Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет83/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

4. Діннің шығуы мен өмір
сүруінің себептері
Әлеуметтік алғышарттар
Гносеологиялық себептер
Психологиялық себептер
139


Дін бұлдыр – компенсаторлық функциясы арқылы 
адамдардың жерде (бұл дүниеде) жетілмеген өмірлік проблемалары 
сағым о дүниеде (в иллюзорном потустороннем мире) жетіледі, орны 
толтырылады (компенсация жасалынады) деп сендіреді. 
Діннің дүниетанымдық функциясының мәні – дін дүниені 
ерекше бейнелеу арқылы әлемдік құрылымның картинасын жасайды 
және соған сәйкес діншіл адамның жүріс-тұрысын, дүниедегі 
бағдарын мотивтендіреді.
Дін индивидте басқа адамға сүйіспеншілік пен қайырымдылық 
сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау арқылы, жалпы алғанда 
төзімділік пен мейірімділік, жан ашу мен аяушылық, парыз бен 
әділеттілікті қолдау, уағыздау, телу арқылы тәрбиелік функция 
атқарады.
Діншілдердің отбасында, тұрмыста, қоғамда діни мораль және 
жасалынған ұйғарымдардың аясында, шеңберінде жүріс-тұрыс 
нормаларын белгілеу арқылы дін реттеушілік функция атқарады.
Сонымен бірге діни фанатизм, басқа сенімнің адамдарына деген 
ымыраға келмейтін өшпенділік «бөтен діндегілерді» жаппай қырып-
жою мен құртудың, адамзаттық және аймақтық соғыстардың себебі 
болды. Өкінішке қарай, бүгін де діни экстремизм бүкіл әлемдік 
қауымдастықтың аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр.
5. Діннің функциялары
Бұлдыр-компенсаторлық 
функция
Дүниетанымдық функция
Реттеушілік функция
Тәрбиелік функция
140


Алғашқықауымдық адам өзін табиғаттан әлі бөлмеді және 
барлық объектілер мен құбылыстарға өзінде бар қасиеттерді қоса 
берді. Сондықтан жоғарыда көрсетілген діншіліктің бастапқы 
формалары пайда болды. 
Бұл діндердің әрқайсысының шығу тарихы, ерекше ырым-
жорамалдары, діни догмалары мен ұстанымдары, қасиетті кітаптары 
мен мейрамдары, әртүрлі бағыттары және секталары бар. Сол сияқты 
ұлттық діндер де бар: иудаизм (еврейлер), индуизм (үнділіктер) және 
синтоизм (жапондықтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет