Философия және философ қоғам мен адам өмірінде
СӨЖ№2
Тақырыбы: Философия және философ қоғам мен адам өмірінде
Орындаған: Айтбай Рахымжан, Балтаева Аружан
Тексерген: Кикенова Бағдат
ЖОСПАР 1 Философиялық білімнің негізгі сипаттары
2 Философияның функциялары
3 Философияныі адам және қоғам өмірінеде атқаратын рөлі
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: Философия -- ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету
Геродот: Философия -- білімді, ақылдылықты сүю
Аристотел : Философия - негізі .
Ортағасырдың діни ойшылдары:
Августин: Философия -ақылдылыққа құштарлық - дейді .
Аквинат: Философия – барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат(Құдай) туралы ілім дейді. М. Монтень: Философияның қайғылы, іш пыстыратын, нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі -- ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі -- дейді. Т. Гоббс: Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі дейді. Декарт : Философия - даналық, адам танып - біле алатын заттар туралы егжей тегжейлі, жан- жақты білім -дейді. Фихте: Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл - ойымен тығыз байланысты -деген.
Осы анықтауларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:Философия даналықпен, ақыл Оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo -- сүйемін, sophia Даналық дегенді, басқаш айтсақ, Даналыққа құштарлы дегенді білдіреді. Философияның басы таңдану. - Сократ Менің білетінім мен ештеңе білмеймін дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән .Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділікфилософияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.
1. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау .
2. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.
Философияның анықтамасы: Философия - бар болып отырғанды түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.(сущее) тұтас, элементтері бірі - бірімен тыгыз байланысты Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент -- Адам, сондықтан ол философияның ең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып,басты зерттеу объектісі . М.Әуезов : Философия - кең ақыл, терең ақтылыққа сүйрейді. Философия:
1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;
2. адамның жанын, ішкі халінтексермек;
3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолғаұстаған шамшырақ дейді.
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:
1. Мен не біле аламын?
2. Мен не істеуім керек?
3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?
4. Адам дегеніміз не ?
Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль,үшіншісіне -- дін, төртіншісіне антропология. Бірақ Осыныңбәрін антропологияда Жинақтауғаболады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді ..... Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады
Философияның функциялары: ) көзқарастық -- философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады. Көзқарас -- адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл - ойды, сезімдерді, үміт - ұмтылыстарды наным - сенімдерді, құндылықтарды, күдік - күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан - жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.
2) рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теориялық деңгейдетұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды, дұрыс бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді
3) сыни Сыни -- философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады . Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл Қоғамның тыныс - тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;
4) болжам жасау -- философия жеке адамның да, бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас - идеялардың негізін салады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.
5) гуманистік философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп - дамытуды үйренеді .
6) практикалық неміс философы Гегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз. Жан жағынан адам, өмір, қоғам, дүние, табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап, өмірден, қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адамына құрғақ теориялар мен шым - шытырық абстракциялардан пайда шамалы, оған өзінің кім екенін, дүниеге келгендегі абстракциялардан пайда шамалы, оған өзінің кім екенін, дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін, алдынан күнбе-күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, бір сөзбен айтсақ, практикалық сипаты бар философия қажет. Бірақ, бұл пікірден философия күйбең тіршіліктің пендешілік қажеттіліктерін түсіндіруді қанағат тұтып қоюмен шектелуі қажет деген тұжырым туындамауы керек, керісінше, ол әрбір адамды терең толғаныс - Ойларға жетелеп, өткінші нәрселерден мәңгілік, мызғымас құндылықтарға бойлауға шақыруы тиіс.
Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор :
1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді. 2) Философия адамға өмірлік бағыт бағдар береді.
3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді.
Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен - өзі өмір сүруші, адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонансоң екінші, үшінші адаммен, бірте бірте бүкіл Қоғаммен бөлісіп, философиялық ой Көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік - рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті . Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасына білім алушы жастардың қарапайым индивид - пенде емес, өзіне, Қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр. Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз. Белгілі философ К.Ясперстің пікірінше, философия тарихы философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние- туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойындағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады (К.Ясперс. Всемирная история философии. СПб., 2000, 258 с.).
Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой - пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік Менін көрсетуіне шексіз мүмкіндік - кеңістік ашады. Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық Ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың,К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философия кеңістігіндегі субтанциялардың қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез - құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмір мәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп - дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну - индивидтен бірте бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.Еркіндік мәселесі философия табылмаған, маңызы қазіргі заманда артырған Мәңгілмәселелердің бірі .Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін - өзі сынай білу философияны игеруші субъект - тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана Қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады.Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамга өзі өмір сүріп отырған орта - табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жуйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат міндеттері туралы жан- жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қәзіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.