Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет27/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
 
 
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Жаһандану дегенді қалай түсінесің? 
2. Батыстандыруды американизм деп қарасыруға негіз бар ма? 
3. Батыстық мəдениет құндылықтарын сипаттап бер. 
4. Батыс пен Шығыс концептері туралы не айта аласың? 
5. Жаһандану мен батыстандыру арақатынасын ашып бер. 
4.2 Ғаламтор жəне ғайып (виртуалды)


63 
шындық 
Ақпараттық мəдениеттің алғышарты болып отырған техника-
технологиялық прогресс, соның ішінде, коммуникация құрал-
дары, яғни ақпаратты тарату құралдарының даму деңгейі екен-
дігін алдыңғы тарауларда жіті қарастырған болатынбыз. 
Қазіргі заман мəдениетінің айдарына айналған ғаламтор 1969 
жылы АҚШ-тағы қорғаныс министрлігінің компьютерлік орта-
лығын жəне академиялық ұйымдарды біріктіру мақсатында 
құрылған болатын. Жүйенің бірінші əрі басты ерекшелігі оның 
ақпараттарды тасымалдаудағы тиімді əрі əмбебап құрал болуы 
ғана емес, сонымен қатар, оның шексіз көп ақпаратты сақтау 
жəне тасымалдау қабілеттілігінде. Болашақта ақпараттарды 
электронды жүйеде тасымалдау тəсілінің «қағаздық» тасымалды 
толығымен ығыстырып тастау мүмкіндігі күмəнсіз. Ерте ме, кеш 
пе біздің бүкіл қағази-кітаби мұрамыз, сонымен бірге кино 
қорымыз, музыкалық жазба жинақтарымыз жəне т.б. электрон-
ды тасымалдаушы түрінде ғана болады. Сонда интернет жүйесі 
ыңғайлы ғана емес, бұқаралық қолданыстың жалғыз құралына 
да айналуы мүмкін. Бұл əлемдік прогресс жемісі. Шын мəнінде, 
қазірдің өзінде əлемдік Ғаламтор жүйесі адамзаттың ақпараттық 
əлеуетін айтарлықтай дамытып, əлемнің барлық бұрышындағы 
миллиардтаған адамдардың тепе тең түрде əрі оңай бірігуінің 
басты себебі болып отыр. 
М. Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының 
өзгерісіне байланысты болатын мəдени кезeңдердің біреуінен 
екіншісіне аттап өту барысында көптеген үйреншікті мəдени 
элементтердің жоғалуы жəне өзінің басты маңызынан айырыл-
уы мүмкін, бірақ оны ешқашан күйреу, дағдарыс нəтижесі деп 
қарастырмау керек. Ондай құбылыстар орын алғанымен де, 
жалпы, прогрессивтік идеяны жоққа шығаруға болмайды. Дағ-
дарысты міндетті түрде қаралауға, теріс коннотаттармен 
толтыруға болмайды, ол дағдарыс, кейде керек десеңіз, жемісті 
болуы да əбден мүмкін. 


64 
Жоғарыда М. Маклюэн берген кезеңдемеге сай, соңғы 
үшінші кезең немесе аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа 
қарым-қатынас құралдарын – телеграфты, радионы, телефонды, 
теледидарды, компьютерді жəне тағы басқа ғылыми-техникалық 
прогресстің соңғы жетістіктерін ала келді деген болатынбыз. 
Компьютерлік технологиялар жетістігінің арқасында адамда 
жаңа «өмір сүру» кеңістігі (көзбояу болса да) – киберкеңістік 
пайда болды. Ол кеңістікте бүкіл əлем бізге монитор экранынан 
нақты шындық іспеттес болып көрінгенімен, ол өзінің қолмен 
ұстауға келерлік заттық тығыздығынан, қаттылығынан айырыл-
ған мөлдір əлем. 
Ғаламтор постмодерн (модерн дəуірінен кейінгі) заманының 
ұлы гипермəтіні деуге болады. Қазірде ғаламтор бірнеше 
миллиондаған компьютерлер басын қосып отырған ашық жүйе. 
Ғаламтор əу бастан либералды мəнге ие. Онда көп нəрсеге 
рұқсат етілген. Ғаламторға ілінген мəтін еркін пайдалануға 
берілген мəтін. Сондықтан мəтін авторы Ғаламторға ілген өзінің 
шығармасын өзінен шеттетумен пара-пар əрекет жасайды деген 
сөз. Нəтижесінде авторлық құқық, гонорар сынды баспа 
мəдениетіне тəн ұғымдар өзінің бұрынғы мəнінен айырылады.
Ғаламторды көз алдыңа жақсылап елестету үшін біз пост-
модерн дискурсының өзіндік ұғымы «ризомаға» жүгінеміз. Бұл 
терминді Жиль Делез бен Феликс Гваттари ботаникадан алған. 
Онда ризома – өсімдіктің неден ненің тарағанын анықтап білу 
мүмкін емес болатындай шатасып-тұтасып кеткен тарамдалып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет