Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г.
•
Сіңбей тұр ішкен тамақ бойға жағып.
Немесе
Өз жұртын оңған барма жатқа сатқан,
Ерді елдің пайдасы үшін хак жаратқан.
Ойлайтын елдің қамы ерді жібер,
Жерінен суырып алып көрде жатқан.
Біз келтірген өлең орамдарынан ертедегі өткен Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари
және Ахмет Яссауилердің қанатты сөздерді өз дәуірінде қалай мол пайдаланса, олардың
заңды мұрагерлері XIX ғ. соңы мен XX г. басындағы қазақ ақындары да сонша молынан
пайдаланғандығын сол дәуір әдебиетіндегі шығармалардан көптеп кездестіреміз.
Дуние жүзіндегі халықтардың дәстүр, салт-сана, тіл жақындығынан туатын ауыс-
түйістер фольклорлық мұраның тағы да бір аукымды саласы болып табылады. Мұны ғылыми
терминмен “тарихи- мәдени типология” деп атауға болады.
Көршілес шығыс елдерінен
ауысқан шығармаларды осы топта алып қарау керек. Арғы түбі араб, парсы, үнді елдерінен
тараған көптеген сюжеттік-фабулалардың қазақ арасына танымал болуының мәні осында.
«Сейфулмәлік», «Жүсіп - Зылиқа», «Таһир - Зухра», «Ләйлі - Мәжнүн», «Баһрам», «Төрт
дәруіш», «Тотынаме», «Хамуснаме», «Рүстем-Дастан», «Ескендір Зұлқарнайын» секілді жыр
аңыздар, Орта Азия, Орта Шығыс елдерімен рухани, мәдени байланыстың күшеюі әлемінің
ғажайып ертегілері «Мың бір түннің» тікелей әсерімен ауызша да, жазбаша да кеңінен мәлім
болған туындылар - өз алдына бір белек болса, қазақ жеріне ислам дінінің таралуы арқылы
шығыс халықтары шығарған көркем әдеби жәдігерлердің көптеп тамыр артуына септескен.
Ислам дүниесінің қасиетті кітабы “Құранның” ішіндегі аңыздар мен тәмсілдер, мысалдар мен
ғибраттар, даналық, имандылық сөздері түркі
жұртының тағылым алатын, рухани жан
дүниесін тазартатын, адамшылық тәлім-тәрбие алатын дәріс- сабақтарына айналды. Бұл
қатарда XIX ғ. мен XX ғ. басындағы қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым
ақындарының шығыс кітаптарынан ауысып келген қаншама сюжеттік негіздерді қазақ
табиғатына жақындатып, жаңаша құлпыртып сөйлегенін де айтуымыз керек. Қазақ даласына
ертек, аныз болып тараған хисса-хикаялардың барша түп төркіні шығыстық екенін айна-
қатесіз дәлелдейтін әдеби мысалдар өте мол. Қазақтың белгілі шайырлары Шәді, Жүсіпбек,
Ақылбек, Ақыт,
Ораз молда, Майлы, Мұсабек, Нұралы, Тұрмағамбет және М. Көпейұлы
қисса, дастандарының сарыны шығыс халықтары арқылы келгені дәлелдеуді керек етпейді.
Бұл біз келтірген мысалдар қазақ фольклоры мен жазба әдебиетінде тегі мен түбірі бір
шығыстан өрбіген көркемдік қазынаның аса қомақты екенін керсетеді. Сондықтан бүларды
жекелеп те, такырыптық, оқиғалық жүйемен топтап та шолып, тексеріп шығу елдік
мәдениетіміздің терең қабаттарын танып білу үшін аса қажет дүние. Діни тақырыпқа
жазылған қиссалардың бұрын қазақ арасында зор даңққа ие болғанын да ұмытуға болмайды.
Олардың мәтіндері бүгінгі талғампаз оқушы қауымның рухани-мәдени игілігіне айналуы тиіс.
Барлық рухани мұраны игергенде ғана дамыған елу елдің қатарына қосыламыз деп отырған
ұлтымыздың адамзат өркениеті жолындағы
орны мен мәнін санаға сіңіріп, табиғи дамудың
болашағына соқпақ салуға болады.
Түрік халықтарының фольклорлық мұрасындағы үндестіктер, сарындастықтар,
түбірлестіктер біз атап керсеткеннен анағұрлым көп екендігі белгілі жайт. Түркі
халықтарының ауыз әдебиетіндегі адамзаттық ортақ сипат алатын тарихи-типологиялық
ұқсастықтарды сөз етпегеннің өзінде соншалық мол ескерткіштің XIX ғ. мен XX ғ. басындағы
Орта Азия әдебиетінде бір арнадан тарайтынына көз жеткізе аламыз. Қазақ ақындарының
қиссасы мен дастандары қырғыз бен қарақалпақ әдебиетінің дамуына тұсау болғандығын
ендігі жерде жасырып жабуға болмайды. Олардың тілін Қазан төңкерісіне дейін АҚШ пен
Англия тілші ғалымдары қазақ тілінің диалектісі деп қарастырғандығы, кейбіреулері әлі күнге
осы пікірді қолдап келе жатқандығын естен шығармауымыз керек. Мұның ғылым үшін
маңызы өте-мөте зор.
Сол үшін жазба әдебиет мен фольклордың барша
жанрындағы ұксастықтар мен
өзгешеліктер заңдылықтарын ашатын терең зерттеулер жасалуы керектігі түсінікті. Осы кезге
дейін осыған байланысты жүйелі де бірізге түскен ғылыми жұмыстардың жеткілікті
жүргізілмегені белгілі. Оның объективтік те, субъективтік те себептері бар. Түрік
халықтарының көбі ғасырлар бойында өзге империялардың отары болып келгендіктен, тілі,
тарихы, тағдыры жақын туыстас халықтармен еркін мәдени-рухани қарым- қатынас жасауына
еш мүмкіндік болмады. Түрік халықтарын әлемдік деңгейдегі озық оқуға, білімге, өзара
ынтымаққа шақырған діни-мәдени ағартушылар мен ойшылдарды пантүрікшіл деп “қаралап”,