Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г.
қылады. Сырға да көлеңке де - жансыз құбылыс қой, дегенмен де, ақынның абыройы да сол
жансызға жан бітіріп, қимыл-қозғалысқа көшіруінде емес пе? «Бұл әрине талант табиғатына,
әркімнің өмірдің жымы мен жықпылын, сіледі суреттерін, тылсым сырларын қаншалықты
терең білетіндігіне де байланысты»[2, 82].
Міне, көріп отырсыздар Жәркен ақын «көлеңкесін қайық қылып өтетіндей»
кемелдікке, шеберлікке қол жеткізіп отыр. Қазақ поэзиясының арғы-бергі үлгілерін алып
карасақта
көлеңке туралы жыр көп, Абайдың өзі де «көлеңке басын ұзартып» демей ме, ал
Жәркеннің көлеңкесі олардың бірде-біріне ұқсамайтын қияндағы көлеңке. Ақын әлгі
қияндағы көлеңкені қол созым жерге жеткізіп, қиялымен қайтып қайыкқа айналдырады да,
дариялардың үстінен жүзіп өтеді». Ақын жырларының басты ерекшелігі де халық ауыз
әдебиеті үлгілерінен үріп ауызға салғандай талғамды, таңдаулы туынды жасай білуінде
«Стиль жазушының барлық туындыларын түгел қамтиды. Жай қарағанда бір-біріне
ұқсамайтын сықылды жазушының әр шығармаларын тереңірек зерттесек өзара жақындығын
бірліктерін көреміз. Олар бір жазушының қаламынан туған
туындылар ден сыбырлап
тұрғандай. Өйткені стиль жазушының өзі» [3. 13]
Ақын жырларының бет-бейнесін айқындай алатын, төлқұжаты болып табылатын
тұстары қазақтың қара өлеңінің қолына сиқырлы таяқ ұстатып қалтасына бір тал қыл салып,
асқар-асқар таулар мен айдын шалқар көлдерден аман-есен өткізуінде, ой орамдарын орынды-
орынсыз тықпалай бермей, жігін тауып жымдастырып, тілін тауып табыстыруында,
жатсындырмай, жатырқатпай үйірдің үрейін кіргізіп, шындықтың шылбырын, талғам тізгінін
ұстата білуінде. Бір сөзбен айтқанда «қазақтың қара өлеңіне күпі де кигізбей, шекпен де
жаппай» қиял кейіпкеріне айналдыруында немесе қара өлеңді қиял-ғажайып әлемнің
әміршісіне айналдыруында.
Жалпы Жәркен Бөдешұлы жырларында келісті кейіптеулер де, тосын теңеулер де,
мазмұнды метафоралар да, сүйріктей символьдар да табылады.
Жұлын, жүйке тұрған кезде
жұқармай Аңқиды екен адам миы
жұпардай.[4,40]
Теңеудің тегеурінділігі сол айналаңыздың бәрінен жұпар иісі аңкып шыға
келеді. Жұпар болғанда да таңның, түстің, шықтың, шөптің, көктің жұпары болса бір сәрі-ау,
жоқ бұл мидың жұпары, «адамның ардан артық жері бар ма деп Абай айтқандай, адам
баласының мидан маңызды мүшесі болушы ма еді, о заманда,
бұ заман мидың иісін сезіп,
иіскеп көрген адам бар ма? Әрине жоқ! Сонда бұл не болғаны? «Нағыз поэзияның басты
белгісі жалғандықтан жалтару, ақынның көңіл күйі мен сезімін суреттейтін қиял қарғыны
болып табылады»[5, 259].
Иә, расында дәл солай! Қиял қарғыны, қарғыған қиял, көк пен жердің екі ортасын емін-
еркін кезіп, жүген-құрық көрмеген қанатты қиял. «Жұпардай аңқыған мидан» тек осындай
ауыздықпен алысқан аруақты қиял туады. Адамның миы жұпар аңқып тұрмаса, ол
айналасындағы күллі дүниенің тылсым тіршіліктің жұпар иісін бағалай, саралай алар ма еді.
Әрине жоқ. Өлең жазу бар да, өленді образ жасау тағы бар»[6, 352] яғни образды түрде
ойламасақ адамның миы жұпар аңқуы екіталай ғой, олай болса,
ақын адамның миының
жұмыс істеп тұруының өзі де жұпар иісін шашу емес пе? Тағы да иіс! Бұл жолы адам емес,
жылқының иісі!
Жылқының исі
бұрқырап Табаққа
салған қазыдай.
Сөз құдіреті - қимыл әрекетке көшуінде ғана, қара желдей өсуінде теңнің жібін
шешуінде, қара өзендей тасуында, қара таудан асуында яғни сәт сайын серпіліп, сәт сайын
жаңғыруында, түн сайын түлеп, күн сайын көкті тіреуінде, қысқасы қысқа күнде қырық
құбылуында. «Құбылған сөз - әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ, бір сөз бір
нәрсені таныта, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.
Демек, троптың ең басты мәні таным тарапында» [6,352] Жәркен Бөдешұлы да сөзді
құбылтып қана қоймайды, тыңнан түйін түйеді.
Ой - жауар бұлт,
Жарқ-жұрқ еткен сөз жасын.
Бұл метафораның жай ғана қарапайым түрі.Көрдіңізбе
ақынның өзі айтса айтқандай
«жасындай жарқылдап» тұрмаса сөз сөз бола ма? Төмен қарап түнеріп тұрған сөзден не