Шіркеу және мемлекет
Шіркеу мен мемлекеттің тепе-теңсіздігі мен қажеттілігімен айырмашылығы біріншіден
христиан дінінде жақсы дамыған. Онда қоғамдық қажеттілік діни және саяси сферада анық
көрсетілген. Сонымен бірге шіркеу мен мемлекет халықтан заңға бағынуды бірдей талап
етеді. Бұл христиан дүниесіндегі екі саланың бастапқы бөлінуі адам бостандығын
нақтылаған батыс демократиясының пайда болуына әкелді.
Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлері. Мемлекет пен шіркеу арасындағы
байланыс әрбір қоғамда өзгеше. Ол теократия, мемлекеттік шіркеу түрлерінде болуы
мүмкін.
Теократия (грек. theos құдай, cratos билік) 1) барлық адамзаттың үстінен Құдайдың
билігі; 2) мемлекеттік басқару түрі, онда билікті шіркеу басшысы жүргізеді. Теократияда
екінші мағынада мемлекеттік билік және басқарушы дін бөлінбейтін бірлікте (Көне
Египеттегі абыздық билік, араб халифаттары, Рим папасының билігі т.б.). Мемлекеттік
шіркеу жоғарғы билікке бағынады, материалды және рухани тұрғыда мемлекетпен
қолданады. (Византиядағы православие шіркеуі, патшалық Ресей, Ұлыбританиядағы
ағылшын шіркеуі және т.б). Жоғарғы (светское) мемлекетте ар-ұждан бостандығы принципі
бар: азамат әрбір дінді және атеизмді қолдауына құқы бар; шіркеу автономды, ме,млекеттен
бөлек, ал мемлекет оның жұмыстарына араласпайды.(АҚШ, қазіргі Қазақстан және т.б.).
20 ғасырда социалистік елдерде мемлекеттік атеизм болған, азаматтарға атеистік сенім
негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |