күш жасап беру. «Тәрбиесіз» адам өмірде әрбір жаңа күйге ұшыраса берекесі кетіп, рәсуа болады. Ал , «Тәрбиелі кісі» жадына сіңірген өнегелер, дерексіз ұғымдар арқасында бұрын ұшырамаған халге түссе де, шаруа табуға оңтайлы келеді. Бір сөзбен тәрбиені былай тағайындауға болады: қылық пен икемдік жүзінде бойына сіңірген әдетті іс істеуге жанастырып, ұйымдастыру»,-деп, тәрбиенің психологиямен байланысты болып келуіне назар аудартады. Бұл ғылыми зерттеулер өз уақытында жоғары бағаланған және еңбектің құндылығы бүгінгі тәрбие мәселесіне де қажет екендігі даусыз.
Ж.Аймауытов білім беруде оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға оқу үрдісінде балаларға түсінікті ұғымдарды үйретуден бастауды олардың жеке қабілет-дарыны мен ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударады. Жазушының бұл принциптері қазіргі кезде әдістеме саласында қолданып жүрген жеңілден күрделіге қарай оқыту және олардың жас ерекшелігін ескеру қағидаларымен сай келеді.
Ж. Аймауытов мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір тумысынан берілетін ерекшеліктерін (темперамент, нышан т.б.) ескерту қажеттілігін, бұл жерде кісі өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіру керектігін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет