Дін байланыстың қайта қалпына келуі және қайта өндірілуі ретінде
Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің
аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы
шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін.
Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші.
Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және
материалды емес болады.
Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық,
ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды,
материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия
(күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс
бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен
қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын
керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады.
Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне
үнемі ұмтылу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |