Философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының «Мәдениеттану» пәнінен лекциялар жинағы



бет3/50
Дата17.03.2023
өлшемі307,1 Kb.
#75216
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану

3 сұрақ. Мәдениеттің құрылымы


Мәдениеттің өзегін салт дәстүр құрастырады Гердер деген мәдениет зерттеушісі: Дәстүр бұл мәдениеттің анасы мәдениетті дүниеге алып келген құбылыс деп қарастырады. Дәстүр сипатынан алғанда әрине рәсім үлкен роль атқарады, культ деген ұғымға тығыз байланысты. Жалпы алғанда мәдениеттің құрлымы өте күрделі мәдениетке, рухани мәдениеттілікке негізінен бұл әлем мәдениетті, көркем өнер мәдениетті яғни эстетикалық мәдениет, саяси мәдениет т.б. мәдениеттің түрлері жатады.

Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады. Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.


Рухани мәдениет рухани өндіріс саласынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы – адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдыққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бірқатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық).
Дәстүрлер жүйесі қоғамдық жүйенің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез келген мәдениеттің әмбебап сипаттамасы. Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әртүрлі арақатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер
жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады.
Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен рөл атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған.
Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлғааралық, көпшілік қарым- қатынастары және әртүрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор рөл атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау ұстындарын, нормаларын алады. Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.
Мәдениет, негізінен, қарқынды түрде қоршаған ортаны, қоғамды, адамзаттың өмір сүру салтын өзгеріске ұшырата алады, сондықтан да ол өмір сүрудің шығармашылық факторы ретінде және қоғамдық жаңа өзгерістердің шексіз қайнар көзі ретінде бағаланады. Осыдан мәдениеттің әлеуетін, оның ішкі байлығын іздеп табуға және оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға деген құлшыныс туындайды. Адам баласы мәдениетті өзінің ішкі әлеуетін жүзеге асыруы мен өзінің жеке ерекшелігін атап көрсетуінің құралы ретінде қарастыра отырып, мәдениеттің тарихи үдерістерін және адам баласына позитивті әсер ететін жаңа түпсіз, шексіз импульстарын көруге болады.
Мәдениет мемлекеттік немесе халықаралық қарым-қатынаста тек әлеуметтік, ділдік, сана-сезімдік ерекшеліктерді көрсететін белгі емес, керісінше, ол саясаттың, экономиканың өркендеуіне және кең етек алуына
«жәрдемдесетін» құрал болып табылады. Осындай пікірді ұстанушы неміс ғалымы, тарихшы Д. Гиноу-Хехт былай дейді: «Қырғиқабақ соғыс кезінде американдық дипломаттар Америка Құрама Штаттары өзінің өмір сүру салтының артықшылықтарын шет елдерге мәдениет арқылы көрсетуі қажет деген ұйғарымға келді. Егер Кеңес Одағы коммунизмді экспорттаса, АҚШ-тың қоғам қайраткерлері мен саяси стратегтері өз елінің бүкіл Әлемге ықпалын мәдениет арқылы жүргізу әрекеттерін одан сайын күшейте түсті». Қазіргі уақытта бұл тәсіл болашақты болжап көре алатын шынайы көрегендердің әрекетін күткен нәтижеге апаратын тәсіл екендігін көріп отырмыз.
Мәдениет – адамдардың әлеуметтік мінез әрекеттерінің түрі немесе ерекше формасы. Мәдениеттің пәндік мазмұнын сараптай отырып, Б. Малиновский мынадай қорытындыға келді: Мәдениет – бұл артефакт әлемі. Артефакт дегеніміз жасандылық жолмен жасалған объект немесе зат. Артефактыны оның мәдени формасынан және материалды негізден
(субстраттан) айыруға болмайды. Ол белгілі бір мәдениет контекстінде (аяқталған дүние) ғана жасалынады және тіршілік етеді.

  1. Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады.

  2. Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады.

  3. Мәдениет – бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады

Мәдениеттің әлеуметтік рөлін ары қарай анықтар болсақ, оның рөлі зор екенін байқаймыз. Яғни, мәдениет адам баласын жабайылық пен тұрпайылыққа, еріншектік пен зұлымдылыққа, менменшілдік пен жауапкершіліксіздікке жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет