Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет15/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
ККТП стилистикасы

Тапсырма:

1. Фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз, қай стильге тән екенін айтыңыз.


Түні бойы тұла бойы күйіп-жанып, бір жағынан жөтел қысып, көрер таңды көзімен атқызды. Шықпаған шыбын жанды сүйретіп таң атқан соң тағы қалтаңдап, ұнын арқалап, аяңдады. Жолға төрт қонып, бесінші қонақ дегенде, әлі әбден біткенде, қардың арасынан өлімсіреп шыққан ауылының көгілдір түтінін көрді. Жұманның құл сүлделері қалып еді. Жиырма-отыз қадамнан артық жүре алмай, бір дем алатын еді. Үйіне қалай жетті, солай мұрттай ұшты. Екі-үш күндей қиналып, алас ұрып жатты. Түріне қараған Қартқожаның іші мұздай болып кетті (Ж.Аймауытов).


2. Төмендегі тұрақты тіркестердің қай сөзге балама екендігін анықтап, стильдік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.


Үлгі: айылын жимау – сескенбеу.


Ақылға сыймау, ала жібін аттамау, көзіне көк шыбын үймелету, ішкен асын жерге қою, ат ізін салмау, аузы бармау, тілі күрмелу, ауыз тимеу, аяғын қиы баспау, исі мұрнына кірмеу, көзге ілмеу, тіс жармау, шөп басын сындырмау, басын сұқпау, қол ұшын беру, жең ұшынан жалғасу, салы суға кету, қабағынан қар жауды, бетінен оты шықты, көзден бұлбұл ұшу, ағаштан түйін түйген, сүттен ақ, судан таза, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
3. Берілген фразеологизмдерге синонимдес фразеологизмдер жазып, стильдік ерекшеліктерін сөз етіңіз.
Үлгі: Аза бойы қаза болды аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат тонын ала қашты.
Алғаны ас болмады, көз ілмеді, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, төрт түлігі сай, әл үстінде, қу бастан қырдақтық ет алған, ағаштан түйін түйген, тайға таңба басқандай.

4. Фразеологизмдерден өрбіген мақал-мәтелдерді жазыңыз.


Аузымен орақ ору –
Қолынан келу –
11 практикалық сабақ тақырыбы: Фразеологизмдердің стильдік қолданысы
Сабақ жоспары:
1. Тілдегі фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі
2. Фразеологизмдердің стильдік қасиеттеріне қарай топтастырылуы:
а) сөйлеу тілінің фразеологиясы
ә) жазба тіл фразеологиясы
б) бейтарап фразеологизмдер
3 Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет