Байланысты: Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазба жұмыстарыдң әдістемелік негізі
Пәннің міндеттері: - қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін жазба жұмыстардың түрлері және оның меңгертілу тарихына шолу жүргізу;
- әдіскер ғалымдардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазба жұмыстың жүргізілуі туралы пікірлерін саралау;
- жазба жұмыс түрлерін жүйелеп, жүргізілу ерекшелігін анықтау;
- қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы мазмұндама, шығарма, диктант және эссе жазу талаптарын меңгерту.
- қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; тіл білімінің жаңа бағыттарын жіктейді; жазу теориясы бойынша ғылыми мәліметті баяндайды; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін сипаттайды.
- қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша зерттеу жүргізеді.
- пәнді меңгеру нәтижесінде студент мектепте қазақ қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жүргізілетін жазбаша жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесін, атап айтқанда, жазбаша тіл дамытуды оқушылардың ауызекі сөйлеу тілімен байланысты жүргізуді; түрлі жанрда әдеби тіл стиль нұсқалары бойынша мәтін құрастыруды; ой-пікірін белгілі тақырып, мәселе бойынша жүйелі жеткізе білу икемділігін арттыруды; өз ой-пікірін белгілі тақырып, мәселеге сәйкес шығармашылықпен мәтін бойынша құрастыра білуге жаттықтыруды меңгеріп шығады;
- білім алушылардың жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен практикалық жолдарын анықтай алады;
- жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдылары туралы лингвистикалық, педагогика-психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесіне қатысты білім қорын жинақтайды;
- оқушылардың жазба тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық негіздерін тану арқылы жазбаша сөйлеуге жаттықтырудың нәтижелі жұмыс түрлері мен тиімді әдіс- тәсілдер жүйесін ұсына алады.