6-дәріс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
"Сыни ойлау" анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі - ол шығармашылық немесе кекейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен түрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.
Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес:біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде "басында түк жоқ болса ойлау қиын болады" деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер секілді көптеген "шикізаттарды" өңдеу керек болады. Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды оқушылар ең қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек студенттердің ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Ойымызды қорыта келсек: инновация жаңалық енгізумен байланысты. Бірақта зерттеушілердің айтуы бойынша кез-келген жаңалық әрқашанда да жоғары нәтиже көрсете бермейді.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сабақтарда екі түрлі түсініктеме күнделігі, жұппен жұмыс жасалу керек. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, ортаға салыңыз, Болжау, Автор орындығы, т.б.стратегияларын оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Әсіресе мінезі тұйық, өз ойын еркін жеткізе алмайтын оқушыларға аты аталған стратегиялар үлкен әсер етіп, өзгеріс әкеледі. Оны күнделікті сабақтардан аңғаруға болады. Оқушыға сеніммен қарап, ой еркіндігі мен пікір айту еркіндігін берсең өз тұжырымын қорғай білу, өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісе білуге қалыптасады.
Ой шақыру стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар оқушыларды шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Сонда оқушылар берілген кез келген тақырып бойынша өздерінің әр сабақтан алған білімдерімен бірге, естігендерін (ересектерден, ұстаздардан, ақпарат құралдарынан, достарынан, т.б.) көргендерін және топшылаған қорытындыларын ортаға салу арқылы үйренуге ынталанады.
Жаңа әдістерді сабақ үстінде қолданғанда сыныптарда көп өзгерістер байқалады.
Сабақ үлгерімдері нашар оқушылар үшін «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Кері байланыс» стратегияларының нәтижесі жоғары байқалады. Оқушылардың елеусіз қалмауына, үнемі сабаққа қатысуына, бақылауда болуына және өзге балалармен қарым-қатынасқа түсуіне дұрыс бағыт деп айтуға болады. Өзін-өзі бағалай білу стратегиясы да оқушылардың күш-жігеріне сенімділік береді. Әсіресе сынып сағаттарында да оқу әдістерін қолдану тиімді. Оқушылар жұптаса отырып, екі түрлі тізім толтырады. Онда бір ғана өзінің, екінші бағынға қасындағы жұптасының жақсы жақтарын жазады. Болған соң бір-біріне оқып береді. Бұл тапсырма оқушыға басқалардың бойндағы жақсы қасиеттерді тани білуге, сын тұрғысынан қарай білуге және қуанта білуге үйретеді. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыта стратегиялары әр оқушының өзіндік қабілетіне, ойына, жеке көзқарасына зейін қойып, мән беруге үйретеді.
Осы мәселені шешуде негізгі атқаратын жұмыс-оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің әдістемелік жолдарын қарастыруға болды.
-тақырыпқа байланысты өз ойын дамытуға, ой-қозғау салуға көмектесетін мәтін алу.
-мақсат қойып үйрету қажеттілігін ұғу.
-мәтіннің тәрбиелік мәнін ашу
-қызу пікірталасқа дағдыландыру.
-өзінің, өзгенің пікірін тыңдай білу, бағалай білу
-сұрақтарды нақты қоя білу
-өзіне, біліміне сенімді болу
-өз ойын жүйелі жеткізе білу
-айналасына сеніммен қарау
«Автор орындығы» стратегиясы оқушыны сенімділікке, өзін еркін ұстауға, көпшілік алдына шығып сөйлеуге, ойын жинақтауға көмектеседі. Бұл стратегиялардың қай қайсысы болмасын, қызығушылығын дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді. Оқушы іс-әрекетке, оның дамуына, өзгеруіне сын көзбен қарап, бағалауды үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытқан дұрыс. Бұл әдістің ерекшелігі-сынып оқушыларын жікке бөлмей, барлық баланың бірдей дамуына жағдай жасау. Педагогикалық технология-оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Расында да, сын тұрғысынан ойлау- барлық жастағы балаларға кез келген әрекетке, мазмұнға сын тұрғысынан қарау, нақты дұрыс шешім қабылдау, өзі қабылдаған ұйғарымға деген сенімділіктің болуы болып табылады. Бұған сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары көмектеседі. Негізгі үш кезеңнен тұратын бағдарлама әр оқушының қабілетін ашуға, ойын еркін жеткізуге, қызығушылығын оятуға ерекше мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |