Философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет13/16
Дата20.10.2023
өлшемі49,32 Kb.
#119822
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
конспект лекции

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Әлеуметтікстатистиканың практика жүзінде қолданылуына мысал келтiрiңiз.
2.Әлеуметтік статистикадағы практиканың маңызын атаңыз.
3.Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік статистиканың маңызы қандай?


Пайдаланған әдебиеттер
1. Батракова, Л. Г. Әлеуметтік-экономикалық статистика [Электронды ресурс]: оқулық / Батракова Л.Г. - М .: Логос, 2013. - 480 б. - Кіру режимі: ABS IP Air Books.
2. Демографиялық статистика: оқулық. Бұқтырма ӨМО. - М.: KNORUS, 2013 .-- 480 б. - (Бакалавриат)
3. Кучмаева, О. В. Әлеуметтік статистика [Электрондық ресурс]: оқулық / Кучмаева О. В. - М .: Еуразия ашық институты, 2012. - 496 б.
4. Лагутин М. B. Көрнекі математикалық статистика [Электрондық ресурс]: оқулық / Лагутин М. Б. - М .: БИНОМ. Білім зертханасы, 2012. - Кіру режимі: EB IP Ar Books.


Лекция 13. Халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы. Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуы туралы статистика.


Сабақты өткізу формасы: Дәріс-кеңес беру
Курстың мақсаты: студенттерге демографиялық статистика және еңбек статистикасының байланысын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Экономикалық белсенді халық.
2. Жұмыссыздық және оның түрлері.

Экономикалық белсенді халық — халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі (жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындарды қоса), еңбекке қабілетті адамдардың басым көпшілігі. " Экономикалық белсенді халық" ұғымы елдің экономикалык дамуында адам ресурстарының рөлін кешенді талдауда маңызды орын алады. " Экономикалық белсенді халық " термині ұғымдардың халықаралық стандарттық жүйесінде қолданылады. БҰҰ- ның ұсынысы бойынша экономикалық белсенді халыққа тек жұмысшылар, қызметшілер және кәсіпкерлер ғана емес, олармен бірге ақылы жұмыс іздеуші жұмыссыздар да жатқызылады. Соған байланысты Экономикалық белсенді халықтан жұмыс істейтіндер белек көрсетіледі. Қазақстанда Экономикалық белсенді халыққа: 1) жұмыс жасындағы бүкіл еңбекке қабілетті адамдар (өндірістен кол үзіп оқитын оқушылар мен Қарулы Күштер қызметшілерін және үй шаруасындағы адамдарды қоспағанда); 2) жұмыс жасынан тыс, бірақ қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылған адамдар; 3) жеке қосалқы ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар жатады. Белгілі бір жас топтары үшін есептелген халықтың экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері халықтың еңбектік белсенділігі деп аталады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты елдер мен аймақтар бойынша әр түрлі болады.


Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты:
Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.
Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет