Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет9/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
ККТП стилистикасы

Тапсырма
1. Стильдік қатесі бар (қатемен берілген) лексиканы тауып, жөндеңіз.
Ел құрметіне бөленіп, көзге түсіп жүрген саңлақ сауыншылар бізде көп (газеттен).
2. «Ауа» бейтарап лексикасының стильдердегі көрінісіне мысал келтіріңіз.
3. Берілген сөйлемдерден сөйлеу тілі лексикасын (қарапайым сөз, эвфемизм, табу, диалектизм, кәсіби сөз) тауып, мағынасын түсіндіріңіз, қай стильде қолданып тұрғанын айтыңыз.
– Биыл сен осы жиырма түлкі алғыздың-ау, Ержан.
– Жиырмаға жете қойған жоқ әлі… – дейді де, Ержан қолын ақмойнаққа созады. Тағы сылқ-сылқ, тағы бүлк-бүлк… Ақмойнақ қырлы стакандарға тағы да еңкейді (Ғ.Мүсірепов). Түпкі үйдің есігінен кептеліп бір қырынан шыққан жеңгей қолындағы бір бөлке нан мен шөлмек пошымдас ораулы газетті көргенде «бұл байғұсты бірдеме шалған екен» деді (газеттен). – Шырайлым-ау, күйеуіңнің онысы несі, алайын деп отырғанда сені тастап кеткені қалай? (Б.Майлин). Осы күннің ертеңінде суық сыбыс анық боп, Бөжей қайтыс болды деген хабар да жетті. Өткен түні, ел жатар кезде жан тәсілім қыпты (М.Әуезов). Дауысы пәтті шықты ғой, не бітіріп қайтты екен (Ә.Нұрпейісов). – Балықтың ішінде, жарықтық, бекіре ғой жуасы… (Ә.Нұрпейісов).
4. Берілген сөйлемдерден кітаби лексиканы тауып, мәнін түсіндіріңіз, қай стильде қолданып тұрғанын айтыңыз.
Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді (Химия). Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне семья формасы топты некеге негізделген (Х.А.Арғынбаев).
5. Мәтінді оқып, қандай стильде жазылғанын анықтаңыз. Тілдік талдау жасаңыз.
Елорданы Алматыдан Сарыарқаның сайын даласында орналасқан ежелгі Ақмола жеріне кҿшіру жҿніндегі талай-талай керағар пікірлерге қарсы тұрған мемлекет басшысының ел ертеңін аса кемеңгерлікпен ойлағанын бүгінде нұр жайнаған әсем Астанаға, келбетті кербез шаһарға айналған қазіргі бас қалаға қарап бағалауға болады. Оның сыртқы тұлғасы күн сайын өзгеріп, түрленіп келеді. Аз уақыттың ішінде бой көтерген өнер, ғылым және білім ошақтары бұл күндері халық игілігіне қалтқысыз қызмет кҿрсетіп, еліміздің өркениетті дамуына өз үлестерін қосуда.
Расында, қазірде бас қаланың дамуына әлем көз тігіп отыр. ЮНЕСКО-ның1999 жылғы 16 шілдедегі шешімімен«Бейбітшілік қаласы» деген атқа ие болған Астана осындағы татулық пен ұлттар арасындағы достықтың арқасында айдай әлемге танылды. Жаңаша қарқынмен қарыштай бой кҿтерген құрылыс нысандарымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан әсем гүлзарларымен, аллеяларымен, кең де кҿрікті кҿшелерімен, таза аулаларымен сырттан келушілердің назарларына ілініп, шетелдіктерді таң қалдырған бас қалада өмір сүріп, еңбек етудің өзі – бақыт (Газеттен).
7 практикалық сабақ тақырыбы: Лексикология және стилистика




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет