вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
бастайды» /1,25/ деп қуанышын да жасыра алмайды.
Ө.Тұрманжанов сияқты Ж.Сыздықовтың да көбінесе
әлеуметтік тақырыптарға
барыңқырап жүргенін («Домбыра күйіне», «Атбасар суреттері»), кей уақыт кеңсешілдікті,
төрешілдікті, керенаулықты («Бір ауылнайдың баяндамасы») әшкерелеуші ақын ретінде
бағаласа, енді бірде: «Жиырмасыншы жылдардағы Сыздықов поэзиясына тән кемшілік:
сөзді мағынасына, мәніне қарамай, қалай болса солай қоя салушылық; шұбыртпалылық;
кейде газет сияқты етіп баяндаушылық. Мұндай міндер басқа адамдарда да бар. Бірақ
Сыздықов өлеңдерінде бұл кемшілік жиірек байқалып, көзге айқынырақ шалынады» /1,23/
деп көрсетеді.
Жиырмасыншы жылдар поэзиясының белді өкілдері А.Тоқмағанбетов, С.Дөнентаев,
Т.Жароков, Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев т.б. қазақ поэзиясына қосқан үлестерін (мазмұн,
тақырып пен идеялық тұрғыдан), олардың үлкен әдебиетке
келу жолдарына бақылау
жүргізген зерттеуші - филолог С.Сейітов әр лириктің адресіне түйінді сөзін арнап отырады.
Олардың өлең өнеріндегі өзіндік қолтаңбаларын іздеп, айқындауға күш салады. Мәселен,
«Әбдіқадыровтың жиырмасыншы жылдардағы поэзиялық шығармашылығының негізгі
мазмұны не дегенге, жалпы өмірі деп жауап берер едік» десе, Т.Жароков өлеңдерімен
таныса келе: «Адам санасындағы капитализм сарқыншақтарын сынайды» дейді.
Ғ.Ормановтың өлеңдерінде «қазақ жасының оқу, білімге ынтықтығын көрсету сарыны
естіледі» деп бағаласа, Ә.Тәжібаев туралы «қазақ әдебиетіне ірі байларды конфискациялау
тақырыбын жырлаумен келіп көрінген ақын» деп таниды немесе таныстырады.
Мерзімді
баспасөзде жақсы өлеңдері жарияланып жүрген С.Нұржанов, Ғ.Малдыбаев, А.Хангелдин
есімдерін атап өтеді.
XX ғасырдың 20 - шы жылдарындағы лирика дамуының жайымен таныса, тексере
келе «жалпы даму бағыты, идеялық нысанасы дұрыс, үгіттік маңызы зор бола тұрса да,
поэзиялық сапа, шеберлік жақтарында елеулі мін-мүлтіктері болды» деп тұжырымдайды.
Жинақтай айтсақ С.Сейітов тексерісінің сыни түйіні мынада екен:
а) бірсыпыра жағдайларда қарадүрсіндік, прозаизм орын алған;
ә) тақырыбы татымды болғанымен, соны көркемдік жағынан игеру жетіспейді;
б) кейде жаңа мазмұнға ескі түр сай келмей жатады;
в) сөзуарлық ,
жалаң баяндаушылық, құбылыстың ішкі мәнін ашпай , сыртын ғана
жырлаушылық әдістері бой көрсеткен;
г) ақындардың бірін-бірі қайталаушылығы жиі байқалады.
Осының бәрі - деп, ой түйеді ғалым С.Сейітов, - буыны бекіп бұғанасы қатпаған жас
поэзиямыздың ілгерілеу жолында қандай қиыншьшықтарға кездескенін көрсетеді. Ғалым
пайымынша жиырмасыншы жылдардағы поэзияның алғашқы адамдарының сәтті басталып,
елеулі олжаға кенелген жемісті тұстары да бар екен. Олар:
біріншіден - ол жылдардағы тандаулы өлеңдерде дәуір көрінісінің, өмір шындығының
сипаттары негізінен дұрыс берілген;
екіншіден - жағымды кейіпкер образын жасау талабы іске аса бастаған (мысалы,
С.Мұқановтың Шоқпыты, А.Тоқмағамбетовтың Шойын қарасы т.б.); үшіншіден - әр
ақынның стиль ізденулері, өзінше жазуға бой ұруы айқын сезіледі; төртіншіден - жаңа
дәуірге байланысты жаңа мағыналы сөздер ене бастаған, бұны ғалым «мәселе өлеңде жеке
терминдердің, ұғым-түсініктердің қолданылуында ғана емес, жаңа сөз тіркестерінің образды
оралымдар жасауында» деп көрсетеді;
бесіншіден - ақындар өз шығармаларында халық тілінің байлығын пайдалана алады
және Абайдың өлең өрнектерінен, орыс поэзиясының (В.Маяковский, Д.Бедный) үлгілерінен
үйрену процесі де біліне бастауы - аталған жиырмасыншы жылдардың жаңалығы екен.
С.Сейітовтің «Қырық жылда» зерттеуінің «Ер жету жолында» аталған тарауында
қазақ лирикасының қалыптасу жолы мен ірге бекіту белестерінің мәселелері 1930-40 жылдар
шеңберінде алынып тексеріледі. Отызыншы жылдар
әдебиетінің жиырмасыншы
жылдардағыдан айырмашылығы - алғашқысында жаңа қоғамның орнығуына орай қалың
бұқара жаңа өмір орнатуға белсене кірісіп, көркем дүниеде олардың бейнелері біртіндеп,
ақырындап сомдала бастаса, енді екіншісінде сол образдың қаһармандық тұлғаға айналу
процесі, толығу, даму әрекеттері көріне бастапты.
Қоғамның әлеуметтік жағдайы көтеріліп, өркендеген сайын, сол қоғаның бас байлығы
- адамның да тіршілік иесі ретінде толығуды бастан кешетіні белгілі. Демек, бұл жерде
көркем әдебиеттін де тақырыбымен қатар мазмұны , кейіпкерлері де жаңарады деген сөз.