«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасы



бет50/86
Дата29.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#111353
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі-emirsaba.org

Әдебиеттер:
1.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. Оқулық. Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2015.
2. Мырзалы С. Философия. - Алматы: Бастау, 2014. - 448 с.
3.Кішібеков Д. Ғылым тарихы мен философиясы А., 2016. http://ntb.korkyt.kz/catalog/obl/1210.pdf


Дәріс 13.14. Адам философиясы және құндылықтар әлемі.
Негізгі мақсаты: Философиядағы адам мәселесінің мәнін және адамға берілген анықтамалардың мазмұнын пайымдау.
Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар.

1. Адам және Ғалам. Зат әлемі.
2. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам». Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.
3. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам». Г.Маркузе: «бір өлшемді адам».
4. ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).
1. «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни – философиялық ілім адамның азап шегуін бұрыңғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға қүлшылық етіп, табына білу деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда ) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады.


Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс. Адам проблемаларына Арестотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Арестотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу. Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған.Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады.Бұлақтың екеуі де теріс қылықтар. Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды.
Құлдарды ол адамға санаған жоқ,“сөйлей білетін құлдар”деп атады. Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені ,ол оның меншігі болып есептеледі,ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті,себебі, әкесіз бала дүниеге келмейді. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды. Эл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін максаты,үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы; ә)жан құмарлықтары; б)ой-парасаты.
2. Неміс философы Фридрих Ницшенің негізгі философиялық идеяларының бірі «Асқан адам». Асқан адам дегеніміз адамның арман үлгісі, дегенмен бұл идея көбіне қате түсіндірілуден көз ашпай келеді. Ол "Құдай өлді, дәстүрлі моральдық мәдениетті қайта таразылау керек" деген негізде жаңа дүниетаным, жаңа өмірсенім ретінде Асқанадам делінетін құндылық идеалын ұсынады. Асқан адам идеясы — ұқсамаған дәстүр мен дағдылы этиканы ең арғы тұсынан жаңалау сынағы. Асқан адам тіршілік еркін, Үстемдік еркін, жарату еркін ең толық әйгілеген, шығармашылық шабыты тасыған, өмірдегі егей тұлға. Батыстың дәстүрлі құндылық өлшемдері жеміріле бастаған тарихи сәтте адамның тұрмыс мұратын қайта бастан орнықтырып, жаңа өмір мәнділігі арманын қалыптастыру керек болды, Асқан адам дәл осы сұраныстың Ницше тарапынан берілген сынақ жауабы. Ф,Ницше ұсынған "Асқан адам" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жол сілтейтін асқан адам; Асқан адам ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Асқан адам адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф.Ницше Асқан адамды обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Соңғы адамға салыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға. Ницше былай дейді: "Асқан адам дегеніміз теңіз, оның ішінде сенің үлкен менсінбеуің тұншығады". "Асқан адам" философиясы "Барша құндылық атаулыны қайта таразылау" талабы мен Батырлық этика ұстанымының табиғи жемісі, ең жоғары арман тұлға образы. Адамзатты құтқаратын жаңа этикалық құндылық кешенін жасау қажет болғаны секілді, адамзатты құтқаратын Бірегейдің туылуын дәріптеп, адамзаттың кері азғындап кетуін тосу керек. Асқан адам адам баласының болуы мүмкін ең жоғары құндылық образы, батырлық егейліктің үлгісі, адамзат дамуының көрсеткіш нысанасы. "Мақсат адамзат емес, Асқан адам" болуға тиіс. Барша нәрсе өзінен де биік нәрсеге дамыды, адам да өзінен биік Асқан адам болуға ұмтылуы керек екенін айтады.
3.Прагматизм – шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия. «Прагматизм» гректің «прагма» деген сөзінен шыққан, ол «іс», «әрекет» деген мағынаны білдіреді. Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғасырдың 70-жылдары америкалық философ Чарльз Сандерс Пирс енгізген. Прагматизмның басты идеясы философия адамдарға өмірлік мақсаттарының шешіміндерін табуға көмектесу болып табылады. Сондықтан, Джеймстің пікірінше прагматизм ең алдымен «әдіс» екендігі таңқаларлық нәрсе емес. Осы әдістің мәні дұрысы осы сұрақтардан ашылады: қабылданған қадамның практикалық нәтижелері қандай? Бұл адамға пайда әкеледі ме? Жоғарыда айтылғандардан, прагматизм – негізінде адам үшін пайда іздейтін әдіске жататын философиялық бағыт. Прагматизмде ең бастысы – мағыналы нәтижені іс жүзінде бағдарлау. Онымен қоса «прагматист кәсіби философтар үшін қымбат болған, бір төбе болып жиналып қалған тұрақты әдеттерінен табанды түрде біржола бас тартады. Ол абстракция мен қол жетімсіз заттардан, сөзбен ғана орындалатын шешімдерден, бейпіл дәлелдерден, қатып қалған, өзгермейтін қағидалардан, жақ ашпайтын жүйелерден де бас тартады. Ол тұрақты, қолжетімді, нақты дәлелдермен жұмыс істеп отырған билікті қолдайды».
Неміс философы Эрнст Кассирер «Адам символдық жануар» деген тұжырымдамасын ұсынды, оған сәйкес адам символдық жануар болып табылатындығын айтады. Өз тұжырымдамасында ол адам өз тарихында көп білім алды және адам қазір шырғалаңда орналасқан, оны шатастыру оңай. Осы екі әлемнің арасында жоғалып кетуі де оңай. Алайда, екі әлемді байланыстыратын байланыс бар-бұл символдық жүйе, шындықтың жаңа өлшемі. Бұл адам өмір сүретін жаңа әлем, ол таза табиғи тіршіліктің тұтқынынан шығып, өзінің білім жүйесіне түсінік береді. Рәміздер арқылы адам өзінен алыстайды, бірақ сонымен бірге өзін табады. Бұл екі қарама-қарсы процесс символизммен жабылған. Адамдар үшін алғашқы символдар жүйесі-бұл тіл - бұл бүкіл адамның негізі.
Маркузе Герберт Ол жеке адамның бостандығына қатер төндіретін индустриалды қоғам мәдениетіне қарсы бағытталған " сыни теорияны " жасауға қатысты.
Ол "бір өлшемді қоғам " және " бір өлшемді адам" ұғымдарын енгізді. Бір өлшемді қоғам деғеніміз - бұрынғы адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тоталдық жүйе ; бұл қоғам жүйенің өз ішіндегі қандай да бір еркіндікке шек коя отырып, "сыртқы еркіңдік" үшін күреседі. Бірақ күрес қанша нақты жүргізілгенімен, адамға еркіндік берілмейді. Бір өлшемді қалып-күйден шығарылу үшін мәдени құндылықтардын өзгеруі және " ішкі еркіндікті " таба алу кажет. Бір өлшемді қоғам саяси және рухани теңгермешілдік катерлі тенденциясын тудырды және бүған " бір өлшемді " адамның қалыптасуына кінәлі құқьіқ пен бостаңдықтың мән-мағынасына деген парықсыздығымен ғылыми, оқу-ағарту, білім мүмкіндіктердің тудырды.Бір өлшемді қоғам, бір есептен, конструктивтіліктің жоқтығынан қалыптасты, ал бұл оппозицияның болмауына әкеп соқтырды. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі — ол ерекше "адам типін ", ештеңе айта алмайтын және айтқысы келмейтін, мемлекеттік құрылымдарға толық тәуелді адамды тудырады.
4. ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен). М. Шелер - философиялық антропологияның негізін қалаушылардың бірі. Ол психикалық дамудың келесі кезеңдерін анықтайды: сенсорлық ұмтылыс (барлық тіршілік иелеріне тән - өсімдіктен адамға дейін); инстинкт; ассоциативті жад; практикалық интеллект (таңдау және болжау); рух (тек адамға тән) - өмірге қарама-қарсы принцип, өйткені рух органикалық табиғатқа байланысты. Рух болмысты субъект ретінде білуге мүмкіндік береді. X. Плеснер өзінің философиялық антропологиясын "тарих философиясы" мен "мәдениет философиясы" негізінде емес, "тірі болу" философиясы мен оның "табиғи компоненттері"негізінде құрылуы керек қатаң ғылым ретінде қарастырады. Осыған байланысты философиялық антропология білімнің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарға бөлінуін алып тастап, "өмір" ұғымы тек әлеуметтік-мәдени ғана емес, сонымен бірге табиғи-органикалық нысандарды да қамтитынына негізделуі керек. Тек философиялық биологиямен бірге философиялық антропологияны құруға болады. Осыған сүйене отырып, әлемге қарама-қайшы дерексіз тақырыптың орнына "ағзаны" және оның "қоршаған ортасын" немесе "өмірлік жоспарды" қарастыру керек, кантиялық "трансцендентальды бірлік" орнына дененің өз шекарасына қатынасы мәселесін қарастыру, адамның ғарыштағы "ерекше позициясы" және адамның табиғатына қарама-қайшылық, адамды органикалық әлемнің қадамдарының бірі ретінде қарастыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда маңызды сенімділігін іздеу екенін айтады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Адам және оның болмысы.
2.Адам проблемасының философияда қойылуы.
3.Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет