Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет20/49
Дата06.01.2022
өлшемі465 Kb.
#11507
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Интегративті этнопедагогика терминіне анықтама беріңіз.

  2. Менеджмент терминінің этнопедагогика ғылымына байланысын көрсетіңіз.

  3. Антропология мен педагогика ғылымының байланысын анықтаңыз.

  4. Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай?

  5. Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата.

  6. Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар қандай?


Дәріс №5. Дәрістің атауы. Қазақ этнопедагогикасы. (1 сағат. 5 апта)

1.Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.

2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.

3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.


1.Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүрлерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» шынайы, отаншыл азамат тәрбиелеу еді. Ал бұл прицип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындылық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі.

Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз.

Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол – тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.

2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақадары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене ат салысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.

Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе – адамгершілік проблемасы.

Қазақтың ұлттық философиясының тағы бір гносеологиялық, танымдық ерекшелігі – атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.

Қазақтың философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. Оның себебі – аталы сөздердің өміршеңдігінде, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде жатыр.

Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай білу – дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол, сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы. Ал қазақтың қарапайым мақал-мәтелдерінен де осы идеялар өзекті орын алған. Сөзшең, өнерлі ақын, әнші азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен. Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ,жаңылтпаш, терме, өлең жыр жаттатып үйреткен.

Қазақтың ұлтық философиясының төртінші ерекшелігі – ұлттық тірегінің көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Осымен байланысты – төрт түлік малға арналған мақал-мәтел, ертегі-әңгіме,жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы, мал атаулыларының молдығы, бір жағынан, ұлттық психологияның тілдегі көрінісі болып саналса, екіншіден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие құралы ретінде қызмет еткенін байқатады.

3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.

Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-мүдделері, негізгі қағидалары бар.

Қазақ халқының ұлттық болмысы ерекшеленіп, тәлім-тәрбиелік негіздері қалыптасқандығын айқындайтын оның ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, жазу мәдениеті ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға негіз бола алады.

Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктері, сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты.

Ұлттық салт-сананың қалыптасуының екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп (этика, этника) болып қалыптасады.

Қазақ этнопедагогикасының негізгі ерекшеліктері: халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері) жан-жақты, қарымды қалыптасқан, ұлттық педагогикалық ойлар тарихының материалы бай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет