Философия 5-апта



Pdf көрінісі
Дата16.03.2023
өлшемі45,27 Kb.
#74982
Байланысты:
Философия 5-апта



Сананың қалыптасуындағы
қоғамның ролі
Қоғамдық сана — қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың
бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; əртүрлі
əлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын
адамдардың əлемге жəне өздеріне деген қатынастарының рухани тəсілдерінің
жүйесі.
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика,
философия жəне діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық
сана əлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, əдет-ғұрыптар мен мінез-
құлықтарды, қалыптасқан дəстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық
кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып,
соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі
болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам
мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сəйкес
келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана
қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның
күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады.
Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бұқараның, жекелеген əлеуметтік
топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана
жəне қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде
ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние
мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның
тəжірибелік іс-əрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мəдениетінің қүрамдас
бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат,
құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған
белсенді түрде ықпал етеді. Оның əрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу
тəсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік əсерін тигізіп,
идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады
.
Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері жəне құқылықтары бар əлеуметтік
тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы,
буржуазия, орта тап жəне т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ.
Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо жəне т.б.).
К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік əдістермен
байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады жəне
пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау жəне тапсыз қоғам құру
тапсырмасын жүктеді. Əлеуметтануда қоғамды тапқа жəне əлеуметтік топтарға
(жастық, экономикалық, кəсіби, құқықтар мен міндеттер жүйесі, əлеуметтік
мəртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік


қатынастары, басқа да факторларға сай əлеуметтік жіктелу жəне ықпалдасу
процесіне орай араларында əріптестік, бəсекелестік немесе қақтығыс
туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін əртүрлі
жіктер мен топтар қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет