Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет2/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ККТП стилистикасы

ISBN 978-601-80696-9-7
@ Құраст: Мұратбек Б.Қ., Айтбенбетова А.Қ.,
Алғы сөз

Стилистика-стиль туралы ғылым. «Стиль» сөзі әдебиеттануға байланысты да қолданылады. Ал тілге қатысты стиль белгілі бір тілдегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін қарастыра-ды. Мағыналық дәлдік, мәнерлілік сөздерді нақты қолдана білумен, дұрыс орналастырумен, мәнерліліктің тәсілдерін білумен тығыз байланысты. Сонда стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөз бен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді, яғни белгілі бір ойдың талғамдылықпен, әуезділікпен берілуін талап етеді. Демек, стилистика курсын оқытудың теориялық әрі практикалық маңызы зор.


Қазіргі кезде түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде, функционалды стильдің бірнеше түрі бар екені айтылып жүр. Бұл көмекші құрал студенттерді қазақ әдеби тілінің стильдеріне, сөйлеу стиліне, кітаби-жазбаша стильге, публицистикалық, ғылыми, көркем-әдебиет стильдеріне тілдік құралдардың стилистикалық тақырыптарына (көп мағыналы сөздердің стильдік бояуларына, көнерген сөздердің жұмсалуына, кірме сөздердің стильдік реңктеріне, эмоционалдық және экспрессивтік мағыналы сөздердің қолданылуына, синонимдердің, антоним сөздердің стильдік қызметтеріне, күрделі сөздердің нюанстарына, қос сөздердің және біріккен сөздердің қолданылуына) жаттықтырып, оларды ұқыпты, дұрыс орындауға машықтандырады.
Практикалық стилистика студенттердің тіліміздегі стильдік құбылыстарды жете түсінуіне, жалпы тіл(сөз)мәдениетін арттыруына үлкен көмегін тигізеді. Тілдің теориялық мәселелерін білдіру арқылы практикалық мәселелерге назар аударылады. Практикалық стилистика тіл құралдарын жақсы меңгертеді, тіл мәдениетін, тіл фактілерін талғай білуге үйретеді және тіл құралдарын сұрыптап ала білуге әдеттендіреді. Стилистиканың теориялық курсы меңгеріліп, практикалық сабағын өту нәтижесінде студенттер бұдан белгілі дәрежеде білім алып өз беттерімен стильдік талдау жасауды меңгереді.

1 практикалық сабақ тақырыбы: Стилистика туралы түсінік






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет