Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Неміс философиясындағы диалектика.
2. Метафизика және натурфилософия.
3. Кант философиясы.
№8 Дәріс тақырыбы: Қазақ мәдениетінің дүниетанымы.
Дәріс жоспары:
1.Қазақ мәдениетіндегі шаман дінінің алатын орны.
2.Қазақ даласына ислам дінінің қанат жоюы.
3.Қазақ ойлау әдісінің метафоралығы.
23
Ертедегі қалыптасқан дін жораларының қарапайым түрі - шаман діні шықты. Шаман
діні бойынша адам бір жағынан табиғатқа, табиғат құбылыстарына, көкке, Айға, Күнге,
жұлдыздарға, отқа, екінші жағынан ертеректе өліп кеткен ата-бабалардың аруағына, көк
тәңіріне табынды. Қазақ халқының этнографиялық тарихын зерттеген Ш.Уәлиханов бұл дін
туралы былай дейді: «Шаман діні дегеніміз-жалпы алғанда дүниені зор тұтушылық болды,
көк-аспан идеясы және оның барлық белгілері, яғни Күн, Ай, Жер және оның белгілері:
таулар, өзендер, асыл тастар, ағаштар және басқалары идеясы болды».
Дін тарихы осы дінді көп құдайға табынушылық пен бір құдайға табынушылықтың
аралығында пайда болды деп түсіндіреді. Сол аралық діннің негізіне фетиштік, тотемдік,
анимистік, сиқырлық нанымдар мен ата-баба аруағына табынушылық алынды. Табиғат
заттары мен құбылыстарына табынушылықтың өзіндік себебі бар еді. Өйткені адамзаттың
анасы да, асыраушысы да, кіндік кесіп тәрбиеленген бесігі де табиғат еді. Мұның үстіне
табиғат адамдарға асқан құдіретті күш есебінде көрінді. Табиғаттың даму заңдылығын
білмегендіктен, адамдар оған табиғаттан тыс қасиет бітірді, оны құдіретті күш есебінде
көрінді. Сөйтіп, адам санасында, ақыл-ойында материалдық дүниенің даму заңдылығы
бұрмаланған түрде бейнеленді. Сыртқы дүниенің адамның ақыл-ойында бұлайша
бейнеленуін фетиштік нанымдар дейміз.
Осы түсініктен келіп адамды қоршаған айналадағы заттардың бәрі оның ақыл-ойынан
тыс «киелі» заттарға айналады. Қазақтар кие дегенде өздерінің көшпелі тұрмыстарына
пайдалы болатын жаратылыстың кейбір құбылыстары мен әртүрлі заттарға ерекше бір күш
береді, сөйтіп оларды белгілі бір дәрежеде кереметке айналдырады. Осы кереметті құрметтеп
отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап, құт қонғандай, ал құрметтеп отырмаса -
кедейлікке және бір қырсыққа шалдығатындай көрінеді.
Шамандық нанымның фетиштік формасы ислам дінінің құрамына еніп, оның
элементтеріне айналды. Осы діндегі мұндай фетиштік сипаттағы нанымдарға Қағбаның қара
тасын сүю, Меккенің маңындағы таулар мен алқаптарға бару, ауру адамның дерттен
айығамын деп су басына, мола басына түнеуі, Айға қарап бата оқуы, табиғаттың басқа да көп
заттарына табынуы жатады.
Тотемдік нанымдар ертедегі адамдардың негізгі кәсібі аң аулау мен жеміс теруге
қатысты болған дәуірде қалыптасты. Қазақ даласында осыған байланысты кейбір жануарлар
мен құстарды қадір тұтудың қалдықтары сақталып қалған. Қазақтар малдың кәрі жілігін
қасиетті деп санайды. Олардың ойынша кәрі жілік малды ұры-қарыдан, қасқырдан қорғайды.
Қазақтар үкіні қадір тұтады, өйткені үкінің басы мен қауырсыны жын-шайтаннан қорғайды.
Сол үшін оларды киіз үйге, баланың бесігіне қадап қояды. Олар үкі қауырсынын сәндік үшін
де қолданады. Қазақ халқының арасында тотемдік нанымдарға негізделген жануарлар
календары (он екі жылдық) кең тарады. Бұл наным бойынша әрбір жыл жануардан
басталады. Ол мал шаруашылығы мен егіншілік тағдырын белгілейді. Мұндай жануарларға
тышқан, сиыр, қой, қоян, ит, мешін, тауық, тағы басқалары жатады. Қазақтар өздерінің туған
жылын, сондай-ақ көрнекті адамдардың өмір сүрген уақытын осы календар адамның
адамгершілігін қорлап, оның талабы мен жігерін діни ұғыммен шырмап, тежеп отырды.
Қазақтардың ерте кездегі діни нанымдарының негізі анимистік ұғымдар болды. Бұл
бойынша шындық өмір екіге бөлінді. Оның бірі адамдардың күнделікті көріп жүрген
дүниесі, екіншісі көзге көрінбейтін, сезілмейтін, сезімнен тыс дүние. Ақыл-ойда сезімнен
тыс дүние шешуші рөл атқарады, ол заттар мен құбылыс атаулының қайнар бұлағы, сыртқы,
дүниненің рухани бастамасы деп саналады. Өмір мен өлім туралы мәселе жан туралы діни
нанымдарды тудырды. Табиғаттағы әрбір зат пен құбылыстар құдірет иесінің нәтижесі деп
топшыланды. Адамдар бұл жұмбақ құбылыстың өздеріндегідей қасиеті, тіпті жаны, санасы,
ақылы бар деп ойлады. Сондықтан да олар өз өмірін осыларға байланысты етті және
солардың еркінде болды. Адамдардың ойынша жан табиғатта да болады. Әрбір материалдық
дүниенің жаны бар, жан денені өзгертіп отырады. Адамның іс-әркетін, мінез-құлқын оның
жаны билейді, ал табиғаттағы болатын өзгерістерге рух әсер етіп отырады. Денеде жан
тұрғанда тіршілік болады, денеден жан кетсе адам өледі, денеден кеткен жан айналадағы
24
дүниеге, тасқа, өсімдіктерге беріледі, о дүниеге барып өмір сүреді, оның о дүниеде елі, үйі,
жан ұясы болғандықтан шаруашылықпен айналысады деп сенді.
Ата-баба аруағына арналған ертегілер көптеп кездеседі. Солардың бірі Баба түкті
шашты Әзіз туралы аңыз. Кейіннен ислам дінінің ықпалымен ата-баба аруағына
табынушылықтың орнын әулиелерге табыну салты басады. Ислам дінінің Қыдыр атаға
табыну дәстүрі осындай салтқа жатады. Қыдыр ата ел кезіп жүрген, адам бейнелі әулие, ол
адамдардың қамқоршысы, оларға бақыт, байлық, дәулет беруші болып клеледі.
Адамдар ақыл-ойының балаң кезінде жын-шайтандар дегенге де көзсіз сенетін болды.
Адамның ауру-сырқаты, малдың өлім-жітімі, су тасқыны, жасыл түсу, қуаңшылық -
осылардың бәрі жын-шайтандардың араласуымен болады. Қазақ арасында жын-шайтанға
сенушіліктің әсері әлі жойылып біткен жоқ: бір адам ақылынан адасса, иә миы шатасса
қазақтар оны есінен танды демей, жынданды, яғни жын-шайтан жөніндегі осындай
нанымдары кейіннен ислам дініне енеді. Құранның айтуынша, жын-шайтандар «таза оттан»
(55,34) жасалған. Аллатағаланы тыңдамағаны үшін олар жұмақтан қуылады, құранның жын-
шайтандар жөніндегі түсінігін, олардың зұлымдығы туралы аңыздарды, пұтқа
табынушлықтың сарқыншағы деп қараған жөн.
Дін шырмауында болған басқа да халықтар сияқты қазақтар да аспан денелеріне
табынды, соларға сиынды. Соның бірі – Айды тәңірі тұтушылық. Қазақтар жаңа туған Айды
көргенде иіліп сәлем береді де, оған малдастай қарап отырып бата қылады. Әрине, ай бір
тәңірі болған болса, Күн де сондай тәңірі болуға тиісті еді. Қазақтар Күнді де мінездеді. Күн
көзінің жер бетін қыздырып, иә күйдіріп жіберуі, аспан әлемінде алай-дүлей дауыл соғып,
боран болуы Күн күркіреп, найзағай ойнауы, нөсер құйып, бұршақ жаууы – осылардың бәрі
олардың пайымдауынша күн көзінің «қасы мен қабағына» орай туған құбылыстар еді.
«Қазақтардың ұғымында аспан жұлдыздарының Жер үстіндегі заттарымен байланысы
да болды. Мұны Темірқазық, Үркер, Жетіқарақшы деген кейбір жұлдыздардың аттарынан
көруге болады. Түн қата жол жүрген жолаушылар жол бағытын Темірқазыққа қарап
айырады. «Темірқазық» деген ат жұлдыздың қозғалмайтын қазық сияқты болып көрінуіне
қарай белгіленген болуы керек», - дейді Шоқан Уәлиханов. Қазақтардың нанымы бойынша
Жетіқарақшы күндіз ұрлық жасап, түнде күнәсін мойындаған жеті ұрының жаны, сондықтан
олар өлгеннен кейін жеті жұлдызға айнаып кеткен. Жетіқарақшының жанында Үркердің
ұрланған қызы бар. Қазақтардың нанымы бойынша Үркер ұрланған қызын құтқарып алу
үшін Жетіқарақшыны қуып барады. Үркерге қарап қазақтар түн мезгілі мен жыл мезгілін
айырады. Осы күнге дейін қазақтар қыз балаларының атын аспан денелерінің атымен
байланыстырады. Қазақ қыздарының арасында Айсұлу, Күнзада, Шолпан деген аттар жиі
кездеседі.
Көшпелі қазақ тайпалары Жерге де табынды. Олардың түсінігінше Жер әйелдер тәңірі –
«ана тәңірі» болып саналады. Өйткені жер шаруашылығымен де шұғылданған алғашқыда
әйелдер болды. Ертеректе Қазақстанды мекендеген сақтар «ана тәңірін» жүз жұлдыздан
сәукелі, отыз құндыздың терісінен ішік киген етіп бейнеледі. Жердің құрметіне құрбандық
шалынды, ол кездерде пұтқа табынушылар да болды. Пұттар рухтардың бейнесі ретінде
ұғылды. Мысалы, сақтардың соғыс тәңірі болды, ол семсер болып саналды. Оның құрметіне
құрбандық шалынғанда жерге семсер шаншылып, оған сүт немесе қан кұйды.
Қазақтардың ұғымында сыртқы дүние (табиғат пен қоғам құбылыстары), оынң сан
алуан тіршілік ету формасы «үлкен үйге» ұқсас болды. Ол тәңірі делінді. Ал тәңірі табиғат
және аспан құбылыстары ретінде ұғылды. Тәңірінің екінші тобына хандар, сұлтандар жатты.
Олар тәңірінің жер бетіндегі өкілдері деп саналды. Хандарға, сұлтандарға табынушылықтың
өзі ата-баба аруағына табынушылықтың қалдығы болып табылады.
Шаман дініне негізделген табынушылықтың тағы бір тобына жергілікті әулиелер
жатады.
Діни наным бойынша әрбір жер төбешіктің, алқаптың, даланың, орманның, судың өз
қожасы, иесі болды. Олардың пайдалыларының, қасиеттілерінің аты: құт бақыт, дәулет,
ырыс деп аталды да, зияндылары, қаиетсіздері: сор, бәле, қаза, қырсық, дерт, індет, жұт деп
25
аталды. Бұл иелердің әрқайсысы түрлі жануар болып, көбінесе құс, адам, түрлі жәндік
бейнелес болады да ел кезіп жүреді. Адамдарға кейбіреуі дариды, кебіреулері қағып, қазаға
ұшыратады деп түсінілді. Малдың әр түлегінің өз қамқоршысы, тәңірісі, иесі, пірі болады
деген де наным бар. Мысалы, қой пірісі – Шопан ата, түйе пірісі –Ойсыл қара, жылқы пірісі
–Қамбар ата, сиыр пірісі – Зеңгі баба дегендей.
Бұлардың әрқайсысы мал шаруашылығының бір саласына ғана қамқорлық етті.
Қазақтар пірілерге жалынып, жалбарынды. Малдың көбеюін, аман болуын солардан тіледі.
Қазақстанды мекендеген ертедегі тайпалар суды да қадір тұтты. Олардың нанымы
бойынша судың да тәңірі болады, ол су иесі – пері деп аталады.
«Шаман діні ғұрпының ішінен қазақ арасында осы кезге дейін кең өріс алып отырғаны
отқа табынушылық». От адам өмірі үшін аса қажет боды. өйткені от иесі адамға жылу береді.
Осыдан қазақ тайпалары отты керемет күші бар құдірет иесі деп ұқты.
Қазақ даласына ислам дінінің қанат жоюы.
Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы процесі ғылымда әлі күнге дейін тыңғылықты
зерттелген жоқ. Ол ол ма, тіпті оның Қазақстанға қай дәуірде енгені жөнінде ізге келген
белгілі пікір болмай келеді. Қазақ тарихын зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы
М.Ақынжанов өзінің “Ислам діні-езуші таптың құралы”деген мақаласында: “Қазақстан
жеріне дінінің қай кезде келіп, қай уақытта орын тепкенін дәлелдейтін мәлімет жоқ”,- деп
жазды.
Професор Е.Бекмаханов Қазақстанның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында
ислам діні ІХ ғасырдың аяқ кезінде тарай бастады десе, ислам дінінің зерттеуші
ғалымдардың бірі Х.Ақназаров өзінің “Ислам діні және оның реакциялық мәні” деген
еңбегінде былай деп жазды: «ІХ - Х ғасырларда мұсылман діні Қазақстанның тек оңтүстік
аудандарын ғана, егіншілік аудандардың билушілері ғана қамтыды. Онда ол бұл дінді
байлар, үстем топтар қабылдады, ал еңбекші бұқара көп уақытқа дейін бұрынғы діндерінде
қалып келді”,-деген пікір айтады. Қазақстан тарихын зерттеуге ат алысып жүрген ғалымдар
И.Е.Агеев пен В.Ф.Шахматов ислам қазақ жеріне түргештік Қарлұқ қағанаттары үстемдік
жасап тұрған кезде тарады деген тұжырым жасады. Олар былай деп жазды: «Қарлұқ
қағанатында феодалдық қатынастардың дамуына байланысты Орта Азия мен Қазақстан
жерлеріне арабтардың алып келген феодалдық діні- ислам тарай бастады”.
Сөйтіп бұл авторлар ислам дінінің Қазақстан жеріне VIII ғасырда келгенін мойындады.
Ендігі жерде ислам дінінің қазақ еліне таралу тарихына тоқталып өтелік.
Қазақ ойлау әдісінің метафоралығы.
Әдебиетімізде өзіндік жанрлық белгі - сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып
дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бергі
фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан
кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі істептес ел тұмысының сан алуан қырларын
қамтып белгілеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған.
Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат - белгілерін бұлардың өмір
шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан
авторларының нақтылығын, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын
танытатын стильдік ерекшеліктерінен көреміз.
Солай дегенмен ақындық поэзияның жыраулық туындылардан бөлініп, дараланатын
өзіндік белгілеріде аз емес. Мұнда жыраулық поэзияда сирек ұшырасатын адамның ішкі
сезім-күйі мен ой-толғанысына айрықша мән берілетіні мәлім.
Қазақ ауыз әуыз әдебиетінің бір бөлігі жыраулар поэзиясы. Ықылым замандардан
табиғат пен талантын қатар ұштастырған ақын-жыраулар өз туындыларына деген күш
қайратты, сөз байлығының дамуын, теңеулерін тек табиғаттан ғана тапқан сияқты.
Мәселен, ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шалкиіз (1465-1560
ж.ж.). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Жырау
шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы.
26
Шалкиіз – жырау, жырау болғанда өлеңмен не қарасөзбен сөйлеу бір қисап, аузын ашса
болды көмекейінен көмбірлеген жыр төгіле берген жыраудың классикалық үлгісі. Дала
перзенті Шалкиіз ең алдымен импровизатор. Жырау шығармаларындағы, оның
философиялық толғауларындағы көптеген сәттер мен қайталанбас образдар бұл
туындылардың ұзақ ойланудың, тынымсыз еңбек нәтижесі екендігіне куә.
Сөзіміздің айғағы ретінде мына өлең жолдарына тоқтала кетейік:
Жел, жел есер, жел есер,
Жел астына қарасам,
Қоға менен тал өсер.
Ораздының ұлы өсер,
Жиырлының қызы өсер,
Кенелейін деген жігіттің
Жылқы ішіндегі екі арғымағы тел өсер,
Сүйінейін деген жігіттің
Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тең өсер! –
деп табиғаттағы ең дүлей күшті сөз ете келе жігіт, ағайын туралы айтып ой түйеді.Тағы
бірде:
Жапалақ ұшпас жасыл тау,
Жақсылардың өзі өлседе сөзі сау.
Ойлап тұсам жаманның
Жалаңдаған өз басына тілі жау.
Дүбір-дүбір шу көрген
Түкішек түлкің жетер басың-ай,
Түлкідей құйрық тастаған
Жаман пиғылың жетер басың-ай –
дей келе жақсы мен жаманды табиғаттағы аңдармен теңеп, оларды бөліп ажыратады.
Далалық пәктік пен далалық сұлулықты бойына сіңірген дала жыршысы адамды табиғатпен
теңей білген.
Борташұлы Жиембет (ХҮІ ғасырдың соңғы ширегі, ХҮІІ ғасырдың алғашқы
жартысында өмір сүрген). Жиембет – Есім ханның әскер басы батырларының бірі, әрі
жорықшы жырауы. Сонымен бірге Жиембет – ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және
өз шығармаларындағы кейбір сөздерге қарағанда, заманының ірі феодалы, мемлекет істеріне
үлкен роль атқарып отырған қабырғалы би.
Ел туралы жазған төрт жол сөзіне көңіл бөле кетейік:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайындай,
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай,
Періктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай. –
деп даланың әлді жыртқыш аңдарына, құрықсыз секірген жүйрікке, көлдегі азулы
балыққа, желге көнбес, тас қатқан талдарға елін теңейді. Осы арқылы теңеудің тамырын
тауып, туған халқының мінез-құлқын айнадай аудыртпай көрсетеді.
Жыраулар қатарындағы келесісі Ақтамберді жырау. Бір деректерде 93 жыл өмір сүріпті
делінеді, яғни 1675 – 1768 жылдары дәуір кешкен. Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына
қарағанда, бізге мұрасы толық жетпеген делінеді.
Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының белді өкілдерінің бірі . Жарлылық пен
жалғыздықтың тауқыметін көп көрген дейді. Адамдыққа, адалдыққа, әділеттілікке сүйсініп
өскен. Тұрмыстың қыр-сырын, от-басы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында жақсы
27
көрсетеді. Жырау ақиқатты айтуға тай салмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді
түйдек-түдегімен тастайды. Жоқшылықтың қол байлайтынын түсінген. Өмірдің өткінші
екенін біле тұрсада, бардың берекелі екенін біліп ашудан жүрегі сөйлейді:
Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқынын мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер,
Бұлаңдап жүрген жігіттің
Жомарт қылын жоқ кесер!
Міне, Ақтамберді жыраудың осы ойымен сөзімізді жалғаймыз. Мұнда да, табиғат пен
адамды қос сала отырып үлкен бір мәселені көрсетеді.
Қазақ халқының тағы бір асқарлы жырауларының бірі Бұхар жырауда адамның аты
өлмейтіндігінің жолын тауып, оны табиғатқа теңей отырып суреттейді. Мәселен:
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Енді бірде адамның жасын табиғатқа теңей білген Шал ақын (1748-1819) былай дейді:
Он бестегі жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырмадағы жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыздағы жасым-ай,
Таудан аққан бұлақтай,
Қырықтағы жасым-ай,
Қырымдағыға көз салған,
Байлаулы тұрған құр аттай.
Елудегі жасыңыз
Қайта көшкен ел екен.
Алпыстағы жасыңыз,
Қоңыр салқын күн екен.
Жетпіс жасқа келгенде,
Қараңғы тұман түн екен.
Сексен жасқа келгенде,
Қазулы тұрған көр екен.
Тоқсан тұрған көр екен,
Өлімнен басқа жоқ екен!
Қазақ халқы жақсы мен жаманның ерекшеліктерін жете түсінген. Сондықтан болар,
оларды бөліп отырып өлең-жырларына көп қосқан. Мәселен, Шернияз Жарылғасұлы (1807-
1867) бабамыздың өлеңін жаза кетуге тура келеді:
Асқардан ұшқан су бүркіт
28
Еділдің аңын іле алмас.
Өліп жатқан сұңқардың
Жүніне қарға қона алмас.
Кешегі айтқан көп жаман
Бір жақсыдай бола алмас.
Табиғат қазақтың жүрегіне жақын болғандықтан одан өз сырласын табады, мұңын
айтады. Яғни, оны Біржан Салдың (1834-1897) өлеңінен байқауға болады:
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам, барма менің,
Айрылып сені, сәулем, кетеді деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,
Бейне жаз, менің сүйген сәуле тайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын!
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
«Көкек» деп бос жүргенше секең қағып.
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел, ұшып барып.
Ал Ақан Сері (1843-1913) болса қазақтың көңілін өлеңі арқылы табиғаттан іздейді:
Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,
Толқыған он төртінде Айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,
Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.
Қош иісі жарқыратып көңіл ашқан,
Аққұйрық памилный шайда жатыр.
Гүл шашақ, жұпар иісті жайлауында,
Көңілім ел қонбаған сайда жатыр.
Қиядан торға түскен ақсұңқардай,
Көңілім қапаланған жарда жатыр.
Білетін асыл жайын жан болмаса,
Жаманды не қылайын жолда жатыр -деген сияқты ақын-жыраулар қашанда табиғатпен
тілдескен және оның сыр мұңына үңіле қарап ішінен адамның туған қасиеттерін іздеген.
Міне, осылай қазақ халқы табиғатпен үйлесімдігін тапқан.
Алғашқы мифологиялық көзқарастар арқылы қазақ халқының дүниетанымы
қалыптасқан кездегісі тұрмыс-салтымен тызыз байланысты еді. Көшпелі халық өзінің рухани
дүниесін кең байтақ даласына теңейді. Көшіп – қонып жүріп мал шаруашылығымен
айналысқандықтан табиғатқа жақын болғандығы үлкен бір жасырар құпия емес.
«Ашу- дұшпан болғанда, нәпсі жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың» -деп, ақылын тауға теңей келіп өмірдің мәнін
табиғаттан іздейді.
Табиғатқа бір табан жақын болғаны бұл халықтың санасын, дүниетанымын жасады.
Табиғатқа сүйсінумен қатар, одан қорқып сыйынды, оны пір тұтты.
Жаратушысын Көк аспан деді. Жер-Суға табынды, олардың құдіретті күштеріне
бағынды. Ұмайдың билігіне көнді. Осылардың бәрі көнеден қалған діни наным-
29
сенімдер еді. Өйткені, көшпелі өмір сүргендіктен осы бір күштерге еріксіздіктен
бағынуға мәжбүр болды. Өзін қоршаған табиғатқа толық тәуелді болды.
Аңшылық кәсібі халықтың ауыз әдебиетінен тиісті көрінісін тапты. Бейне бір
тіршілік иесіне, тіпті, тірі адамның өзіне ұқсатып бейнеледі. Қоршаған табиғат туралы
ұғымын сана мен тілдің қалыптасуымен бірге өрбіп отырды. Әлемдегі ең бір талас-
тартыс мол сауалдардың бір шоғыры осындай ойлаудың және сол ойлаудың бірден
бір айғақ көрінісі болып есептелетін мифтердің қатынасы.
Қазақ халқының ежелгі тарихы табиғат үйлесімдігімен басталады. Ата-
бабаларымыз өткен дәуірімен ой-санасының айғағы боларлық мифтер мен мифтік
аңыздары ауызша сөз мұрасынан елеулі орын алады. Олар қазақ ән –күйлері, өлең-
жырлар, аңыз-әңгімелер тағы басқа, бұл туындылар сан ғасырлық рухани азық
болуымен бірге дала тіршілігінің талап-талғамына лайық өңделіп, өзгеріп, халқтың
үлкен бір мәдениетін жасай келіп, санасына қалыптаса берді. Қазақ «дала» немесе
«дүние» деген ұғымдарының арасында, осы екі ұғымның тәрбиесі әсерінен қазақ
санасына өмірді түсіну тәжірибиесі сіңіп кеткен. Яғни, осы ұғымдар көшпелі халықта
табиғатпен үйлестіре отырып діни наным-сенімдерін жасайды.
Осындай қазақ халқының өз рухани тарихы бар. Сан ғасырлық руханияттары
қазақ халқын жасады. Рухани дүниесі арқылы табиғатпен үйлесе білді. Әр халықтың
өзінің әртүрлі ырымдары мен тыйымдары бар. Ерте заманда табиғат сырларын
білмеген соң оларға әртүрлі себептер іздеп, кейде діни ұғымдарға тірелген. Бұлардың
бәрі шын мәнінде жақсылыққа жақындау нышаны еді.
Табиғатты адамға теңеп өлең-жыр жазды. Адамды табиғаттан дәл тапты. Мінезін
суреттей келе жақсы мен жаманды айыра білді. Сол арқылы табиғатпен үйлесімдікте
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |