Филология ғылымының докторы, ҚР ҦҒа а. Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты



Дата12.01.2022
өлшемі23,66 Kb.
#23959

Жҧбаева О.

филология ғылымының докторы,

ҚР ҦҒА А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты

ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАҢА

БАҒЫТТАР

Қазіргі кезде тіл білімі тілдің лексикалық, грамматикалық жҥйесінде

әлемнің концептуалдану ерекшелігін, яғни тілдің әлемді қалай жіктейтінін, оны

қалай кӛрсететінін, бейнелейтінін зерттеп, табиғи тілдің метатілге айналу

ҥрдісін тексеруді мақсат етіп отыр. Бҧл орайда әсіресе грамматикалық

категорияға интерпретация жасау, семантикалық тҧрғыдан сипаттау ерекше

маңызды болады. Мҧндай талдаулар әлемді тануда когнитивті қҧбылыс

ретіндегі таным ерекшелігін, тілдің қызметін айқындауға жол ашады.

Ғалам туралы, оның қҧрылымы туралы жалпы тҥсінік тілдік бірліктердің

лексикалық және грамматикалық категорияларында кӛрінеді. Тілдік тҧрғыдан

ерекше маңызды болатын мағыналар грамматикада айқын кӛрініс табады. Адам

психикасы ҥшін ерекше маңызды болатын концептілер грамматикада

бейнеленген. Сол себепті грамматикалық категоризация концептуалды қабат

тҥзуін лексикалық бірліктер арқылы кӛрініс тапқан концептуалды материалды

айқындауға мҥмкіндік береді. Грамматика концептуалды жҥйенің ең маңызды

277


бӛліктерін кӛрсетеді, грамматикалық категориялар категориалды мәндердің

ерекше деңгейлерінің репрезентациялану, объективтену қҧралы болып

табылады. Концептуалды және семантикалық деңгейлердің ӛзара байланысы

нәтижесінде концептуалды жҥйеде тілдік бірліктер қолданылады.

Концептуалды ақпараттың маңызды бӛлігі, тіл ҥшін маңызды болатын

мағыналар тілдің грамматикасында, әсіресе морфологиясында кӛрініс табады.

Бҧл табиғи, логикалық сҧрыптау негізінде жҥзеге асады. Алайда алдымен

барлық мағыналар лексика деңгейінде кӛрініс тауып, кейін олардың ішіндегі ең

маңыздылары ғана морфология, грамматика деңгейіне ӛтеді.

Морфологияның негізгі бірлігі – морфологиялық категория, ол сӛз

тҧлғаларында кӛрініс тауып, парадигмаға бірігеді. Морфологияны морфема

деңгейіне қатысты ғана емес, сӛздердің тҥрлі топтарын репрезентациялайтын

тҧтас морфологиялық қҧрылымдар деңгейінде қарастыру қажет.

Морфологиялық категориялар мен тҧлғалар концептуалды деңгейде, негізгі

танымдық ҥдерістер қатарында сипатталады. Морфологияның ғалам туралы

білімді тіркеп, жіктеуі, категорияларға бӛлуі осыған байланысты болады.

Морфологияның категориялау ҥдерістерімен байланысы морфологияның ғалам

туралы білімді қалай объективтендіріп, топтастыратынын да кӛрсете алады.

Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі ойлау ҥдерісімен, адамның

интеллектуалды және ментальді қызметімен, ақпаратты ӛңдеу, сақтау,

жіктеуімен байланысты болады. Морфологияда концептуалды жҥйенің

маңызды бӛліктері категорияланады. Сол себепті морфологиялық категориялар

мен тҧлғалар категориалды мағынаның ерекше деңгейінің жалпылану,

репрезентациялану жолы болып табылады. Концептуалды жҥйенің

категориалды бӛлігі морфологиялық жолмен берілетін концептілер тҥрінде

кӛрініс тауып, морфологияның концептуалды кеңістігін қҧрайды,

морфологиялық репрезентацияның тілдегі когнитивті негізін тҥзеді.

Морфологиялық репрезентация – жіктелген білімдер жҥйесіне енетін,

тілдік (вербалды) репрезентацияның бір тҥрі. Ол конвенционалды сипатта

болатындықтан, тілдегі концептуалды мазмҧнның берілу жолдарының бірі

болып табылады. Морфологиялық репрезентация дегеніміз–морфологиялық

категориялар мен кӛрсеткіштердің кӛмегімен концептуалды мазмҧн

қҧрылымының категориалдану тәсілі. Ол тілдік білімге негізделеді.

Морфологиялық репрезентация–ӛте кҥрделі ҥдеріс. Онда тілдік және

концептуалды деңгейлер қатысады. Сӛйлеушінің тілдік санасында ақиқат

болмыстағы нақты қҧбылыстар туралы тҥсінікпен қатар тілдің қҧрылымындағы

грамматикалық қҧбылыстар туралы да жалпыланған тҥсініктер болады.

Болмыстағы категориялар, олардың ӛзара байланыстары сӛз таптары ретінде

жҥйеленген. Нақты қҧбылыстар тілдік санада заттың атауы, кҥйі, қалпы, сапасы

тҥрінде кӛрініс табады. Яғни грамматикалық ҧғымдар концептосфера тҥзіп,

оның ерекше деңгейін қҧрайды. Сана элементі ретінде грамматика концептілер

жҥйесін тҥзеді, ол сӛйлесімде, мәтіндерде кӛрінеді.

Қҧрылымдық грамматикада морфологиялық категориялар бір сӛз табына

қатысты морфологиялық тҧлғалардың мазмҧнмен байланысы тҧрғысынан

278

сипатталады. Мҧнда морфологиялық категориялардың екі негізгі ерекшелігі



байқалады: ӛзара қарсы қоюға келетін морфологиялық тҧлғалардың болуы;

морфологиялық тҧлғалардың мазмҧндарының ӛзара сәйкес келуі. Мазмҧнының

ортақ болуы арқылы морфологиялық категорияның мҥшелерін ӛзара салыстыра

отырып, ӛзіндік ерекшеліктерін айқындауға, соның негізінде категория ішіндегі

оппозицияны сипаттауға болады. Ортақ мағына тҧтас морфологиялық

категорияға негіз болады. Мысалы, шақ категориясының ортақ мағынасы –

уақыт семасын білдіру болса, ӛткен шақ, келер шақ, осы шақ мәндері арқылы

категория ішіндегі оппозиция кӛрінеді. Осыған байланысты дәстҥрлі

грамматикада морфологиялық категорияның басты белгісі ретінде ӛз ішінен

оппозиция қҧрауы негізге алынды. Осы ҧстанымды басшылыққа ала отырып,

бірқатар зерттеушілер категория ӛз ішінен екі жақты ғана оппозиция

қҧрайтынын айтса, енді бірқатар ғалымдар грамматикалық оппозиция бірнешеу

бола беретінін ескертеді.

Функционалды бағыттағы зерттеулер морфологиялық категориялардың

тілдің грамматикалық жҥйесіндегі қолданысын, олардың негізгі қызметін,

категориялар арасындағы байланыстарды, морфологиялық кӛрсеткіштер мен

ҥдерістердің сӛйлесім әрекетіндегі орнын айқындалуға бағытталады.

Функционалды бағыттағы зерттеулер нәтижесінде қалыптасқан тҧжырымдарға

бірқатар маңызды ӛзгерістер енгізіліп, категориалды қҧрылымда

бейоппозитивті айырмашылықтар да болатынын айқындалды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Шалабай функционалды

грамматиканы «қолданым грамматикасы» деп атай отырып, функционалды

грамматика мен дәстҥрлі грамматиканың зерттеу нысаны бір болғанмен,

зерттеу әдістері мен зерттеу мақсаты әртҥрлі екенін ескерте келіп,

әрқайсысының ӛзіндік ерекшелігін кесте тҥрінде былайша айқындайды:

Дәстҥрлі грамматика Қолданым грамматикасы

1. Дәстҥрлі грамматика тҧлға-бірліктер мен

категорияларды сипаттайды. Бҧл дәстҥрлі

грамматиканың статикалық қырын кӛрсетеді.

1. Қолданым грамматика айтылым кезіндегі тілдің әр

тҥрлі деңгейдегі тҧлға-бірліктерін сипаттайды. Бҧл

қолданым грамматиканың динамикалық қырын

кӛрсетеді.

2. Дәстҥрлі грамматика тілдің грамматикалық

жҥйесіндегі деңгейлерді жеке-жеке алып

қарастырады. Мысалы: морфология, жай және

қҧрмалас сӛйлем синтаксисі т.б.

2. Қолданым грамматика тілдің қолданымдықмағыналық бірлігіне сҥйене отырып, белгілі бір

мағыналық тҧтастықты қарайды. Осыған байланысты

қолданым грамматиканың принциптері анықталады:

форма →мағына, мағына↔форма немесе қҧрал

→қызмет, қызмет → қҧрал.

3. Дәстҥрлі грамматика тілдік тҧлға-бірліктердің,

грамматикалық категориялардың жалпы тіл

жҥйесіндегі ӛзіндік орны зерттеледі.

3. Қолданым грамматика қолданымдық бағыт

ҧстанады: тілдің әр деңгейіндегі тҧлға-бірліктерді

сӛйлеу қызметіндегі заңдылықтары тҧрғысынан

қарастырады (яғни кешенді тҥрде)

4. Дәстҥрлі грамматика әр жҥйені жеке деңгей

ретінде қарастырады. Сондықтан ол деңгейлік және

оның әр бӛлімі бір жҥйе болып табылады.

4. Қолданым грамматика негізінде интергерациялық

тҧрғыдан келеді. Сондықтан ол тҥрлі деңгейлі және

кӛпжҥйелі болып келеді.

279


5. Дәстҥрлі грамматика белгілі бір форма мен

мағынаға олардың жҥйесіне сҥйенеді.

5. Қолданым грамматикасы семантикалық

категорияларға сҥйенеді.

6. Дәстҥрлі грамматикада парадигматика маңызды

қызмет атқарады.

6. Қолданым грамматикада синтагма маңызды қызмет

атқарады.

Ғалым дәстҥрлі грамматика морфология және синтаксис деген ҥлкен екі

саланы қамтыса, функционалды грамматика ондай қатаң тәртіпке

бағынбайтынын, оның ауқымы әлдеқайда кеңірек екенін нақты талдаулар

негізінде дәйектейді [1, 56-57]. Б.Шалабай «қолданым грамматиканың нысаны

– айтылымда жҥзеге асатын қызмет» екенін ескерте келіп, сол арқылы онда

абстракциядан нақтылыққа бағытталған тілдің функционалдық сипат

кӛрінетінін айтады. Яғни, «абстракциядан нақтылыққа ӛту барысында тілдің

кӛптеген заңдылықтары мен ережелері, ерекшеліктері ашылады» [1, 55].

Грамматикалық концепт – ең жоғарғы деңгейдегі жалпылау нәтижесі

болып табылады. Грамматикалық концептіде ҧғымдық, когнитивті, мәдени,

коммуникативті және грамматиканың тҧрпаттық параметрлері тҥйіседі.

Грамматикалық абстракциялар адамның бейсаналы сезімінде жҥзеге асады, сол

себепті грамматикалық мағына актуалды санаға тән емес, оны сипаттау ҥшін

арнайы әдіснамалық негіз қажет. Грамматикалық ҧғымдар бейсаналы сезімде

болатындықтан, жаңа сӛз, лексема тілдің заңдары бойынша тҥзіледі.

Грамматикалық ҧғымдар лексикалық концептосфераға ҥстеледі. Сол себепті

қандай да бір сӛз табына қатысты болмайтын сӛз жоқ. Әр сӛз не зат есім, не

сын есім, не етістік ретінде танылады. Ендеше, тілдің грамматикалық

қҧрамының концептосферасы адамның тілдік санасының ажырамас бӛлшегі

болып табылады. Әр тілдің жҥйесі грамматикалық ойлаудың ерекше тҥрімен

сәйкес келеді, ол грамматикалық концептілерге байланысты болады.

Грамматикалық категориялауда тілдің онтологиясы кӛрінеді, яғни тілге тән

категорияларға жіктеледі. Бҧл тілдің семиологиялық жҥйе ретінде

қолданылуына негіз болады. Тілдегі категориялар тілді жҥйе ретінде және

әрекет ретінде сипаттайды. Сол арқылы грамматикалық категориялау

динамикалы, процессуалды зерделеу сипатына ие болады. Ол қандай да бір

сӛздің тілдік категорияға, яғни сӛздердің грамматикалық немесе лексикаграмматикалық тобына қатысын айқындап қана қоймайды, сонымен қатар осы

категориясына тән, сӛздің нақты семиотикалық қызметін де кӛрсетеді. Бҧл –

функционалды категориялау ерекшеліктеріне тән.

Функционалды категориялау дегеніміз – таңбаның категориалды мәнінің,

таңба мен оған сәйкес келетін оқиғаның арасындағы байланысты бейнелейтін

концептуалды (концептуалды категория арқылы) кӛрінісі. Бҧл морфологиядағы

категориялау ҥдерісі туралы динамикалы сипаттағы тҥсініктердің

қалыптасуына негіз болады. Морфологиядағы функционалды категориялау

дегеніміз – әмбебап сипаттағы негізгі концептілер арқылы морфологиялық

категория мен соған сәйкес келетін концептуалды жҥйенің арасындағы

280

байланыстың кӛрінісі ретіндегі морфологиялық тҧлғаның категориалды мәнінің



қолданысы.

Морфологиялық репрезентация дегеніміз – морфологиялық категориялар

мен тҧлғалар арқылы концептуалды мазмҧнның қҧрылымдалуының

категориалды тәсілі болып табылады. Мҧнда морфологиялық кӛрсеткіштер

арқылы мағынаның негізгі, басты бӛліктері кодталады. Морфологиялық

репрезентация концептуалды мазмҧнның дерексізденуі, жалпылануы,

саралануына негізделіп, морфологиялық категориялар мен тҧлғалар арқылы

кӛрініс табады.

Грамматикалық категорияны зерттеуде тілдік мәндер мен категорияларды

қалыптастыратын ортақ когнитивті механизмдерді зерттеудің маңызды ерекше.

Ол объективті әлемі бейнесін репрезентациялап, адамның қоршаған әлемді тану

ерекшеліктерін бейнелейді. Сол себепті С.Исаев: «Айналадағы заттар мен

қҧбылыстардың біздің санамызда бейнелеуінің нәтижесінде пайда болатын

ҧғым сӛздің ішкі мазмҧны яғни мағынасы болып табылады. Сӛздің осындай

әуелдегі (о бастағы) негізгі тура мағынасы лексикалық мағына деп аталады.

Сӛздің лексикалық мағынасы ол сӛздің жеке тҧрғандағы қалпынан да (яғни

сӛйлем ішінде емес) кӛрініс отырады. Ӛйткені сӛздің бҧл (лексикалық)

мағынасы талай рет қолданылудың нәтижесінде санамызда әбден қалыптасқан,

сол тілдің сӛздік қҧрамына еніп, семантикалық ауқымы анықталған. Сондықтан

да ешбір контекссіз-ақ ол (сӛз) сӛздіктерде (мысалы, тҥсіндірме сӛздік, екі тілді

сӛздік т.б.) реестр сӛз ретінде жеке беріліп, мағынасы кӛрсетіледі», – дейді [2,

12].


Тілдің лексикалық жҥйесінде грамматикалық топтар, яғни сӛз таптары,

лексика-грамматикалық топтар, жіктер тҥзіледі. Грамматикада кӛрініс тапқан

категориялар міндетті болатындықтан, морфологияны когнитивті тҧрғыдан

зерттеуде белгілі бір тіл ҥшін маңызды болатынын, сӛйлеуші назарынан тыс

қала алмайтынын, адамзат тәжірибесінің қай бӛлшектері ғаламның тілдік

бейнесінде кӛрініс тауып, жіктелгенін анықтауға болады. Морфологиялық

репрезентацияда морфологиялық кӛрсеткіштер арқылы мағынаның негізгі,

басты бӛліктері кодталады. Морфологиялық репрезентация концептуалды

мазмҧнның дерексізденуі, жалпылануы, саралануына негізделіп,

морфологиялық категориялар мен тҧлғалар арқылы кӛрініс табады.

Тілдік білім морфологияның концептуалды кеңістігінде сақталып,

репрезентацияланады. Онда тілдік мағына, категориялар мен тҧлғалар туралы

білімдер сақталып, ғаламның тілде қалай концептуалданатыны кӛрінеді. Тілдік

емес бірліктермен қатар болмыс нысандарының бірі ретінде тіл де

концептуалданады. Тілдік білімнің концептуалдану жолдарының бірі –

морфология. Морфология деңгейіндегі концептуалдау ерекшелігі – ол білімді

қҧрылымдай отырып, лексикалық жолмен берілген концептуалды материал

ҥшін қабат, тор тҥзіп, белгілі бір деңгейде лексиканың қажетін ӛтейді.

Тілдің грамматикалық қҧрылымы туралы концептіні меңгеріп, тҥсіну

арқылы вербалды символдарды тҥсініп, жҥйедегі концептілерді қолдануға

болады. Сол арқылы концептуалды жҥйеде жаңа концептуалды қҧрылымдар

281


тҥзуге болады. Жаңадан тҥзілген концептуалды қҧрылымдар басқа концептілер

мен қҧрылымдар арқылы адамның танымдық тәжірибесін бейнелейтін

концептілермен сәйкес келуі де мҥмкін. Осылайша, тілдің кӛмегімен тҥзілген

концептілердің жаңа, ерекше тҥрі пайда болады. Яғни тілдік және

концептуалды жҥйелердің байланысы тілдің концептуалдау нәтижесін

бейнелеу қызметімен ғана байланысты емес. Тілдің ғалам туралы білімді

қалыптастырып, белгілі бір қҧрылымға тҥсірудегі орны ерекше. Яғни тіл

концептуалды жҥйе қҧрауда маңызды қызмет атқарады.

Тіл мен сӛйлесім әрекетін толық тҥсіну ҥшін лексикалық және

грамматикалық концептілер бірлікте сипатталуы керек. Осыған байланысты

профессор Б.Шалабай функционалды грамматика кӛпжҥйелік талдауға

негізделетінін атап кӛрсетіп: «Себебі функционалды грамматиканың ерекшелігі

– тілді кешенді тҧрғыдан қызметіне негіздей отырып талдайды. Сондықтан

функционалды грамматика тҥрлі деңгейлі грамматика болып табылады. Осы

тҧрғыдан келгенде, функционалды грамматика тілді «жҥйелердің жҥйесі»

ретінде қарастырады», – дейді.

Функционалды-семантикалық категориялар А.В.Бондарко еңбектерінде

жан-жақты сӛз болды. Функционалды-семантикалық категорияларға ҧғымдық

категориялар немесе тілдің тҥрлі деңгейлерінде кӛрініс тапқан ҧғымдар негіз

болады. Мҧндай категорияларды айқындауда ӛзара байланысты тілдік

элементтердің семантикалық қызметтерінің ортақтығы негізге алынады. Бҧл

орайда А.В. Бондарко: «Функционалды-семантикалық категория – белгілі бір

семантикалық қызметті атқара отырып, ӛзара әрекетке тҥсетін тҥрлі тілдік

қҧралдар жҥйесі», – дейді [3, 21]. Мҧндай қызметтер ретінде ғалым темпоралды

және модальді қатынастарды атайды.

Ғалым еңбектерінде морфологиялық категориялар кешенді тҥрде

сипатталған. Ғалым морфологиялық категориялардың жекелеген таксондарын

ҥшке жіктейді: мазмҧндық-функционалды, қҧрылымдық-синтаксистік және

арнайы морфологиялық топ. Арнайы морфологиялық жіктеу бір сӛздің тҧлғасы

мен сӛзтҧлғалар арасындағы қатынастардың коррелятты сипатына қарай

сараланады. Корреляттық бір морфологиялық категорияның мҥшелері бір

сӛздің тҧлғалары арқылы беріледі. Соған сәйкес ғалым мынадай

морфологиялық категорияларды айқындайды: бірізді коррелятты (рай, шақ,

жақ, сан, септік жҥйесі), бірізді емес коррелятты (сыпат, етіс, зат есімның

кӛптік тҧлғасы, шырай), коррелятты емес (тек категориясы).

Қҧрылымдық-синтаксистік жіктеуде қҧрылымдық-синтаксистік және

синтагмалық мәндерін негізге алынады. А.В.Бондарко қҧрылымдықсинтаксистік мәнділік ретінде «морфологиялық категория мҥшелерінің сӛйлем

қҧрылымына қатысын» кӛрсетеді [3, 63]. Мҧнда белгілі бір тілдік бірлік тҥрінде

берілген морфологиялық категория нақты синтаксистік қҧрылымның маңызды

элементі және басты шарты болады. Қҧрылымдық-синтаксистік мәнділігіне

байланысты А.В.Бондарко ҥш тҥрлі категорияны кӛрсетеді: тҧрақты

синтаксистік мәнділігі бар (етіс), айнымалы синтаксистік мәнділігі бар (септік,

шақ, рай, жіктік, шырай) және синтаксистік мәнділігі жоқ, яғни мҧндай

282


категориялардың мҥшелері тҥрлі конструкциялармен (зат есімдердің тек, сан

категориялары, сын есімдердің тек, сан, септік жҥйесі) байланысты болмайды.

Синтагмалық мәнділікте белгілі бір сӛзтҧлға мағынасының басқа сӛзтҧлға

мағынасымен байланысы негізге алынады. Бҧл белгі бойынша синтагмалық

жағынан кҥшті синтагмалық (тек, тҥрлі сӛз таптарының септелуі, кӛптелуі),

әлсіз синтагмалық категориялар (рай, шақ, сыпат) сараланады. Бҧл жіктеуде

градуалды оппозиция ерекше қызмет атқарады. Морфологиялық категориялар

синтагмалық мәнінің болу/болмауына байланысты болмай, мәнділік деңгейіне

қарай анықталады. Морфологиялық категориялардың синтагмалық мәнінің

деңгейлері градуалды ҧстаным негізінде айқындалады. Морфологиялық

категориялар синтагмалық ерекшелігі, бірізділігі негізінде ӛзара ажыратылады

[3, 75]. Ғалым категорияларды синтагмалық ерекшелігіне қарай жіктей отырып,

екі категорияның арасындағы айқын, нақты айырым белгілері жоқ екенін

айтады. Ол – шырай және шақ категориялары. Бҧл категорияларды ғалым

аралық деңгейдегі категориялар ретінде сипаттайды.

Грамматикалық категория компоненттерінің арасында бейоппозитивті

қатынас орнаған жағдайда компоненттердің мағынасы бірін бірі жоққа

шығармайды. Сонымен қатар грамматикалық оппозиция мҥшелерінің

мағыналары біркелкі сипатта болса, бейоппозитивті қатынас мҥшелері әркелкі

сипатта болады. Бҧл бейоппозитивті ерекшеліктердің табиғи жіктелуіне

негізделген.

Н.Н.Болдырев тілді функционалды-семиологиялық тҧрғыдан зерттеу

нәтижесінде тілдік категорияларға, оның ішінде грамматикалық категорияларға

оппозициялы қатынас тән емес екенін ескертеді [4]. Бҧл орайда ғалым ҥш тҥрлі

уәж айтады: біріншіден, оппозициялы қатынас бастапқыда фонологияда пайда

болды, ол сӛйлеу аппаратына (мҥшелеріне) негізделген әрі фонемалардың

акустикалық сипаттарының дискретті болуымен байланысты. Ендеше, тілдік

(грамматикалық) бірліктердің оппозициясы да осыған негізделіп,

мағыналардың дискретті және градуалды ерекшеліктеріне сҥйенуі керек.

Алайда семантикада дискретті емес, континуалды тәсіл басымдық алады.

Екіншіден, морфология семантика мен синтаксистің арасындағы байланысты

айқындауды мақсат етеді, алайда оларды санамалап шығу мҥмкін емес.

Сондықтан олар ӛз ішінен оппозиция қҧрауы міндетті емес. Үшіншіден,

семантика мен синтаксистің арасындағы байланыс алуан тҥрлі, ол

морфологиялық жолмен ғана емес, сонымен қатар басқа да тілдік қҧралдардың

кӛмегімен (қҧрылымдық, интонациялық) беріледі. Сол себепті функционалдысемиотикалық тҧрғыдан алғанда, морфологиялық категориялар мен олардың

категориалды мағыналары оппозиция қҧрай алмайды [4].

Ғалымдар морфологиялық категорияларды тҥрлі қырынан сипаттайды.

Соның нәтижесінде грамматикалық (морфологиялық) категориялар тілдің

онтологиясын кӛрсете отырып, табиғи нысан ретінде сипатталады.

Морфологиялық репрезентация мәселесін айқындауда грамматикалық

категориялаудың орны ерекше. Грамматикалық категориялаудың мақсаты –

функционалды-мақсатты жҥйе ретінде тілдегі ортақ ҧстанымдарды, мағынаның

283


(сонымен қатар лексикалық категориялау арқылы айқындалған мағыналардың)

тілдегі кодталу ҧстанымдарын, олардың тілдегі қолданысын айқындау. Онда

тілдік қолданыс ерекшеліктері ескеріліп, сӛздер грамматикалық топтарға

бӛлінеді, ол тілдегі грамматикалық және лексика-грамматикалық

категорияларда кӛрініс табады. Яғни тілдік нысандар категорияларға жіктеліп,

тілде кӛрініс тапқан категориялар негізінде категорияланады. Грамматикалық

категориялау – ғаламды танудың категориалды ҥлгісі ретінде сипаттау,

морфологиялық репрезентация концептуалды мазмҧнды қҧрылымдаудың

категориалды тәсілі болып табылады.

Функционалды-семантикалық тҧрғыдан алғанда, категорияның мазмҧн

және тҧрпат межесі болады. Семантикалық мазмҧн морфологиялық категория

мәніне тең, ал тҧрпат межесінде морфологиялық, синтаксистік, сӛзжасамдық,

лексикалық т.с.с. тілдің тҥрлі деңгейлеріндегі тілдік қҧралдар арқылы кӛрінеді.

Қҧрылымдық жағынан алғанда, функционалды-семантикалық категориялар

ӛріс тҥзіп, оның ӛзегін морфологиялық категория қҧрайды. Функционалдысемантикалық ӛріс ҥшін белгілі бір қҧрылым тҥзетін элементтер ӛзара

әрекеттесіп, біркелкі ғана емес, әркелкі тілдік қҧралдар, грамматикалық және

лексикалық қҧралдар ӛзара байланыста болуы керек [3, 18].

Профессор Б.Шалабай функционалды бағыттағы зерттеулердің ҧстанымын

былайша сипаттайды: «Тілді функционалдық-семантикалық тҧрғыдан

қарастыруда қызметтік-мағыналық ӛрісті анықтау барысында ең алдымен,

қызметі мен мағынасы жағынан бір-бірімен байланысты тілдік қҧралдарды табу

қажет. Тілдік қҧралдарға грамматикалық категориялар, синтаксистік

конструкциялар, лексика-грамматикалық белгілер тобы т.б. жатады. Екіншіден,

тілде бҧдан басқа осы семантикалық қызметті атқара алатын, қызметі ҧқсас

тілдік қҧралдар бар ма деген сҧраққа жауап іздейміз. Мысалы: бір мағына бір

сӛз не синтаксистік конструкция арқылы берілуі мҥмкін. Ҥшіншіден, тілдік

қҧралдардың толық қҧрамы анықталады, барлығы бірігіп, қызметтікмағыналық ӛрістік тҧтастықты қҧрайды. Қолданымдық мағына тҧтастығының

шекарасы, ӛріс қҧрылымы анықталады» [1, 67].

Тілдік бірліктер концептуалды жҥйе мен оны тҥзуші концептілермен

тығыз байланыста болады. Кез келген сӛйленісті қабылдауда міндетті тҥрде

категорияларға иек артамыз. Категория туралы ҧғым ойлау, әлемді тҥйсіну,

дҥниетаныммен де тығыз байланысты. Адам категориялау арқылы болмысты

белгілі бір топтарға жіктейді. Категориялау – динамикалық сипаттағы

танымдық ҥдеріс, ол – адамның ойлау, танымдық қызметінің негізі.

Грамматикалық концептілер тіл туралы, ғалам туралы білімді сақтап, тілдегі

қолданысын сипаттаумен қатар тілдік мағына қалыптастыруда да маңызды

қызмет атқарады. Әмбебап сипаттағы негізгі концептілер тілмен етене

байланысты болады, сол себепті олар вербалды концепт болып табылады.

Әрбір халықты ҧлт ретінде ерекшелендіретін, ҧлттың дҥниетанымын,

ойлау жҥйесін, дҥниетанымдық кӛзқарастарын кӛрсету қазіргі тіл дамуында

кӛбінесе лексика-фразеологиялық жҥйеге қатысты қарастырылып келе

жатқандығы белгілі. Алайда лексика жеке тҧрып қарым-қатынас қҧралы бола

284

алмайды, ол міндетті тҥрде тілдің грамматикалық жҥйесіне иек артады. Яғни



адамның ойын жарыққа шығаратын коммуникативтік жҥйесіз тіл ӛз қызметін

атқара алмайды. Олай болса, лексика мен грамматика – бір-бірімен тығыз

байланысты ҧғымдар. Сол себепті де лексикада бар жалпыадамзаттық, ҧлттықтанымдық жҥйе грамматиканың да тілдік қҧрылымына орнықтырылған.

Мҧндай тілдің грамматикалық қҧрылымынан кӛрінетін ҧлттық дҥниетанымдық

ерекшеліктерді қарастыратын грамматика ілімінің бір саласы – этнограмматика

болып табылады.

Қазақ тіл білімінде грамматикалық бірліктерді ҧлттың, этностың

дҥниетанымдық білімдер жҥйесімен байланысты қарастыратын ғылыми

еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Бҧл мәселенің қазақ тіл білімінде

зерттелмеуін кҥні бҥгінге дейінгі грамматика іліміне қатысты зерттеу

жҧмыстарында тілдің қҧрылымдық бағытына кӛп мән беріліп, оның

коммуникативтік-прагматикалық, психолингвистикалық, нейролингвистикалық т.б. антропоӛзектік қырларының ӛз дәрежесінде зерттелмей келе

жатқанымен тҥсіндіруге болады. Ал бҧл тілді зерттеудің антропоӛзекті

парадигмасы, тҥпкі ӛзегінде адам факторын кӛрсетуді мақсат ететіндіктен,

мҧндай зерттеулерде міндетті тҥрде әрбір ҧлттың дҥниетанымы, ҧлттық санасы,

ҧлттық болмысы кӛрініс табады. Этнограмматиканың мақсаты да осы тілдің

коммуникативтік жҥйесіндегі кодқа салынған ҧлттық дҥниетанымдық

ерекшеліктерді тауып, осындай этнограмматикалық бірліктердің

коммуникативтік-прагматикалық мән-мазмҧнын ашып кӛрсету болып

табылады.

Сонымен, бҥгінгі таңда когнитивтік, функционалды бағыттағы

зерттеулерде тілдегі білімнің кӛрінісін сипаттауға бағытталған ізденістер

жанданып келеді. Морфология теориясының дамуы ондағы когнитивті

ҥдерістерді талдауды қажет етіп отыр. Сол арқылы морфологиялық

категориялар мен тҧлғалардың тілішілік ерекшеліктері айқындалып, тілде

концептуалды мазмҧнның репрезентацияландағы морфологиялық бірліктердің

орны кӛрсетіледі. Мҧндай зерттеулер тілді қҧрылымдық немесе функционалды

қырынан зерттеумен қатар қалыптасқан тҧжырымдарға жаңа қырынан

сипаттауға жол ашады, морфологияның тіл жҥйесіндегі орнын айқындап,

сӛйлеу әрекетіндегі маңызын тҥсінуге, морфологиялық категориялардың тҧрпат

және мазмҧн межесін тануға мҥмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Шалабаев Б. Қолданымдық грамматика туралы//Қазақ грамматикасының

ӛзекті мәселелері. – Алматы, 2007. – 54-74-б.

2. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 624 б.

3. Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики:

на материале русского языка. – М.: Языки славянской культуры, 2002. – 736 с.

4. Болдырев Н.Н. Языковые категории как формат знания // Вопросы

когнитивной лингвистики. – 2006. – № 2. – С. 5-22.

285


Каирбекова И.С.

гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы;

Жумагулова О.А.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті

ТАҒАМ АТАУЛАРЫНЫҢ МЕТАФОРАЛАНУЫ

Қазіргі тіл білімінде тіл бірліктерін когнитивтік аспектіде қарастыру –

ӛзекті мәселелердің бірі. Қазақ халқының ҧлттық таным ерекшелігін сӛздердің

метафоралануынан байқаймыз. Метафора – этностың креативті ойлауын

дамытатын, сол ҥдерістің тілдегі нәтижесін кӛрсететін қҧбылыс.

Метафоралануда пайдаланатын лексикалық қҧралдар тілдік,онтологиялық және

мәдени факторлармен тығыз байланысты болады. Тілдік бірліктің кӛптеген

белгілерінің бірі белсенділік танытып, жаңа ҧғым атауына негіз болады.

Мысалы:Шұжықты сүрлеп кӛп уақыт сақтауға болады. Ол негізінде жылқы

етінен жасалады (С.Қасиманов, Қаз. ҧлт. тағам.). Ӛзіміздің торы биенің

қамыты үлкен екен. Әйтсе де, желке тұсына шүберек орап, шұжығын кӛтеріп

жегіп алдым (Ж.Молдағалиев, Тыңдағылар). Ол қамытының сӛгіліп кеткен

шұжығын таспалап отыр еді (Х.Есенжанов, Ақжайық).Келтірілген

мысалдарда шұжық сӛзі екі тҥрлі мағынада жҧмсалып, болмыстағы екі тҥрлі

нысанды метафорлану арқылы таңбалайды:



1.Шикі еттің майлы жеріне

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет