Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


Ақпараттық коммуникацияның «кодтаушысы» да, «кодын



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Ақпараттық коммуникацияның «кодтаушысы» да, «кодын 
алып тастаушысы» да, яғни өзегі де адам, кез келген 
«ақпараттық өнімнің» жаратушысы жəне қолданушысы да 
адам болып табылады. Адам əлемі – ақпарат əлемі болғандық-
тан оны біз адам əлемі рəміз əлемі деп те аламстыра аламыз, 
өйткені ақпаратты тасымалдау жолында тілдегі сөз ретіндегі 
болсын, қағазға түскен хат ретіндегі болсын, сандық 
технологиялардағы рəміздер болсын – барлығы əу бастағы 
мəнсіз əлемге адам ұсынған мəнді тасымалдайды. 
 
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Ақпараттық қоғам ұғымын кім енгізді жəне ол нені білдіреді? 
2. Ақпараттық қоғамның пайда болуының алғышарттарына не жатады? 
3. Ақпараттық қоғамның қалыптасу кезеңдерін атап өт. 
4. Ақпараттық қоғам адамы. 
5. Ақпаратты тарату көздерінің эволюциясы жəне қазіргі заман мəдениеті. 


56 
4 АҚПАРАТТЫҚ МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ 
ЖАҺАНДАНУ АЯСЫНДАҒЫ 
ӨРКЕНИЕТТІЛІК ҮРДІСТЕР 
 
4.1 Ақпараттық мəдениет пен жаһанданудың
алғышарттары
 
 
Ақпараттық мəдениет ақпараттық қоғамға тəн мəдениет 
екендігі көп дəлелді қажет ете қоймас. Ал ақпараттық қоғам 
туралы алдыңғы тарауда кеңінен тоқталғандықтан, ақпараттық 
мəдениеттің сипаттамаларының сол ақпараттық қоғам сипатта-
маларынан туындайтындығын ескере отырып, қайталап жатуды 
жөнсіз деп білемін.
Ендігі жерде ақпараттық мəдениеттің жаһандану үрдіс-
терімен етене тығыз байланыстылығын есте ұстай отырып, осы 
жаһандану үрдістеріне кеңірек тоқталған дұрыс. 
Жаһандану жəне оның алғышарттары 
Қай тарихи-мəдени кезеңнің болмасын өзіндік бір бет-
бейнесін танытатын басым идеологиялық сарыны, парадигмасы 
болады. Соңғы ұғым – парадигмаға келетін болсақ, оны ғылыми 
қолданысқа енгізген Т. Кун еді [202]. Кунның түсінігінше, 
парадигма – ғылыми қауымдастық қабылдаған жəне ғылыми 
дəстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар 
жəне техникалық дəстүрлер жиынтығы. Ғылыми аядан тысқары 
жерде де парадигма ұғымы кең қолданысқа түсіп жүр. Жалпы, 
кең мағынасында, парадигма нақты тарихи-мəдени кезеңнің 
ділдік (ментальдық) өзегін білдіреді. Басқашалап тағы бір 


57 
анықтап жіберсек, парадигма деп заманауи сананың паттент-
терін (үлгі-бейнесін) айтамыз
Босағаны енді аттап өткен ХХІ ғасырдың парадигмалық 
идеясы, бəлкім, жаһандану болмақ. Аты айтып тұрғандай, 
жаһандану қандай да болмасын процестің, іс-əрекет барысының 
немесе мəдени-əлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана 
ұлт, халық, мемлекет, өркениет немесе континент шеңберімен 
шектелмей, бүкіл планеталық – жұмыр жерлік, бүкіл жаһандық 
деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. 
Жаһандану – процесі орын алып отырған, əлі тəмамдалмаған іс. 
“Жаһандану” бүкіл жер жүзіне жайылу, тарамдалу деген 
мағынаны да, əлемдік көптүрлі көпшілік қауымның біртұтас 
адамзаттық мəдениет қалыптастыру екпініне ілесу, ғаламдану 
деген мағынаны да өз бойына сыйдыра алады. 
Бүкіл əлемде бір түрлі мəдени үлгілердің таралуы, мəдени 
ықпалға шекараны ашу жəне кеңейіп келе жатқан мəдени 
қарым-қатынас қазіргі мəдениеттегі жаһандану туралы айтуды 
қажет етеді. Қаржы-қаражат, идеялар мен адамдар бұрын 
болмаған ұтқырлық, шапшаңдық танытып отырған кездегі 
экономикалық байланыстар мен коммуникация құралдарының 
күрт дамуының негізінде жеке этникалық мəдениеттердің бір 
əлемдік мəдениет типін қалыптастыруға бет бұруын мəдени 
жаһандану процесі деп түсінуге болады. Бірақ мəдениет қандай 
да бір абсолютті ортақ критерилерге сай келмейтіндігі əу бастан 
белгілі жай. Əр халықтың мəдениеті өз алдына, сондықтан да ол 
туралы дəл бағаны беру тек сол мəдениет шекарасында ғана 
жүзеге аспақ. Бұл əдістемелік көзқарасты мəдени релятивизм 
дейміз. Əр халық мəдениеті тек сол мəдениеттің өзіндік 
құндылықтары аясында жəне өзіндік контекстінде ғана толық 
түсінікке ие болады. 
Жаһандану сияқты бүкіл əлемді жайлаған процестен 
туындайтын (əлде, бəлкім сол процесті туындатуға себепші 
болатын?) “глобализм” термині саясатта болсын, экономикада 
болсын, жалпы мəдениетте орын алып отырған мəселелерді 
шешу барысында туындайтын ойлау əдісі де, əрекеттену түрі де 
десе болады. 


58 
Бұл күндері тек қана əлемге əйгілі ғана емес (атауы талап 
еткендей), сонымен қатар, өзекті болып келе жатқан жаһандану 
идеясын болсын, глобализм терминін болсын біржақты талдау 
мүмкін емес. Яғни не бірыңғай жағымды, не бірыңғай жағымсыз 
процесс, идеология деп кесіп айту қиын. Өйткені, əлемдік 
тарихта нақты орын алған оқиғалар сарыны глобализмді 
біржақты дəріптеп жақтаушылар ғана бар деуден аулақ етеді. 
Күні кеше ғана көз алдымызда “ошағы ортасына түскен” 
социализмнің жүйе ретінде күйреуі социализмнің ашық 
жүргізген глобалистік саясатының жасандылығын паш 
еткендей. Немесе, осы дүниені дүр сілкіндірген АҚШ-тағы 
қасіретті оқиға (2001 жылғы қыркүйектегі жағдайды меңзеп 
отырмыз) да антиглобалистер емес, тек əпербақан террористер 
сұмдығы екендігіне дəлел шамалы шығар… Тіпті терроризм 
нəтижесі болған күннің өзінде, сол агрессияға бастаған нəрсе – 
АҚШ-тың глобалистік ынтасына қарсыластық реакциясы емес 
пе?! Ендеше, жаһандану шым-шытырығы, қалтарысы көп 
күрделі де жауапты жол таңдау деп түсіндірілсе керек. 
Жаһандану идеясының өзіне келетін болсақ, оның түп-
тамырымен кəрі тарих қойнауында жатқандығын байқаймыз. 
Айтылуы, аталуы, жүзеге асырылу жолдары жаңаша болып 
көрінгенімен жаһандану идеясы көне идеялардың бірі. Сөзіміз 
дəлелді болу үшін мысалдап кетейік. Жер дүниенің бəрін 
жаулап алып, сол бір ұшы-қиыры жоқ жаһандық территорияда 
өз өктемдігін жүргізбекші болған, сөйтіп ортақ тілді, эллиндік 
ділді, құндылықтарды əлемге таратпақшы болған Ескендір 
Зұлхарнайын бастаған үлкен топтағы Шыңғыс хан да, Гитлер 
де, Ленин де … (мүмкін кейбір осы үлгілес тарихи тұлғалар бұл 
жерде аталмаған да болар, олардың бəрін тізбектеу мақсатымыз 
да емес) өз əлдерінше жаһандандырудың “көш серкелері” 
болғысы келген еді. 
Жаһандануды алғашқылардың бірі болып жүзеге асырғысы 
келген Ескендір Зұлхарнайынның ата жұрты – гректер тілінде 
“агон” деген маңызды ұғым болған. Ол ұғым ежелгі грек 
болмысы мен мəдениетінің маңызды элементтерінің бірін 
танытады. Агон деп қоғамдық құрмет пен абыройды əперетін ең 


59 
биік жетістіктерге жетуге бағытталған жеке тұлғаның болсын, 
адамдар ұжымының болсын, полистердің (көне грек қала-
мемлекеттерінің) болсын өзара жарысу принципін айтамыз. 
Қарапайым тілдегі бір сөзбен топшылар болсақ, агон дегеніміз 
еркін бəсекелестік. Əлемдік бəсекеде экономикасы, ақша 
қаражаты, саясаты, қорғаныс қабілеті, техника-технологиясы, 
көпшілікке ақпарат тарату жүйесі, тілінің пайдалану аясы, 
ділінің көпке үлгі болу қабілеті жəне т.с.с. көрсеткіштер 
тұрғысынан қай елдің, мемлекеттің мерейі үстем болса, сол 
елдің əлем жұртшылығының “қара шаңырағы” рөлін атқарары 
мəлім. Сонымен, ХХ ғасыр парадигмасы болған социалистік 
жəне капиталистік жүйелер теке тірестігі жаңа бет пердемен 
көрінген ғаламдану идеясының бойындағы агондық бастаманың 
шекті, кернеулі көрінісі ғана болатын.
Жаһандануға шақыру, бір жағынан, əлемдік бəсекеге 
шақыру. Ол бəсекеде, Хантингтонның айтуынша, еуропа-амери-
кандық немесе батыстық мəдениеттің “мысы” басым болып тұр.
Ал қалған жұртшылық, Хантингтонның “Өркениеттер қақты-
ғысы: жеңуші мəдени салада айқындалады” атты мақаласында 
болжанғандай, не батыстық құндылықтар мен əлеуметтік 
институттарды қабыл алып, Батыстың “жүйрік поезының соңғы 
тепшегіне жабысады” (біздің мəселе аумағында - жаһанданады), 
не өздерін Батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға-тұйық-
тық, жабықтық стратегиясын ұстанады, не болмаса Батыспен 
бəсекеге төтеп бере алатын жаңа əлеуметтік-мəдени бірлестік 
құрады (ол бірлестік те жаһандану моделіне жұмыс істейді, 
əрине).
Жұмыр жердің тұс-тұсынан жаһандануға қарсы əрекет жаса-
лып жатқандығын біз жоққа шығара алмаймыз. Бірі Солтүстік 
Корея, Иран, Ирак, Пакистан, Афганистан сынды мемлекеттік 
деңгейде өзіндік томаға-тұйықтыққа бет алып жатса, екіншілері 
ұжымдық тұрғыда ашықтан ашық қан төгіс, террор жолын 
таңдап отыр. Олардың қай қайсысының болмасын əрекеттерінің 
жалпы идеологиясы антиглобализм болмақ.
Жаһандану, екінші тұстан қарағанда, қазіргі заман талабы 
десе болғандай. Олай деуге бірнешеме себептер де бар. Оларды 


60 
төмендегідей сипаттауға болады. Адамзат қол жеткізген 
ғылыми-техникалық жаңалықтардың нəтижесінде адамдар 
қарым-қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. 
Əлем тарылып (əлем тарылды ма, адамдардың пейілі тарылды 
ма?!), адамзат бір үйде бас қосқандай… Техногенді өркениеттің 
бел баласы - бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл дүние жүзін өз 
уысынан шығармай, көздегенін жасатарлық күйде.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың тығыз 
байланыстылығы сонша “бүгін Қырымда, ертең Ұрымда” жүре-
тін “жаңа көшпелілер” пайда болды дей аламыз. Осы сынды 
үрдістер басымшылығы танылған бүгінгі мəдени-əлеуметтік 
жағдайда, Рим клубының негізін салушы Аурелио Печчели 
айтпақшы, “ғаламдық сана”, “ғаламдық ойлау” (“глобальное 
мышление”) қажет-ақ. Сондықтан да жаһанданудың дəл бүгінгі 
таңда қай халық, қай мемлекет үшін болса да жасанды, 
жапсырма идеология емес, қажетті де маңызды заман талабы 
болатындығы анық. Жаһандануға бой алдыру əркімнің заман 
сарынына сай икемделуі, өзін-өзі сақтап қалуға тырмысуы деп 
түсіну керек. 
Жаһандану идеясының негізінде мəдениеттер сұхбаты 
нəтижесінде туындайтын мəдени бірін-бірі байыту, толықтыру 
тұр ма, əлде, мəдени біргейлікті жоқ ететін ассимиляциялық 
аккультурация тұр ма? Басты мəселе осы сұраққа барып 
тіреледі. Бұл мақаланың өзегі де осы бір жаһандану барысы мен 
мəдениеттер сұхбаты арақатынасын ой таразысынан өткізу 
болып табылады.
Шынайы жаһандану, менің түсінігімше өркениеттілік 
(техника-технологиялық басымшылдық деген тар мағынасында 
қолданар болсақ) тетігі басым бір мəдениеттің басқаларға 
өктемдік етіп, өзінің өлшеміне сай еткізуден емес, мəдениеттер-
дің шынайы “терезесі тепе-тең” сұхбатынан басталуы тиіс.
Француз философы Ж. Деррида жаһандануды бүгінгі əлемнің 
қайтаруға келмейтін заңды процесі деп есептейді. Сондықтан да 
оны, қаласақ та, қаламасақ та асқан байыптылықпен терең 
зерделей білген жөн. Ағылшын тілінің "global" – "дүниежүзілік" 
деген сөзінен шыққан етістік "глобализацияның" ("дүниежүзі-


61 
ленудің") орнына ол француз тіліндегі "mondial" – əлемдік, 
ғаламдық деген сөзден құрастырылған "mondialisation" – 
"мондиализацияны" – əлемденуді, ғаламдануды, жаһандануды 
пайдаланғанды жөн көреді. Өйткені онда ұғымның кеңістікке 
қатынасынан гөрі, адамдар арасындағы байланыстан өрбитін 
адами ортаны, адами əлемді білдіретіндігі басымырақ деп біледі. 
Сонымен, Деррида мундиализация – жаһандану, ең бастысы, 
адамның өмірлік əлемін өзгертеді деп есептейді. Бұған қоса, 
атақты постмодернист тағы бір гибридтелген туынды сөзді – 
"mondialatinisation" ("миролатинизация" – "ғаламлатындану") 
деген неологизмді ортаға ұсынады. Бұл гибридтен латындану-
дың, яғни бүкіл əлемнің латындық тіл негізінде өрбіген 
еуропалық мəдениет үлгісі ізімен даму мүмкіндігі – болжамды 
сценарийлердің бірі екендігін байқаймыз. Қалай дегенмен де, 
бүкіл əлем, бүкіл мəдениеттер өмірлік таңдау жасауға тым 
жақын кеп қалған сияқты. Жоғарыда келтірілген ойлардан 
туатын бірден бір тұжырым – жаһандануға жатпай-тұрмай тіл-
дік тұрғыдан бейімделу басталып кеткендігі туралы тұжырым. 
Сонымен, құндылықтар да, мəдени мұра əрі құндылық ретіндегі 
тіл де – мəдениеттің негізі мен іргетасы.
Жаһандасу үрдісінің коммуникация құралдарының шапшаң-
дығына сай өршіп дамуы ұлттық-этникалық мəдениеттердің 
өміршеңдігін тезге салар уақыт тудырып отыр. Этникалық 
мəдениеттің тар аймағынан өркениеттік масштабына көтерілу-
дің де өз реті, өзіндік қажеттілігі бар. Этнос деп адамдардың 
ортақ шығу тегіне, биопсихологиялық белгілерінің жақындығы-
на, мəдени-əлеуметтік құндылықтарының ұқсастығына байла-
нысты бірлескен адамдар жиынтығын айтады. Этникалық бір-
лестік жерге, саяси шекараға телінбейді. Мысалы қазақ 
этносының өкілдерін Ресейден де, Қытайдан да, Түркиядан да 
… көруге болады. Этнос пен ұлт арасында тарихи қалыптасу-
дың көп қашықтығы жатыр. Ұлттың негізін тек қан мен тіл 
анықтамаса керек, ұлттың негізін сол ұлттың мемлекеті 
орналасқан жердің, территорияның тарихи оқиғаларын басынан 
өткізген, замана жүгін бөле көтеріскен ел-жұрты құрайды. Ол 
ел-жұрттың бірқандас болуы тіпті де міндетті емес. Қазіргі 


62 
таңда өзін француз, ағылшын есептейтін қара нəсіл, сары нəсіл 
өкілін де кездестіруге болады. Келтіретін мысалдар өте көп. 
Ұлт – жылжымалы, динамикалы ұғым, оның бойында қатқан 
қағидадан гөрі тарихи-əлеуметтік шығармашылық лебі басым. 
Ұлт болып ешкім туылмайды (ал белгілі бір этнос өкілі болып 
туылады), ұлт болып қалыптасады. Ұлт деп адамдардың поли-
этностық, саяси жəне мəдени-əлеуметтік бірлестігін анықтай-
мыз. Ендеше, бүгінгі күні біздер қазақ этносынан туындаған 
қазақ ұлты туралы айта аламыз. Қазақ ұлтының мүмкін болуы 
басқа біздің жерімізді қоныстанған ел-жұртты тəрк ету, шеттен-
діру емес, керісінше, олардың басын бір іске жұмылдыру. Ал 
қазақтар көптеген басқа этнос өкілдері үшін ұйытқы болып 
отыруы тиіс. Басқалардың бойында "пəтер жалдаушылар" сезі-
мін емес, өз жеріне деген Отан сезімін оята алуы, елдің басын 
біріктіріп, ортақ іске жұмылдыра алуы тиіс деп ойлаймын.
Қазақ ұлтын зор болашақты қазақ өркениетінің негізгі 
элементі деп қарастыру керек, ал қазақ өркениеті идеясының 
өзін "жалау қылып" ұстайтын ұлттық идея десе болғандай. 
Ұлттық идеясыз ұлт тіршілігінің мəні жоқ. Қазаққа тəн жалтаң-
дықтан "қазақстандық ұлт" деп жүргеніміз саяси стратегия 
тұрғысынан алғанда дұрыс та шығар. Жалпы, "қазақстандық 
ұлт" болсын, "қазақстандық өркениет" идеясы болсын саяси 
идеологема мен ұлттық идея аралығында тұрған мəселе деп 
білемін. Осы орайда қазақ өркениеті идеясын отандық гумани-
тарлық ғылым өкілдерінің асқан сарабдалдықпен жүйелі түрде 
даярлауға кіріскендігін айта кетпеске болмас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет