Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Дәстүрлер  көзге  көрінетін  (явное)  немесе  вербальді  және  көрінбейтін  (неявное) 

немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып 

отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл 

білімдер  басты  назарда  болады,  негізінен  алғанда  оқулықтар  мен  ғылыми 

монографияларда  мәтін-текст  түрінде  болады.  Т.Кунның  парадигмаларын  білімнің  осы 

түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс. Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте 

бұл  білімді  сипаттауға  -  жасырын»,  «имплициттік»,  «перифериялық»,  «үндемейтін», 

«менталитет»  және  тағы  басқа  терминдер  қолданылады)  назардан  тысқарырақ,  көбіне 

практикалық  білім  саласында  кездеседі.  Ғалымдардың  әдеттерінде,  мінез-құлқында 

кездеседі, оларды  ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі  химик-

философ  Марк  Полани  химик  студенттердің  практикалық  сабақтарға  келіп  уақыттарын 

бөлу  ерекшелігін  тәжірибелік  білімдердің  ұстаздан  шәкіртке  ғылыми  дәстүр  ретінде 

берілу  деп  есептейді.  Олар  ғалымнан  оның  ғылыми  кадрларына  ауызша  емес,  тек  жеке 

үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты. 

Парадигмаларды  қолдану  ғылыми  ізденісті  жеделдетеді,  себебі  ғылыми 

мәселелерді  шешудің  басқа  бәсекелес  жолдарын  қолданғаннан  гөрі  қабылданған 

парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі. Парадигма ұғымының элементтерінің 

анықтамасын  Т.Кун  толық  бермесе  де,  оларды  жалпы  түрде  төмендегіше  сипаттауға 

болады:  

1) матема-тикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын 

фундаменталдық теориялар;  



2)  табиғат  туралы  жалпы  философиялық  түсініктер  және  қазіргі  ғылымда 

қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері;  

3)  ғылыми  қоғамдастықтың  әрбір  мүшесі  өзіне  қойылған  ғылыми  міндеттерді 

шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар. 

Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: 

ғылымга  дейінгі  кезең  (бұл  кезеңде  парадигмалар  әлі  қалып-тасып  үлгермеген)  және 

гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең). 

Ғылыми  кезеңдегі  ғылымның  жағдайы  екі  түрде  сипатталады:  қалыпты  жағдай 

(оны  Т.Кун  қалылты  ғылым  деп  атайды)  және  дағдарысты  жағдай.  Қалыпты  ғылымда 

ғылыми  қоғамдастық  белгілі  бір  парадигманы  қабылдайды  және  оны  танымның  белгілі 

бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас 

ізденушіні  белгілі  бір  ғылыми  қоғамдастықтың  мүшесі  болуға  дайындайды,  ол  өзі 

таңдаған,  ғылым  саласының  кезінде  нақты  үлгілерге  сүйеніп  зерттеген  адамдардың 

қатарына қосылады және ғылыми тәжірибеде олардың дәстүрлі теориялары мен әдістерін 

қолданғандықтан  негізгі  принциптерден  аса  алшақтамайды.  Мұндай  дәстүрлілік,  өзара 

келісімділік  ғылымның  қалыпты  дамуына  ықпал  етеді.  Жалпы  қабылданған 

парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі. 

Бірақ  парадигмаларға  негізделген  қалыпты  ғылымның  бір  ерекшелігі  –  ол  үлкен 

жаңалықтарды  ашуға  онша  бағытталмаған,  оның  нәтижелері  көбіне-көп  алдын-ала, 

парадигмалар  шеңберінде  болжанған.  Мұндай  жағдайда  ғалымның  ізденістік  қызметінің 

мәні  жоқ  болып  көрінуі  мүмкін.  Кунның  пайымдауынша,  қалыпты  ғылым  саласында 

жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты  – «жаңылтпаштарды шешу», 

немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен 

рационалды  сәйкестендіру.  Ғылымның  дағдарысты  жағдай-ында  ізденіс  процесінде 

қабылданған  парадигмалар  шеңберіне  сыймайтын  фактілер  пайда  болады  да, 

парадигманың  тиімділігі  күмән  туғызады,  одан  бас  тартып,  шындықты  мүлдем  жаңа 

көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет