«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет23/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
����������� � �� �������

Экзистенциализм - ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен 

обьектінің  тікелей  бөлінбес  тұтастығы  ретінде  түсіндіруге  тырысқан  қазіргі  заманғы 

философиядағы  иррационалистік  бағыт.  Экзистенциализм  екі  түрлі  бағытқа  бөлінеді,  олар: 

діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: 

К.Ясперс  (1883-1969),  Г.Марсель  (1889-1973)  жатады.  Ал  атеистік  экзистенциалистерге: 

М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.  

Экзистенция  латын  тілінен  аударғанда  «өмір  сүру»,  «тіршілік»  дегенді  білдіреді. 

Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі 

ретінде  түсіндіріледі,  субьектінің  сыртқа  бағыттылығын,  бөгде  адында  ашықтықты,  осы 

бөгделікке  деген  қозғалысты  білдіреді.  Діни  экзистенциализмде  осы  бөгде  –  құдай  деп 

түсіндіріледі  де  тұлға  өз  еркіндігінде  осы  құдайға  қозғалып  бағыттанады  екен.  Атеистік 

экзистенциализмде  осы  бөгде  –  ештеңе  еместік  деп  түсіндіріледі,  бұл  дегеніміз  адам  өз 

еркіндігін  жүзеге  асыра  отырып,  өз  өзін  тудырады.  Адамның  алдында  таңдау  тұрады,  оны 

жүзеге  асыра  отырып  адам  еркіндікті  жасайды.  Ол  өз таңдауына  жауапкершілікпен  қарауы 

керек,  ең  алдымен  өз  өзінің  алдында  және  әрдайым  осы  жауапкершіліктің  ауырпашылғын 

алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен 

әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол 

әрдайым  болашақ  пен  өлімнің  алдына  бетпе-бет  келіп  тұрады,  өзінің  әрекеттеріне 




43 

 

жауапкершілік 



танытатын 

жағдайда 

жүреді. 

Экзистенция 

қорқыныш 

ретінде, 

экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда 

Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады.  Менің 

өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға 

тәуелділігім,  менің  сөзсіз  күнәлілігім  –  бұлардың  барлығы  да  «шекаралық  жағдайлар» 

(Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. 

Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет