Байланысты: Four-dimensional System of Teaching the Latin Graphics[#1160750]-2591272
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019 алдыңғы қатарға қойылып отыр. Осынау маңызды міндетті шешуде әрбір қазақстандықтың
жеке тұлға ретінде өзінің тұлғалық өсуі мен азаматтық ынтымақтастығын мүмкін етуіне
қажетті оқу-әдістемелік база дайын болуы үлкен, тіпті шешуші рөл атқарады. Яғни басылым
беттерінде жарияланған Жаңа әліпбимен танысу. Жаңа орфографиялық ережелер жүйесімен
танысуды бұқараға тегіс қолжетімді ету міндетінен ендігі ретте әрбір азаматтың жеке
тұлғалық кеңістігінде жаңа жазуды меңгеру жүйесін қалыптастыруға көшуді бастау керек.
Жаңа жазуды меңгерту жаңадан қабылданған жалпыға ортақ жазу нормалары мен мәдениет
үлгілерін жаңа таңбалар негізінде игеруді, сол арқылы ұлттық мәдениетіміздің санада
таңбалануының жаңа жүйесін игеруді танытады. Сонымен бірге және өте маңызды тұсы -
әрбір жеке адамның тұлғаның дамуына қажетті ішкі әлеуетті күштерін оятуға, ішкі
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жаңа серпін тауып береді. Сол арқылы жаңа жазуды меңгерту
процесі баладан бастап, ересек азаматтарға дейін өзін-өзі танудың жаңа қырдан танылған
екінші қуатты тынысы болады. Жаңа әліпбидің рухани жаңғыру процесімен тығыз
байланыстылығы осымен анықталады.
Қазақстан Республикасындағы тіл үйрету орталықтары, білім беру мекемелері, т.б.
орындар жаңа әліпби мен жаңа орфографиялық ережелерді халыққа, әлеуметтік топтарға
үйретуге стихиялы түрде кірісіп кетпес үшін, соның негізінде жаңа орфографиялық ережелер
мен жаңа әліпби жөнінде перифериялық кеңістіктерде талқылаулардың түрлі басқа сарынға
түсіп кетпеуін қадағалау керек. Ондай мәселелер орын алған кезде оның алдын алу әрбір
қазақстандықтың өзінің әлеуметтік орнына қарай жаңа қазақ жазуын меңгеру кеңістігінің
қалыптасуына педагогикалық басшылық жасаумен тікелей байланысты болады. «Латын
графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету әдістемесінің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН»
нақтылап алудың орны осы айтқандармен анықталады. Тұжырымдама негізінде
нақтыланатын Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету әдістемесінің Стандарты
(әрі қарай – Стандарт) мен Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету
әдістемесінің Типтік бағдарламасы (әрі қарай – Типтік бағдарлама) – жаңа жазуды үренуші
тұлғаның танымдық белсенділігін жеке басының жаңа әліпбиді үйрену аясынан тұтас
қоғамның түрлі әлеуметтік салаларына алып шығатын дидактикалық нормативтік құжаттар.
Стандартта нақтыланған мазмұнның Типтік бағдарламада дидактикалық талаптармен
үйлестіріле орналастырылуы арқылы жаңа жазуды оқып-меңгеруші әрбір жеке тұлғаның
қазақ мәдениетінің, жалпы адамзат мәдениетінің, адами іс-әрекеттің субъектісі ретінде
дамуына қажетті қалыпты жүйе орнығады [6].
Білім беру мен тәрбиелеу мекемелерінің, балабақша, бастауыш мектеп, негізгі мектеп,
орта мектеп, лицейлер, университеттерде білім алушылар мен жоғарыдан кейінгі білім
алушылар, қызметтегі ересектердің барлығына қажетті маңызды әлеуметтік-мәдени темір
қазық болатын құрал – жаңа жазуды меңгертетін сапалы әдістемелер мен тиімділігі жоғары
педагогикалық технологиялар модельдері. Бұл әдістемелер мен технологиялар модельдерінің
негізгі сипаттары оқу, шығармашылық, ойын, өзіндік жұмыстар орындау, т.б. әдістері
арқылы танылады.
Тұжырымдамалық негіздері айқын, Стандартқа түсірілген және Типтік бағдарламаға
лингводидактикалық талаптарға сай үйлестірілген Латын графикасына негізделген қазақ
жазуын үйрету әдістемесі жаңа жазуды үйрететін басқа жүйелерден мынадай қырларымен
айрықшаланады [7]:
-
жас ерекшелігіне, білім беру мекемелерінің, түрлі әлеуметтік салалардың
ерекшеліктеріне бейімделетін жаңа жазуды үйрету бағдарламаларының нұсқаларын әзірлеп,
қолдануға мүмкіндігі болады;