«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж



Pdf көрінісі
бет106/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
жарыққа шығарылуының жоспарлануы, мәселен, поэзияның лирика жанрында 
материалданатын болса, ол алдымен лирика жанрының формасында, яғни біріншіден, 
метрикасы мен ұйқасының құрастырылуына, екіншіден лирика жанрының әдістеріне, 
мотивтік-бейнелік жүйесіне, хроноптық жүйесіне байланысты парадигматикалық 
дискурстерінің бәрі жинақталып Прагматикалық, идеологиялық ньюанстардың туындауына 
алып келеді. Әдеби дискурстың құрамдас бөліктері синтагматикалық дискурс - мәтінді 
сөйлеу актінің үдерісі мен нәтижесі, таңбаны, сөз арқылы «кодты» жеткізуші деп 
қарастырса, парадигматикалық дискурс - негізгі критерийлерін объективті (мәселен, жанр) 
және субъективті факторлар құрайтын шектеулер мен қағидалар жүйесі деп түсініліп жүр. 
Осы синтагматикалық және парадигматикалық дискурстардың өзара байланыстарының, ара 
қатынасының нәтижесінде ортаға жаңа интердискурс деген ұғым келген [1]. Ғалым 
Т.Есембеков дискурс теориясына байланысты мынадай тұжырымдарын айтады: «Дискурс 
коммуникация мүшелерінің ойлауы мен сөйлеуін ғана емес, оларға қатысты әлеуметтік, 
мәдени нормаларды, қоғамдық ортадағы мәтіннің түсінілу деңгейін зерттейді. Демек, мәтін - 
дискурстық фрагменттің, материалдық бірліктің, зерттеу нысаны болса, дискурс - үдерістік 
бірлікті талдайды». [4, 11]. Яғни ғалымның бұл ойларынан кең мағынадағы дискурстың, 
мүмкін интердискурстың функциясын аңғарып отырғандаймыз. Сондай-ақ дискурстың 
синтагматикалық және парадигматикалық түрлерінің қызметтерін де көрсетіп отыр. 
Дискурстың прагматикалық аспектісі де қамтылған. Жалпы мағынадағы дискурс, не 
интердискурс сөздің синтагматикалық, парадигматикалық қасиеттерін бойына сіңіреді, 
сондай-ақ әдеби дискурс өнердің когнитивтік, эстетикалық, семиотикалық, коммуникативтік 
қасиеттерінен құралады. «Кейбір ғалымдар дискурсты санамен байланыстырады, бұл 
жағдайда мәтін сөздер мен синтагмалардың бірлігі, ал дискурс әр түрлі пікірлердің тек 
қисынды бірлігі болып шығады. Түйіп айтсак, мәтін мен дискурс жақын ұғымдар 
болғанымен, олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар, оған қоса оларды зерттеу 
тәсілдері де бөлек- бөлек» [4, И]. Әдеби дискурс автордың санасында қылаң берген 
«идеяның» тууынан бастап, яғни эмбрион кезінен оның жасушаларының жетіліп, денеге 
айналып, жарық дүниеге келуі сынды нәрестенің жаратылуы, дүниеге келуі үдерісі қандай 
болса, шығармашылықтағы нәрестенің, туындының дүниеге келуін қатар қойып 
салыстыруға болады. Дискурстың міндеті, қызметі, спецификасы «идея-эмбрионның» 
дүниеге келуімен аяқталмайды, дискурс мәтін арқылы материалданғаннан кейін, әлеуметтік 
қызметке түсуі, прагматикалық қыры іске қосылады, кейінгі тұста рецептивті эстетиканың 
еншісіне беріп қойған шығарманың қабылдануы, түсінілуі, бағалануы, талдануы сынды 
пәнаралық салалардың жүзеге асырылуы да дискурс шеңберінде орындалады. Эмбиронның 
сәбиге айналуы, сәбидің жасөспірімге, ересек кезеңге қадам басуларының сатылары қалай 
болса, көркем шығарманың да жаратылуы мен тууы, «кіндігінің кесілуімен» басталып, әрі 
қарай өсу, есею жолдарын жүріп өтеді. Биологиялық адам өлгенімен оның туындысы мен 
рухы ғасырдан-ғасырларға созылатыны сияқты, адамға мәнді екінші өмірді сыйлап, ғұмыр 
жасын ұзартатын да шығарма арқылы жеткізген дискурсы болып табылады. Өмірде әр 
адамның, қоғамның түрлі-түрлі дискурстері болады. Таңдаған дискурстері бойынша өмір 
сүріп, тіршіліктерін жасайды (мысалы: біреу саясат, біреу өнер, біреу спорт, біреу өндіріс, 
біреу ғылым, т.б.). Саяси, философиялық, діни, құқықтық дискурстер өз алдына өмір сүреді. 
Өнер туындысына, көркем шығармаға қатысты дискурс - өнердің барлық табиғатына тән 
өрбиді. Өнердің синтагматикалық, парадигматикалық қырлары дискурс шеңберінде іске 
асатындығын жоғарыда айтып өттік. Осы қасиеттердің бәрі айналып келіп, жалпы 
мағынадағы «идея» ұғымына келіп тіреледі. «Идеяны» дискурстың өзегі деп қараушылар да 
бар: «Эти изменения ведут к сужению диапазона значений в силу того, что одна из главных 
составляющих дискурса - идеологии (понимаемая здесь предельно обобщенно и 
аксиологически нейтрально - как система установок субъекта высказывания) - является 
системой ограничений, предполагающей норму и оперирующей понятием отклонения от 
нормы» [1]. Көркем шығарманың таңбалық, танымдық, коммуникативтік, эстетикалық 
модельдерінің бәрі түптеп келгенде - «идея» деңгейінде топтасатыны белгілі. Тіл, сөз 
арқылы берілетін таңба, сөздердің қиысуы арқылы жеткізілетін «код», мағына, мәтіннің өне 
бойынан өрнектелетін «идея», «идеялық мазмұн», мәтіннің тұтас қызметінің келіп шығатын 
«идеология» бәрі - дискурс табиғатынан туындап жатқан категориялар. 
Дискурс теориясын зерттеуші ғалымдар дискурс типологиясын талдағанда оның 
негізгі екі түріне тоқталады: ауызша және жазбаша дискурс. Тіл біліміндегі дискурсқа 


вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
берілетін анықтама «сөйлеу акті» екендігін ескерсек, дискурс тек ауызша сөйлеуге 
байланысты қолданылатын термин деп қарастырмағанымыз жөн. Мойындау керек, ауызша 
айту, ойды жеткізу, сұхбаттасу процестері кезінде дискурс үдерісі іске асып отырады, 
дегенмен ой сөз арқылы хатқа түскенде дискурс үдерісі жойылады деген ұғым тумауы керек. 
Ой, не идея қандай формада болмасын (мейлі ауызша, мейлі жазбаша) материалданған кезде 
белгілі бір бағытқа, концентке ие болады, дискурстық бірлік үдерісі орын алады. 
Ц.Тодоровтың анықтамасына оралатын болсақ, «тілдің арғы жағында, ойды жеткізудің бергі 
жағында» іске асатын дискурс спецификасы көркем шығармашылық үшін әмбебаптық 
қызмет атқарады. Көркем шығарманың құрылымы, стратегиясы, жанры, композициясы, 
стилі дискурс негізіне сәйкестендіріліп жасалады, туады. Дискурс - көркем шығарманың 
ядросы, эмбиронынан бастап, әлеуметтік қызметке түскен, рецепиент талқылауындағы 
дербес дүниеге айналғанға дейінгі кезеңді қамтитын диалектикалық жүйе. 
Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді әдебиеттанушылық шикізат деп қарастыратын 
болсақ, сол шикізаттың идентификациясын жасайтын, құрамын, жасалу жолдарын, сапасын, 
қасиетін, мақсатын, мазмұнын анықтау, бағалау, түсіну, түсіндіру дискурстық поэтика 
арқылы іске асады. 
Әрине, осы уақытқа дейін көркем мәтінді талдаудың қалыптасқан дәстүрлі әдіс, 
тәсілдері мектептері бар. Ол мектептер көркем мәтінді талдауға, түсінуге елеулі үлестер 
қосып, таным көкжиегімізді тереңдетіп жүргені белгілі. Аталмыш зерттеу әдістері мен 
тәсілдері мектептерінің басын қосып, пәнаралық, кешенді салаға айналған - дискурстық 
поэтика көркем мәтінді теоретикалық зерттеуде жаңа бастауларға, жаңа арналарға 
жетелейді. Әлем сияқты шексіздіктен тұратын көркем әдебиет әлемінің түпсіз терең сырын 
түсінуге, құдіретін тануға жол ашады, Ол үшін дискурстық поэтика методологиясы 
анықталып, пәнаралық ынтымақтастықтың негізгі ортақ концепциялары айқындалып, 
кешенді зерттеу орталықтары дүниеге келіп, іргелі зерттеулер жасалуы қажет. 
Шығармашылық психологиясы, психолингвистка, семиотика, структурализм, когнитивті, 
прагмативті, 
тарихи-функционалдық, 
герменевтикалық, 
рецептивті 
эстетикалық, 
компаративиетикалық, т.б. әдістер басы қосылып, дискурстық поэтика методологиясы 
ұшталуы тиіс. 
1. 
Руднев Ю. Концепция дискурса как элемента литературоведческого метаязыка. 
[WWW- документ] URL http: //
www.zhelty-dom.narod.ru/literature/txt/discoursjr.htm

2. 
Тодоров Ц. Понятие литературы. (Перевод с франі(узского Г.К.Косикопи). 
[WWW-документ] URL http: //www. humanities, edit.ru/dh/msg/30833. 
3. 
Ван Дейк Т. A. (1998). К определению языка. [WWW-документ] URL 
http: //www. пsu. ги/psych/internet/bitshandi]k2. him. 
4. 
Есембеков Т. У. Көркем мәтінді талдау негіздері. — Алматы:-Қазақ 
университеті, 2009. 
Резюме 
В данной статье рассматриваются проблемы взаимоотношений и взаимосязи, а также 
различии литературного дискурса и художественного текста. 
Summary 
In given clause problems of mutual relations and interrelations, and also distinction of a 
literary discourse and the art text are considered. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет