Курс саясаты 1.Дәрісханалық уақыт-лекция, оқылған материалдарды талдау және әртүрлі жазба жұмыстары мен оқытушы тарапынан берілген тапсырмаларды орындаудан құралады. Негізгі ұғымдарға әр лекция барысында түсініктер беріліп тұрады. Лекция барысында берілген түсініктердің мәні мен маңызын игеру әрбір студенттің міндеті.
2.Әрбір сабақтың барысында өтілген лекция мазмұнының негізгі түсініктері бойынша бақылау сұрақтары беріледі. Студенттер уақытылы зерттеу жұмыстарын орындап отыруы тиіс. Лекция тақырыптары оқытылған соң әр тарау бойынша коллоквиум өткізіліп тұрады.
Коллоквиум тапсыру студенттердің міндеті.
3.Студенттер әрбәр сабақта болатын материалдық талдауларға белсенді қатысуы қажет. Белсенділік сабақтастығы сапалы жауап берумен тығыз байланысты. Жеке шығып жауап беруге және топтық пікірлер жасауға жол беріледі.
4.Студенттер әрбәр сабақта негізгі және қосымша әдебиеттер, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер тізімі бойынша дайындалады. Ол үшін студент кітапханадағы оқу залында немесе оқулықты өз атына жаздырып үйден дайындалуы қажет.
5.Берілген тапсырмаға сәйкес реферат жұмысын қорғау 10 минут аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Жауап беру барысында кесте, сызба, нормативтік құқықтық актілер, арнайы әдебиеттер және көрнекті құралдар пайдалануға болады.
6.Тыңдаушылар, яғни студенттер түсінбеген мәселелер бойынша оқытушыдан қосымша кеңес алуға болады.
7.Лекцияда алған білімдерін бекіту, жетілдіру, материалдық ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақтарды әр түрде өткізуге болады: сұрақ-жауап; проблемалық; баяндау; пікір-алмасу; дебат түрінде.
8.Берілген тапсырманы уақытылы орындамаған жағдайда студентке қойылатын балл төмендетіледі.
9.Практикалық сабақ интерактивті әдістерді (дебат, кейс және т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.
10.Семестр бойына студенттер алдын-ала білім деңгейін анықтау үшін семестр ішіндегі екі аралық бақылауды тест түрінде тапсырады.
11.Тыңдаушылардың кітапхана ережесі бойынша ҚМУ кітапханасы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадан әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды пайдалануға болады.
- Курс келесі жұмыстарды қамтиды:
- кейстер, ынталандыру материалдарын өз бетінше талдау
- білім алушының сабақтағы белсенділігі
- аралық бақылау
- қорытынды емтихан
- Жазбаша жұмысты бағалау белгілері:
- өзектілігі
- таңдалған тақырыпқа сәйкестігі
- зерттеулерге және кітап басылымдарға сілтемелер
- талдаудың кең ауқымдылығы
- мазмұндау стилі
- көрнектілігі
- Білім алушының дәрісханалық сабақтардағы белсенділігі:
- сабаққа белсенді араласуы
- реферат және өзіндік жұмыстарды уақытылы жазып тапсыруы
- ақпараттық хабарлама жасау
- пән бойынша тақырыптарға сәйкес материалдар жинақтау
- аралық бақылау тапсыру
- қорытынды бақылау ретінде емтихан тапсыру
- дәріс бойынша алған өзінің теориялық білімін жеткізе білу.
-Реферат, баяндама. Студент семинар бойына 1-2 реферат тақырыбын алып, материалдар жинақтап,семинар сабағы үстінде қорғай білуі керек. Уақытында рефератты қорғай алмағандар баллы төмендетіледі.
-Сабаққа қатысу: Әрбір сабаққа қатысуы балмен есептеледі.
Сәйкесінше сабаққа қатыспауы-0.
-Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) -20 б.
Жазбаша жұмысты бағалау белгілері:
-өзектілігі; таңдалған тақырыпқа сәйкестілігі; әдебиеттерге, зерттеулерге сілтеме
-талдаудың кең ауқымдылығы; мазмұндау стилі; көрнекілігі
- Консультациялық жұмыс: Оқытушының студенттерімен өзіндік консультация уақыты кесте бойынша өткізіледі.Бұл уақыттарды пайдалана отырып, оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтілетін тапсырмаларды тереңдетіп түсіндіруге және консультация уақытында әрбір студенттен берілген тапсырмаларды сұрауға құқығы бар.
-Сабақ үстіндегі белсенділік: Білім алушының жұмыстың әрбір түріне қатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі. Студенттердің дәрісханадағы әртүрлі жұмыстары сабақтағы белсенділігінің ұстанымы бойынша бағаланады.
-Топтық презентация ережелері: Семестр бойынша оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ оқулықтың тарауындағы және сөз таптары бойынша тыңдаған бір материалды сызба, кесте, сурет немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде жүргізіледі. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады. Студенттер жалпы курс бойынша материалдардың логикалық схема, ой-тұжырымдар жасау, проблемалық әдістерді пайдалану және т.б. түрінде өз қалаулары бойынша ұсына білуі керек. Оқытушы студенттерге тапсырмаларды бөліп береді. Материалдардың презентациясы кестеге сәйкес көрсетілген аптада болады. Топтағы әрбір қатысушының белсендігіне қосқан үлесіне сәйкес бағаланады.
-Зерттеу жұмысы: Зерттеу жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай және дара орындалады.Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады:
1. Зерттеу жұмысын орындаудың міндетті шарты тәжірибелік материалдарды пайдалану;
2. Зерттеу жұмысының мазмұны оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашуы қажет;
3. Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теориялық мазмұнды болуы қажет. Онда проблема, мақсаты мен міндеті және зерттеудің әдістемесі айқындаудалуы қажет. Теориялық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады. Мәні және көлемі жөнінен негізгі болып табылатын екінші тәжірибелік бөлімде зерттеуге талдау жасалынып, баға беріледі. Үшінші бөлімде ұсыныстар мен қорытынды пікірлер жазылады:
1. Зерттеу жұмысында кесте, сызба диаграммалар қолданылады.
2. Алғашқы бетіне оқу орнының атауы, тақырыбы, студенттің аты-жөні, оқытушының аты-жөні, оқу тобы және тапсыру мерзімі жазылады (жылы).
3. Зерттеу жұмысы сауатты, таза, анық жазылуы тиіс.
4. Зерттеу жұмысының соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілуі қажет.
5. Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі тиіс.
6. Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі
7. Сапасыз зерттеу жұмысын орындау есепке алынбайды.
8. Зерттеу жұмысында міндетті түрде сілтемелер көрсетілуі қажет.
-Курс бойынша кешенді материалдар жинағы: Курс бойынша материалдар (лекция, семинар конспектілері, арнайы тақырыптарға арналған материалдар мен деректер көшірмелері) бағаланады. Барлық курс барысында өткізілген материалдар жинағының көлемі бағаланады. Сонымен қатар,материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескеріледі. Курс бойынша материалдар кешеніне балл қойылады.
- Сабаққа қатысу үлгірімі: Әрбір сабаққа қатысқаныңа балл қосылады, сабақтан қалғаны үшін «0» балл қойылады.
- Аралық және қорытынды тест: Белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.
- Айыппұлдық санкциялар: Әрбір білім алушының этикасы мен өзін өзі ұстау ережесін бұзғаны үшін 1 балл айыппұл салынады және сонымен қатар берілген тапсырманың көрсетілген мерзімде орындалмауына байланысты кешіккен әр күніне 2 балл көлемінде айыппұлдық санкциялар қолданылады.
- Коллоквиум өткізу тәртібі: Коллоквиум мақсаты – сабақ барымында игерген білімдерін жинақтау, курстың әр тарауы қосымша сұрақтар бойынша теориялық білімдерін жинақтау, студент оқытушы тарапынан берілген қосымша әдебиеттарді қолдана отырып, берілген сұрақтар бойынша жазбаша нысанда оқытушыға жеткізуі тиіс.
Жоғарыдағы тапсырмаларды орындаған жағдайда оқытушы әр аптаның соныңда студенттерге берілген тапсырмалар бойынша қорытынды бағаларын айтады.Студенттер алынған бағасы бойынша дауласуға құқығы бар. Студенттердін пікірін есепке алып, оқытушы соңғы шешімді өзі қабылдайды.