Филология институты



Дата15.11.2023
өлшемі24,13 Kb.
#123858
Байланысты:
Документ


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ №____1__
Латын графикасы
Орындаған:​​_207 топ студенті Теміржанова Көркем

Алматы, 2022 ж.


БӨЖ. 1-тақырып. Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор құру туралы.


Тақырыптық тест:

1) 1924 жылы қазақ ғылыми қызметкерлерінің съезі өткен қала?


А) Мәскеу
Ә)Түркістан
Б) Орынбор*
В) Ташкент
Г) Қазан


2)Алаштықтардың түркі халықтарының өзара термин алмасу мәселесін жолға қоюға бағытталған жұмысының аяқсыз қалуының себебі?
А) Алаш зиялылары қуғындала бастады*
Ә)Алашорда үкіметі
Б)Ғылыми тәжірибенің аздығы
В)Алашорда мен Кеңестік билік ара-қатынасының шиеленісі
Г)Қоғамдық саяси өмірдің мәселелері

3) «Ондай терминдер (түркі тілдерінен алынған терминдер – Ш.Қ.) айтуға, естуге және түсінуге қиындық туғызбайды» деген пікірді айтқан кім?


А).Е.Омарұлы
Ә)Х.Досмұхамедұлы
Б)А.Байтұрсынұлы*
В)Т.Шонанұлы
Г)И.Арабайұлы

4) Мемлекеттің ортақ терминдер қорын қалыптастыруға септігін тигізген нәрсе


А)Көпұлтты құрама*
Б)Әртүрлі тілдік топтар
В)Көпэтносты мемлекет
Г)Мәдениеттер мен діндердің үндесуі

5) Туыстас тілдерден алынған терминдердің қабылдаушы тілдің қандай ерекшеліктерімен сай болады?


А)Морфологиялық,дыбыстық*
Ә)Лигвистикалық
Б)Лексикалық
В)Грамматикалық
Г)Сөзжасамдық

6) Түркітілдестердің ғылым саласындағы ынтымақтастығы, байланысының әлсіздігінің салдары


А) Түркі тілдерінің терминологиясы алшақтап барады*
Ә) Жазылған мақалалар өзге түркітілдес елдердің ғалымдарына жетпеуде
Б) Тілдердің айырмашылықтарының ұлғая беруіне апарады
В) Әр тілдің терминқоры өз жолымен дамыды
Г) Термин қабылдаудың бір ғана көзі ретінде орыс тілін танылып отыр
7)Бірнеше ел тілдерінің арасында жүзеге асатын ауқымды терминологиялық жұмысқа қажетті мамандар?
А) Терминология саласында еңбек етіп жүрген тілшіғалымдары, салалық кәсіби мамандары*
Ә)Филология ғылымдарының мамандары
Б)Лингвист мамандар
В)Синхронист ғалымдар
Г)Жазушылар

8) Түркі тілдерінің көптілді салыстырмалы терминологиялық сөздіктерін жасау бастамасы қолға алынған жылдар?


А) 1996-1997жж*
Ә)2002ж
Б)1998ж
В)1999-2000жж
Г)1994-1995жж

9) Түркі тілдері үшін терминқор қор қалыптастырудың сыртқы көзі болып қай тілдер тобы қарастырылады?


А) Өзге туыстық топтарға жататын тілдер *
Ә) Туыстас тілдер
Б)Қыпшақ-Ноғай тармағы
В)Семит-Хамит тілдер тобы
Г)Алтай тілдері

10)Тақырыпта баяндалған түркі тілдерінің терминжүйелерін тіларалық біріздендірумен айналысатын құрылымды қай академия жанынан ашу көзделуде?


А)Қазақстанның Түркі академиясы базасында*
Ә)Халықаралық Түркі академиясында
Б)Халықаралық терминология академиясы
В)Қырғыз ұлттық ғылым академиясы
Г)А.Байтұрсынұлы атындағы тіл ғылымы институты

Термин мен жалпы қолданыстағы сөзді әңгіме барысында қалай ажыратамыз?


Термин дегеніміз — белгілі бір ғылым, білім, техника саласының заттары мен құбылыстарының атауы.
Терминнің өзіндік белгілері:
1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
2. Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин- сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен).
3. Термин – белгілі бір терминологияның мүшесі (А.А.Реформатский).
4. Термин деген – ұғым аты.
5. Терминнің міндетті түрде анықтамасы (дефинициясы) болады.
6. Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады.
7. Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады.
Терминология - 1. Терминдер туралы ғылым; 2. Терминдер жиынтығы деген екі мағынаны білдіреді.
Белгілі бір ғылым, кәсіп саласында терминдердің жиынтығы болады. Әрбір ғылым саласының терминологиясы мен терминдік жүйесі тілдік құралдар арқылы көрінетін кәсіби білімнің ұғымдық байланыстарына негізделеді.
Қоғамдық-саяси сөздердің сөздік құрамдағы өзге сөздерден ерекшелейтін өзіндік сапа-белгілері бар. Олар бір қарағанда терминдерге ұқсас болып көрінгенімен, олардан қолданылу аясы, ауқымы, қызметі және жалпыхалықтық сипаты жағынан өзгешеленеді.
Олардың терминдерден ажырататын басты белгілері мынада: термин дегеніміз белгілі бір ғылым мен оның пәніне ғана қатысты болып, солардың ғалымдары мен мамандарының барлығына бірдей түсінікті, бірақ жалпы халыққа түсініксіз сөздер болып келсе, қоғамдық-саяси лексиканы барлық жұрт пайдаланады. Ал терминдерге ұқсайтын жағы, көбінесе, өзге тілдерден дыбыстық-құрылымдық жақтан игерілмей, еш өзгеріссіз ауысып келуінде жатыр. Өзге тілдік сөздер екенін олардың түр-тұрпаты нақты аңғартып тұрады.
Терминдер объектілердің, құбылыстардың, олардың қасиеттері мен өзара әрекеттесуінің саласына тән мамандандырылған, нақты белгілер ретінде қызмет етеді. Көбінесе көп мағыналы және эмоционалды түске ие жалпы лексика сөздерінен айырмашылығы, қолдану аясындағы терминдер бір мәнді және экспрессиясыз.

Терминдер белгілі бір терминологияда бар, яғни олар тілдің белгілі бір лексикалық жүйесіне енеді, бірақ тек белгілі бір терминологиялық жүйе арқылы. Жалпы тіл сөздерінен айырмашылығы, терминдер контекстке байланысты емес. Осы ұғымдар жүйесінде термин бір мәнді, жүйелі, стилистикалық бейтарап болуы керек (мысалы, "парадигма", "кварк", "атом").


Термин мен термин емес сөздердің бір-бірінен басты айырмашылықтары да осында. Басқаша айтсақ, олардың айырмашылықтары – жалпы халықтық сөздердің бейтараптығы мен терминдердің ғылыми ұғымдарды білдіретіндігі.
Термин сөздердің термин емес сөздерге ауысуы өте сирек кездесетін құбылыс (Мыс., компютераккуммулятор, термометр, т.б.). Ал бұған керісінше, термин емес сөздердің термин сөздерге ауысуы жиі байқалатын нәрсе. Оған тілімізде мысалдар көп. Айталық, түбір (корень), жұрнақ (суффикс), кіріс, шығыс, жапырақ т.б.
Қазақ тілінде «жапырақ» сөзі қазір жалпыхалықтық сөз ретінде де, термин сөз ретінде де қолданылады. Ол сөздің жалпыхалықтық мағынасы – «өсімдіктің өзі жалпақ, өзі жасыл түсті мүшесі» дегенді, ал терминдік мағынасы – «жоғары сатыдағы өсімдіктердің (төменгі сатыдағы өсімдіктердің емес) бойындағы фотосинтез процесі жүретін, өзіне көмірқышқыл газын сіңіріп алып, оттегін бөліп шығаратын вегатативті мүшесі» дегенді білдіреді.
Бұл екі мағынаны шатастыруға да болады, шатастырмауға да болады. Шатастыруға болатын себебі – екеуі де, сайып келгенде, «өсімдіктің бір мүшесі» деген жалпы ұғымды білдіреді. Шатастыруға болмайтын себебі – бұл термин және термин емес екі сөздің мән-мағыналары екі түрлі. Бірі (халықтық сөз) жалпылай алынған тар, таяз мағынада, екіншісі (термин сөз) ғылыми ұғымды білдіретін кең, терең мағынада қолданылады.
Бұл сияқты «екі жақты» сөздер ертеде халықтық қарапайым сөздер болған. Кейіннен ғылымның дамуына, зерттелінуіне, оның қазақша сөйленуіне байланысты олар өздерінің халықтық мағынасының үстіне басқаша ғылыми мағына (ұғым) үстеп, терминдердің қатарына өтті; терминдік жүк арқалайтын болды. Бұл біздің тілімізде ғана емес, басқа халықтардың тілінде болып тұратын құбылыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет