4
Адамзат уақыт ағымына байланысты қашанда өзіне қатысты
əлемді ең кем дегенде үш кезеңге бөліп қарастырады: өткені,
осы қазіргісі жəне болашағы. Адамзат мəдениетінің өткені мен
оның салдары ретіндегі бүгінгісін тарихта орын алған немесе
орын алып отырған шындық ретінде сараптауға болады.
Қазіргі заман мəдениеті соның алдындағы мəдени дəстүрлер-
ді өз бойына жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек өзіне
ғана тəн ерекшеліктерге ие болатындығы тағы да бар. Ендеше,
қазіргі заман мəдениетін кешенді түрде жан-жақты қарастыру
қажет. Қазіргі заман мəдениеті осы заманда дəл осы шақта осы
кеңістікте орын алып отырған барлық əлеуметтік-тарихи үрдіс-
тердің барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы
өмірінің маңызды-маңызды деген жақтарымен: технологияның,
экономиканың даму деңгейінен бастап, құқық, мораль, өнер
жүйесіне дейінгі келелі де күрделі құбылыстармен ішкі ажыра-
мас бірлікте болады.
Қазіргі заман мəдениетінде батыстық мəдениет стандарт-
тарының көптігіне орай, оның үстіне, мəдениеттің қазіргі
өркениеттік сатысына алып келген ғылыми-техникалық про-
гресс феноменінің өзі батыстық жаратылыстану ғылымдарының
жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман мəде-
ниетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батыс-
еуропалық адамзат мəдениетінің өлшемдерімен сəйкестігін атап
айтуға болады. Жергілікті мəдениеттің өзіндік «исі» оның əрбір
саласынан «аңқып» тұрғанымен де, қазіргі адамзат мəдениеті,
шындығында, батыстандыру ықпалын ғаламдық деңгейде
сезініп отырған мəдениет деу негізсіз емес.
Қазіргі мəдениетте өзін ерен көрсететін құбылыстардың бірі
– бұқаралық мəдениет, ал ол болса техника жетістігі мен комму-
никация технологиясына сүйенеді. Демек, қазіргі заман мəде-
ниетін студенттерге таныстыруда осы мəселелерді терең зерт-
теген жөн. Сондықтан осы оқу құралында техника-техноло-
гиялық үдерісті дамудың мəдениетке тигізетін əсері, БАҚ жəне
соның тікелей жемісі болып табылатын бұқаралық мəдениет пен
одан туындаған тобыр адамының сипаттамалары да келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: